Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі Аралтөбе ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 22 ақпанда № 5544 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 25 қазандағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі әкімінің 25.10.2019 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бас инспекторының 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 01-19/84 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, Аралтөбе ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Аралтөбе ауылдық округі Аралтөбе ауылы аумағында мүйізді ірі-қара мал арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Аралтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Р.Байров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады