Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округі әкімінің 29.11.2019 № 15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасандағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2019 жылғы 26 қыркүйектегі №01-18/517 ұсынысы негізінде, Ақшат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Ақшат ауылдық округінің Юбилейная жайлауы аумағында мүйізді ірі қара мал арасында қарасан ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.
2. Шыңғырлау ауданының Ақшат ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ю.Б.Бокаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Әкім | М. Сатыбалдиев |