Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 18 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қаңтарда № 19912 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 16.02.2022 № 60 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. М. Әукеновке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Б. Нурымбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық дамыту, инновациялар

      мен қорғаныс аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы 22 қаңтардағы
№ 18 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) өнім берушілерді әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу және әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бір бөлігі болып табылады және мүгедектерге санаториялық-курорттық емделуді, протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды, арнайы жүріп- тұру құралдарын (бұдан әрі - тауар), сондай-ақ жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін (бұдан әрі-қызметтер) сатып алу мүмкіндігін беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйені білдіреді;

      2) тауарларды жеткізушілер және (немесе) қызметтерді берушілер - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ қызметтерді және (немесе) тауарларды жеткізетін заңды тұлғалар мен олардың филиалдары.

2-тарау. Өнім берушілерді порталда тіркеу тәртібі

      3. Өнім берушіні әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуді заңды тұлғалар бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жеке тұлғалар жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бойынша Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы берген электрондық цифрлық қолтаңбаны (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырумен жүргізеді.

      4. Өнім беруші тіркеуді еркін негізде Порталда электрондық түрде http://aleumet.egov.kz сілтеме бойынша жүргізеді.

      Өнім беруші ЭЦҚ авторизациялағаннан кейін бастапқы бетте шартқа қол қояды және "Өнім берушінің кабинеті" модуліне өтеді.

      Өнім беруші ЭЦҚ-ға қол қойған кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен "электрондық үкімет" шлюзі арқылы "Өнім берушінің кабинеті" модуліне ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай деректер келіп түседі:

      1) заңды тұлғалар мен олардың филиалдары үшін:

      ұйымның толық атауы;

      ұйым басшысының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      тауардың сақтауына және/немесе сатуына арналған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мен жалдау құқығын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер;

      құрылтайшылар туралы мәліметтер;

      ұйым туралы мәліметтер (бар болса).

      2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар үшін:

      жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (бар болса).

      5. Өнім беруші келесі жолдарды толтырады:

      1) тауардың және (немесе) көрсетілетін қызметтің бағасы;

      2) қоймадағы тауар саны;

      3) өнім берушінің байланыс деректері (ұялы телефон, электрондық пошта мекенжайы, байланыс телефоны, сайты (болған жағдайда);

      4) қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы;

      5) жеткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер түрлерінің атауы;

      6) банктік деректемелер туралы мәліметтер.

      6. Порталда:

      1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;

      2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайды;

      3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

      4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;

      5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;

      6) тауарларды және/немесе көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін бағаны табыстаған өнім берушілер тіркеледі.

      7. Растайтын құжаттар электрондық түрде ұсынылады.

      Көрсетілген құжаттардағы ақпаратты мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері растаған кезде растайтын құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      8. Өнім беруші Порталда жүзеге асырылатын қызмет түрін ескере отырып, тауарға және/немесе қызметтерге кемінде бір өтінімді толтырады. Әрбір қызмет түрі үшін сипаттамалар сипатталған жеке өтінім көзделеді.

      Өнім берушілер "Өнім берушінің кабинеті" модулінде өткізілетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтер туралы деректерді толтырады.

      9. Өнім беруші Порталда тіркеу үшін ол осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өнім беруші енгізген және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде қалыптасқан өтінішті береді, өтініш өнім берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      10. Өнім беруші ұсынылған құжаттардың шынайылығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді.

      11. Өнім беруші мәліметтерді автоматтандырылған режимде енгізген кезде жолдарды толтыру міндеттілігіне тексеру жүргізеді және тексеруден сәтті өткен кезде деректерді сақтау жүргізіледі.

      12. Өнім берушілерді Порталда тіркеу және тауарға және (немесе) көрсетілетін қызметтерге өтінімдерді мақұлдау үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органы өнім берушінің тіркелген жері бойынша Комиссия (әрі қарай – Комиссия) құрады.

      Комиссия мүшелерінің тақ санынан тұрады, Комиссия мүшелерінің қатарынан көпшілік дауыспен Комиссия қызметіне басшылық ететін Комиссия төрағасы, ал ол болмаға жағдайда төрағаның орынбасары сайланады.

