Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 196 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 шілдеде № 5745 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сырым аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Сырым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 271 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 3633 тіркелген, 2014 жылғы 2 қазанда "Сырым елі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Сарсенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Сарсеновке жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      КЕЛІСІЛДІ:
Сырым аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_______________О.Уашев
"3" шілде 2019 жыл

  Сырым ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 3 шілдедегі
№ 196 қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарының орналастыру орындары

1

Алғабас ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының солтүстік жақ қанаты

2

Жаңа-Өңір ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының шығыс жақ қанаты

3

Сасықкөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының солтүстік жақ қанаты

4

Аралтөбе ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының оң жақ қанаты

5

Қызылағаш ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының оң жақ қанаты

6

Бұлан ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алды

7

Жамбыл ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимаратының алды

8

Бұлдырты ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының сол жақ қанаты, "Казпочта" акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалының Сырым аудандық пошта байланыс торабы ғимаратының сол жақ қанаты

9

Көгеріс ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының алды

10

Қарақұдық ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының алды

11

Жымпиты ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды, С. Датұлы және Б. Қаратаев көшелерінің қиылысының қарсы беті; Амангелді және Әйтеке би көшелерінің қиылысының қарсы беті

12

Өлеңті ауылы

"Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік орталық ғимаратының оң жақ қанаты

13

Саралжын ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының оң жақ қанаты

14

Қосарал ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимаратының оң жақ қанаты

15

Жетікөл ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жетікөл бастауыш мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының сол жақ қанаты

16

Қособа ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимаратының оң жақ қанаты

17

Жырақұдық ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Жырақұдық орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының көше жақ беті

18

Қоңыр ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы"мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимаратының сол жақ қанаты

19

Тамды ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық клуб ғимаратының оң жақ қанаты

20

Талдыбұлақ ауылы

"Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

21

Қазақстан ауылы

"Сырым аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Қазақстан негізгі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратының алды

22

Тасқұдық ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі ғимараты мен "Елтай ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының аралығындағы алаң

23

Тоғанас ауылы

"Шолақаңқаты ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жақ қанаты

24

Аңқаты ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының алды

25

Қарағанды ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының алды

26

Құспанкөл ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының алды

27

Шағырлой ауылы

"Сарой ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жақ қанаты

28

Көздіғара ауылы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медициналық пункт ғимаратының оң жақ қанаты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады