Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" Заңдарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 сәуірдегі №98 "2018 жылғы егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5186 тіркелген, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Қ.Нурекешев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Баяндыковке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2019 жылдың 25 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Тасқала ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 30 мамырдағы №128 каулысына қосымша |
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрлері бойынша табиғи-климаттық аймақтар бөлігіндегі аудан аумағында 2019 жылғы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері
№ | Дақылдардың түрлері | Оңтайлы егу мерзімдері | |
басталуы | аяқталуы | ||
Құрғақ далалық аймақ | |||
1 | Жаздық бидай | 5 мамыр | 15 мамыр |
2 | Арпа | 25 сәуір | 5 мамыр |
3 | Тары | 10 мамыр | 20 мамыр |
4 | Күнбағыс | 5 мамыр | 15 мамыр |
5 | Күздік бидай | 15 тамыз | 10 қыркүйек |