Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ә.Т.Әбенова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Т. Қонысбаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
"КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
_______________ М. Құлшар
19 шілде 2019 жыл
2019 жылғы 02 тамыздағы № 190 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
1. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тізбесі.
1. Басқарушы персонал:
денсаулық сақтау ұйымдары мемлекеттік мекемесінің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысы, басшының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа);
клиникалық (күндізгі стационардың, емхананың) және параклиникалық бөлімшелердің меңгерушілері;
бөлімнің (медициналық статистика, ұйымдастырушылық-әдістемелік және статистикалық) басшылары; клиникалық (функционалдық диагностика, физиотерапия және емдік дене шынықтыру) және параклиникалық бөлімшелердің (зертханалардың) меңгерушілері;
дәріхананың (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі.
2. Негізгі персонал:
мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, мейіргер, провизор (фармацевт), зертхана маманы, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), психолог маманы, фельдшер, акушер, зертханашы (медициналық), тiс дәрігері (дантист), тic технигі (тіс протездеу бөлімшесінің, кабинетінің зертханашысы), рентген зертханашысы, фармацевт, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, диеталық мейіргер, медициналық тіркеуші, нұсқаушы-дезинфектор, логопед, әлеуметтік қызметкер.
3. Әкімшілік персонал:
арнаулы медициналық жабдықтау қоймасының басшылары (меңгерушілері).
4. Қосалқы персонал:
мейіргер.
2. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі.
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.01.2024 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.07.2023 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).
5. Басқарушы персонал:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор), басшының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелері бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), аудандардың маңызы бар Мансап орталығының басшысы, аудандық маңызы бар Мансап орталығының бөлім басшысы;
медициналық бөлімшенің меңгерушiсi, үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі.
6. Негізгі персонал:
мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, диеталық мейіргер, фельдшер, провизор (фармацевт), мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант, ассистент), күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), зертханашы, әдіскер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, жүзу жөніндегі нұсқаушы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы (маман), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, психолог, логопед, дефектолог, тәрбиеші, Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы.
7. Әкімшілік персонал:
дәріхананың меңгерушісі, кітапханашы.
8. Қосалқы персонал:
мейіргердің көмекшісі
3. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі.
9. Басқарушы персонал:
басшы, мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын білім беру ұйымы басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа);
шағын жинақталған мектептің, мектепке дейінгі ұйымның, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің, әдістемелік кабинет (орталық), бөлім (кадр бөлімінің басшысынан басқасы), медициналық пункт, оқу-кеңес пункті, сектор басшысы (меңгерушісі).
10. Негізгі персонал:
мамандар: мектепке дейінгі ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру мекемелерінің, арнайы (түзету) және мамандандырылған білім беру мекемелерінің барлық мамандық мұғалімдері, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім ұйымдарының оқытушысы, мұғалім- дефектолог, дефектолог, сурдопедагог, олигофренопедагог, тифлопедагог, мұғалім-логопед, логопед, бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы оқытушы, педагог-психолог, психолог, әлеуметтік педагог, әдіскер, тәрбиеші, музыка жетекшісі, ұйымдастырушы педагог, қосымша білім беру педагогы, дене шынықтыру (емдеу) нұсқаушы, жүзу бойынша нұсқаушы, тәлімгер, шебер, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білім беру мекемелерінің өндірістік оқыту шебері, еңбек нұсқаушысы, көлік жүргізу нұсқаушысы, оқытушы-жаттықтырушы, туризм жөніндегі нұсқаушы, барлық мамандық дәрігерлері, медициналық мейіргер, емдәмбике, зертханашы.
11. Әкімшілік персонал:
лагерь, интернат, шеберхана, оқу-өндірістік шеберхана, кітапхана, жөндеу-техникалық шеберхана, музей басшысы (меңгерушісі), көркемдік жетекші, кітапханашы, суретші, балетмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатор, хореограф, концертмейстер.
4. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі.
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20. 10.2023 № 250 (оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
12. Басқарушы персонал:
мәдениет ұйымдары мемлекеттік мекеменің және мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшысының орынбасары, (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), аудандық мемлекеттік архив директоры мен филиал директоры;
көркемдік жетекші, бас қор сақтаушы, ғылыми хатшы;
бөлім, сектор, кітапхана басшысы (меңгерушісі).
13. Негізгі персонал:
мамандар: қор сақтаушы, ғылыми қызметкер, музейлер қорын есепке алу архивисті, тарихшы (негізгі қызметтер), экскурсовод, өнертанушы, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, хореграф, сүйемелдеуші, дыбыс режиссері, әкімші (негізгі қызметтер), мәдени ұйымдастырушы, барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), концертмейстер, музыкалық жетекші, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер), кітапханашы, библиограф, редактор, архивист.
14. Әкімшілік персонал:
киномеханик, аранжировщик, барлық атаудағы техниктер.
5. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін спорт мамандары лауазымдарының тізбесі.
15. Басқарушы персонал:
мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы, басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа).
16. Негізгі персонал:
мамандар: нұсқаушы-спортшы, әдіскер, жаттықтырушы, дәрігер, медициналық бике/аға.
6. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін ветеринария саласы мамандары лауазымдарының тізбесі.
17. Негізгі персонал:
мамандар: ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер.
7. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы мамандары лауазымдарының тізбесі.
18. Басқарушы персонал:
мемлекеттік мекеме басшысы, басшысының орынбасары (басшының экономикалық мәселелер бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа).
19. Негізгі персонал:
мамандар: орман шаруашылығы мен ерекше қорғалатын табиғи аумақ негізгі қызметтердің барлық мамандықтарының инженерлері (орман шаруашылығы инженері, орман өсіру және молайту жөніндегі инженер, орман қорғау және күзету инженері, инженер-орманпатолог), аңшылық танушы (аңшылық маманы), орманшы, орманшы көмекшісі, орман шебері, орман күзетшісі, қорықшы, орман өрт сөндіру станциясының басшысы.