Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 199 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 27 қарашада № 5867 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 189 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 09.12.2020 № 189 қаулысымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.

      2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 116 "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5214 тіркелген, 2018 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.М.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Бейсенге жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Е. Турмагамбетов

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2019 жылғы 20 қарашадағы № 199
қаулысымен бекітілді

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін
аймаққа бөлу коэффициенті

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймақ коэффициенті

Шыңғырлау ауданы

Шыңғырлау ауылдық округі

1.

Шыңғырлау ауылы

2,1

2.

Ақсоғым ауылы

1,65

3.

Жаңакүш ауылы

1,8

4.

Қызылкөл ауылы

1,7

5.

Ұрысай ауылы

1,8

6.

Шоқтыбай ауылы

1,75

Ақбұлақ ауылдық округі

7.

Ақбұлақ ауылы

1,9

8.

Қотантал ауылы

1,3

Алмаз ауылдық округі

9.

Алмаз ауылы

1,55

10.

Аққұдық ауылы

1,0

11.

Сегізсай ауылы

1,1

Ащысай ауылдық округі

12.

Ащысай ауылы

2,1

13.

Амангелді ауылы

1,8

14.

Жіңішке ауылы

1,4

15.

Мырзағара ауылы

1,45

16.

Талдысай ауылы

1,4

Ақтау ауылдық округі

17.

Ақтау ауылы

1,9

18.

Торыатбас ауылы

0,9

Қарағаш ауылдық округі

19.

Қарағаш ауылы

2,15

20.

Ақсуат ауылы

1,0

21.

Қайыңды ауылы

1,3

22.

Қарғалы ауылы

0,9

Ақшат ауылдық округі

23.

Ақшат ауылы

1,9

24.

Сұлукөл ауылы

0,9

Ардақ ауылдық округі

25.

Ардақ ауылы

2,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады