ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
БҰЙЫРАМЫН:
"Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11301 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген, телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне:
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер |
1) телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру сызбасы; |
1) Еркін нысанда құрылған сызба |
"; |
қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі |
Д. Абаев |
Нысан
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны:
1. Қызметкерлер саны:
инженерлік-техникалық мамандар _______________________________;
мамандық бойынша жұмыс өтілі _________________________________;
1 жылға дейін ________________________________________________;
1 жылдан астам _______________________________________________
2. Қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер:
трансляцияның техникалық сапасы: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: иә/жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: эфирлік/ кабельдік/ спутниктік/ телекоммуникациялар желісі бойынша;
2) хабарламамен қамту аумағы _________________________________;
3) желі типі _________________________________________________;
стандарт атауы _______________________________________________;
стандарт нөмірі ______________________________________________;
4) таратылатын теле-, радио арналарының тізімі;
даму кезеңдері бойынша тізбе _________________________________;
қысқаша сипаттама ________________;
5) шартты қолжетімділік жүйесі пайдаланған жағдайда _________;
6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары
_____________________________________________________;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны;
көлемі ___________________________________________________ МГц;
қосылушылар саны _____________________________________________;
8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс
желілерімен өзара іс-қимылы:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарттың жасалған күні ________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
жеке меншік техникалық құралдар бойынша ______________________;
өзге желілердің жалға алынған арналары бойынша _______________;
шарттың нөмірі ______________________;
шарттың жасалған күні _______________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) _________;
10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:
шарттың нөмірі _________________;
шарттың жасалған күні __________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)_________;
11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы ______________;
12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;
студияның орналасқан орны ____________________________________;
пайдаланылатын желінің типі __________________________________;
13) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):
атауы ________________________________________________________;
тиесілігі ____________________________________________________;
орналасқан орны ______________________________________________;
қызмет көрсету аумағы ________________________________________;
жиіліктің орналасқан белдеуі _________________________________;
арнаның жылдамдығы ___________________________________________;
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы _________________
4. Кері трансляциялауға алдын ала жасалған шарттардың болуы:
шарттың нөмірі _______________________________________________;
жасалған күні ________________________________________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы) __________
5. Үй -жайлар мен алаңдардың болуы:
жеке меншік алаңдар __________________________________________;
алаңдар саны _________________________________________________;
жалға алынған орындар ________________________________________;
орындар саны _________________________________________________;
шарттың нөмірі _______________________________________________;
шарттың жасалған күні ________________________________________;
шарт кіммен жасалды ___________________________________________;