Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2019 жылғы 2 тамыздағы № 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 11 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 25 қаңтарда № 7324-07 болып тіркелді

      Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" 2019 жылғы 2 тамыздағы № 190 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасындағы:

      2. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі:

      "5. Басқарушы персонал:

      мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысы (директор), басшының (директор) орынбасары (басшының экономикалық мәселелері бойынша (бас экономист), әкімшілік шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары, бас бухгалтері және бас бухгалтерінің орынбасарларынан басқа), аудандардың маңызы бар Мансап орталығының басшысы, аудандық маңызы бар Мансап орталығының бөлім басшысы;

      медициналық бөлімшенің меңгерушiсi, үйде қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі.

      6. Негізгі персонал:

      мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен дәрігерлер, диеталық мейіргер, фельдшер, провизор (фармацевт), мейіргер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант, ассистент), күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы), зертханашы, әдіскер, райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, жүзу жөніндегі нұсқаушы, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы (маман), еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, психолог, логопед, дефектолог, тәрбиеші, Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы.

      7. Әкімшілік персонал:

      дәріхананың меңгерушісі, кітапханашы.

      8. Қосалқы персонал:

      мейіргердің көмекшісі."

      2. "Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады