"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № ҚР ДСМ-2/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 қаңтарда № 19860 болып тіркелді

      "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1) тармақшасына, 17-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 тамызда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидасы мен мерзімінде:

      мынадай мазмұндағы 46, 47, 48 және 49-тармақтармен толықтырылсын:

      "46. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен алынған деректердің негізінде Мемлекеттік корпорация зейнетақы және жәрдемақы төлемдері бойынша қажеттілікті есептеу күніндегі жағдай бойынша олардың нақты саны негізінде "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған адамдар (бұдан әрі – жарналар төлеуден босатылған адамдар) санына қажеттілікті ай сайын екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады.

      47. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы өтінімді (бұдан әрі - өтінім) Мемлекеттік корпорация уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Уәкілетті орган өтінімнің негізінде есепті кезеңге арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарында көзделген сомалар шегінде ақша қаражатын жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары бөлінісінде төлем тапсырмаларымен қордың шотына аударуды жүзеге асырады.

      Уәкілетті орган ақша қаражатын аударғаннан кейін жарналар төлеуден босатылған адамдардың санаттары мен көлемін көрсете отырып, ақпаратты қорға жібереді.

      48. Жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналарына есепті кезеңге арналған қаржыландыру жоспары бойынша бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда нақты қажеттілікке сәйкес ақша қаражатының жетіспейтін сомасын аударуды уәкілетті орган төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырады.

      49. Қор ай сайын Мемлекеттік корпорацияға уәкілетті органнан жарналар төлеуден босатылған адамдар санаттары бөлінісінде мемлекеттің жарналарын алу туралы хабарламаны ақпараттық жүйе арқылы жібереді.".

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2019 жылғы 9 қаңтардағы
№ ҚР ДСМ-2/2020 бұйрығына
қосымша
  Міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыруға
аударымдарды және (немесе)
жарналарды есептеу (ұстап
қалу) және аудару қағидалары
мен мерзімдері
4 - қосымша

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған адамдар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде бюджет қаражатына қажеттілік туралы 20_____ жылғы _________ (ай) _________ күні _______ сағ._______ мин жағдай бойынша өтінім

      20__ж. есепті кезең

      Индекс: қажеттілік

      Жиілігі: ай сайын

      Ұсынатын тұлғалар ортасы: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      Ұсыну мерзімі: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен деректерді алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде

  тыс. тенге

Мекеме 226

Бағдарлама 066

Кіші бағдарлама 102

Ерекшелік 339

Төлем түрі

Саны, адам

Қорға төлеуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарнасының мөлшері, %

Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақы, теңге

Сомасы, теңге

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары түріндегі әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер









Оның ішінде:









балалар









Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар









Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер









осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген адамдарды қоспағанда, үш жасқа толғанға дейін баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі)









жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар









мүгедек балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар









бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адам









зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері









қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар









тергеу изоляторларындағы адамдар









Жұмыс істемейтін оралмандар









Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар









мүгедектер









орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар









мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер









Жиыны





      Атауы: ___________________________ Мекенжай ___________________________

      тел. _____________________________________________________________________

      Электрондық пошта мекенжайы ______________________________________________

      Орындаушының тегі мен телефоны _____________________ ______________________

      Басшы _______________________________________________ (Т.А.Ә.)

                                    Қолы

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады