Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы № 23-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 7 наурызда № 5563 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  2019 жылғы 6 наурыздағы
№ 23-6
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының шешіміне
қосымша

      1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 "2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4984 тіркелген, 2017 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 16 наурыздағы №16-3 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 "2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5096 тіркелген, 2018 жылы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы №18-1 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 "2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5278 тіркелген, 2018 жылы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №19-1 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 "2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5347 тіркелген, 2018 жылы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы №21-1 "Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-2 "2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5427 тіркелген, 2018 жылы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады