Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы № 189 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 желтоқсанда № 6518 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексін және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.

      2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 199 "Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5867 тіркелген, 2018 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының басшысы (Т.М.Сағынгереев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Е.Абдрашитовқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Муханбетжанова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облысы
бойынша мемлекеттік кірістер
департаментінің Шыңғырлау ауданы
бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы
_________________ Ж.Абдушев
13 қараша 2020 жыл

  Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 189 қаулысымен бекітілген

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері

Елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жері

Аймаққа бөлу коэффициенттері

Шыңғырлау ауданы

Шыңғырлау ауылдық округі

1.

Шыңғырлау ауылы

2,1

2.

Ақсоғым ауылы

1,65

3.

Жаңакүш ауылы

1,8

4.

Қызылкөл ауылы

1,7

5.

Ұрысай ауылы

1,8

6.

Шоқтыбай ауылы

1,75

Ақбұлақ ауылдық округі

7.

Ақбұлақ ауылы

1,9

8.

Қотантал ауылы

1,3

Алмаз ауылдық округі

9.

Алмаз ауылы

1,6

10.

Аққұдық ауылы

1,0

11.

Сегізсай ауылы

1,1

Ащысай ауылдық округі

12.

Ащысай ауылы

2,1

13.

Амангелді ауылы

1,8

14.

Жіңішке ауылы

1,4

15.

Мырзағара ауылы

1,45

16.

Талдысай ауылы

1,4

Ақтау ауылдық округі

17.

Ақтау ауылы

1,9

18.

Торыатбас ауылы

0,9

Қарағаш ауылдық округі

19.

Қарағаш ауылы

2,15

20.

Ақсуат ауылы

1,0

21.

Қайыңды ауылы

1,3

22.

Қарғалы ауылы

0,9

Ақшат ауылдық округі

23.

Ақшат ауылы

1,9

24.

Сұлукөл ауылы

0,9

Ардақ ауылдық округі

25.

Ардақ ауылы

2,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады