Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы №2 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 15 сәуірде № 5626 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Бөкей ордасы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы №2 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5515 тіркелген, 2019 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады