Тасқала ауданы Мереке ауылдық округінің Мереке ауылы аймағындағы шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы Мереке ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 7 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 6752 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Тасқала аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №377 ұсынысы негізінде, Мереке ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тасқала ауданы Мереке ауылдық округінің Мереке ауылы аймағында мүйізді ірі қара мал арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Тасқала ауданы Мереке ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 15 мамырдағы №3 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5667 тіркелген, 2019 жылы 22 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Мереке ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Н.Бахашев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі С. Муханбеталиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады