Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мереке ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 мамырдағы № 3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 16 мамырда № 5667 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мереке ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мереке ауылдық округі әкімінің 30.12.2020 № 7 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2019 жылғы 19 сәуірдегі №258 ұсынысы негізінде, Мереке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданы Мереке ауылдық округінің Мереке ауылы аймағында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Мереке ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (С.Муханбеталиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады