Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-5 "Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 43-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қаңтарда № 5932 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 47-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық мәслихатының 30.04.2020 № 47-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" және 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Казталов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Казталов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы №20-5 "Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3411 тіркелген, 2014 жылғы 24 қаңтардағы "Ауыл айнасы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Казталов ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасында:

      2-тармақтың 8-1) тармақшасы мынадай редақцияда жазылсын:

      "8-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      9-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редақцияда жазылсын:

      "7) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда әскери қызметін мінсіз атқарғаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған, сонымен қатар 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға санаторлық-курорттық ем алуы үшін, табысын есепке алмай 39 АЕК мөлшерінде;";

      14-тармақта:

      2) тармақша алынып тасталсын;

      3-қосымшасында:

      реттік нөмірі 4-жолдағы:

      5) тармақшадағы "15 000" деген сандар "30 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      7) тармақшадағы "15 000" деген сандар "30 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 5-жолдағы "10 000" деген сандар "30 000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Казталов аудандық мәслихаты аппаратының басшысы (Н.Қажғалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту: аббревиатуралардың шешуі:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш;

      КСР Одағы – Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.

      Сессия төрағасы Ж. Хайруллин
      Мәслихат хатшысы С. Мулдашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады