Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Факел ауылындағы кейбір көше атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 5 ақпандағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 5531 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Факел ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Макаров ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бәйтерек ауданы Макаров ауылдық округі Факел ауылындағы кейбір көше атаулары:

      "Зеленая" көшесін – "Тәуелсіздік" көшесі;

      "Пролетарская" көшесін – "Достық" көшесі;

      "Песочная" көшесін – "Жеңіс" көшесі;

      "Комсомольская" көшесін – "Абай" көшесі;

      "Чапаев" көшесін – "Мәншүк Мәметова" көшесі деп қайта аталсын.

      2. Макаров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Е.Абилкакимов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады