Жаңақала ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 10 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 5 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 сәуірде № 5640 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Жаңақала ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №10 "Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5481 тіркелген, 2019 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      2. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Карменов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары А.Мұқамбетжановқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады