Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 10 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 желтоқсанда № 5481 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімінің 23.04.2019 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына, 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала ауданында өндірістік апат салдарынан орталық жылыту қазандығы жүйелерінің істен шығуына байланысты техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары А. Мұқамбетжанов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Қарағойшин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады