Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі Аралтөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 6 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 25 қазанда № 5845 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі "Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің "Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық –санитарлық инспекторының 2019 жылғы 9 қыркүйектегі №1-19/649 ұсынысы негізінде ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі Аралтөбе ауылы аумағында мүйізді ірі-қара мал арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы №2 "Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі Аралтөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5544 тіркелген, 2019 жылы 28 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Р.Байров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім А. Мухитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады