Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі әкімінің 04.09.2019 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының 2019 жылғы 27 ақпандағы №1-15/171 ұсынысы негізінде, Сарытоғай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық округі Жанама ауылы аймағында (О.Галимов көшесінің №20-36, №27-35 үй аралығы, Республика көшесінің №1-10 үй аралығы, Әбу Сембаев көшесінің №1-9 үй аралығы, С.Сейфуллин көшесінің №1-15 үй аралығы және Абай көшесінің №1-6 үй аралығы) ұсақ мүйізді қара мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Сарытоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С.Гайсин) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.