Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 78 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 30 сәуірде № 5643 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 91 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 29.04.2020 № 91 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

      2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 31 мамырдағы №162 "Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4819 тіркелген, 2017 жылы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Умитов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шиниязовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 29 сәуірдегі
№ 78 қаулысына
қосымша

Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

164

3

5

2

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Қаршы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

83

2

2

3

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Тайпақ мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

50

2

1

4

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Ж.Молдағалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2

1

5

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Талап мектеп-бөбекжай" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

85

2

2

6

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының білім бөлімінің "Сарытоғай орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

63

2

1

7

"Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

55

2

1


Барлығы

568


13


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады