Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.09.2022 № 23/10-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабы 4) тармақшасына сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шемонаиха ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.09.2022 № 23/10-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Шемонаиха аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 10/6-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4869 болып тіркелген);
2) "Шемонаиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 10/6-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 48/8-VI (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6474 болып тіркелген).
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының хатшысы | М. Желдыбаев |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 14/8-VII шешіміне қосымша |
Шемонаиха ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 27.09.2022 № 23/10-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы Шемонаиха ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 28.07.2023 № 5/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі – оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде ай сайын "Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.
3. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4. Шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 28.07.2023 № 5/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар балалардың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
6. Оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес ұсынылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 28.07.2023 № 5/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері әр мүгедектігі бар балаға алты айлық есептік көрсеткішке тең.
8. Оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудан бас тарту үшін негіздер шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында қарастырылған.