      Комиссия хатшысының функцияларын Комиссия мүшесі болып табылмайтын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның маманы орындайды.

      13. Комиссия хатшысы деректер келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тауарға және (немесе) қызметтерге өтінімді және өтінішті орындауға қабылдайды, Комиссияның қарауына енгізеді.

      Комиссия өнім берушінің құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында, 6-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексереді

      14. Қарау қорытындысы бойынша Комиссия екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды және хаттамаға қол қояды.

      Комиссия хатшысы хаттамаға қол қойылғаннан үннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны Порталда орналастырады.

      Порталда тіркелген өнім берушілер өнім берушілердің тіркелімін және (немесе) қызмет көрсететін мамандардың тізіліміне автоматты түрде енгізіледі.

      Шешім шығарылғаннан кейін Порталда бас тарту себептерін көрсете отырып, мақұлдау – "Мақұлданды" немесе "Бас тартылды" деген өтініштің мәртебесі келесі жағдайлардағы себептер бойынша көрсетіледі:

      1) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген өнім берушіге қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) қоса берілген құжаттардың саны өнім беруші көрсеткен санға сәйкес келмесе;

      3) растайтын құжаттар өнім беруші көрсеткен құжаттардың атауларына сәйкес келмесе;

      4) қоса берілген құжаттар олар үшін белгіленген барлық деректемелерді қамтымайды: құжатты берген ұйымның атауы мен мекенжайы, уәкілетті тұлғаның қолы, құжаттың берілген күні, құжаттың нөмірі мен сериясы (бар болса), құжаттың қолданылу мерзімі (бар болса);

      5) растайтын құжаттар анық және анық емес басылған (жазылған), анық өшірулі, қосып жазылған, сызылған сөздер, шифрленбеген қысқартулар, түзетулер бар, уәкілетті тұлғаның қолымен расталған және мөрмен бекітілген түзетулер (бар болса));

      6) осы Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген деректер дұрыс емес болып табылады;

      7) Өнім беруші 15-тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген жағдайларда қызмет көрсететін тіркеуден шығарылған Өнім берушілер тіркеліміне және (немесе) тіркеуден шығарылған мамандар тізіліміне енгізілген.

3-тарау. Порталда тіркеуден шығару тәртібі

      15. Өнім беруші Порталда тіркеуден келесі жағдайларда алынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген;

      2) қызметі тоқтатылған немесе қайтыс болған;

      3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу;

      4) Портал арқылы өзіне алған міндеттемелерді орындамау және (немесе) тиісінше орындамау.

      16. Осы Қағидаларының 15-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі.

      17. Комиссия хатшысы апта сайынғы негізде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдың болуын тексеруді жүзеге асырады.

      18. Осы Қағидалардың 15-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген жағдайда, мүгедек өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей Порталда тиісті ақпаратты орналастырады:

      1) тапсырыстың орындалмауы;

      2) тапсырыстың уақтылы орындалмауы (тауар тапсырыстың берілген күнінен 30 күнтізбелік күннен астам кейін жеткізілген);

      3) тауардың және/немесе қызметтердің Порталда көрсетілген сипаттамаларға сәйкессіздігі;

      4) тауардың және/немесе қызметтердің Порталда мәлімделген бағалардың қолдану кезеніндегі өзгеруі.

      Мүгедек осы ақпаратты орналастыру күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Комиссия қарайды, ол Шартқа сәйкес қабылданған міндеттемелерді орындамау салдарынан өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болуын немесе болмауын айқындайды.

      19. Комиссия осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген жағдайларда өнім берушіні Порталда тіркеуден шығару туралы шешім қабылдайды және хаттамаға қол қояды. Комиссия хатшысы себептерін көрсете отырып, хаттаманы Порталда орналастырады және комиссияның шешіміне ЭЦҚ қол қояды. Өнім берушіні Порталда тіркеуден шығарған кезде оның деректері өнім берушілердің тіркелімінен және (немесе) қызмет көрсететін мамандардың тізілімінен шығарылады және қашықтағы өнім берушілердің тіркеліміне және (немесе) қызмет көрсететін қашықтағы мамандардың тізіліміне еңгізіледі.

      20. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес осы Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында көзделген негізі бойынша өнім беруші Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, Әлеуметтік қызметтер порталында кейіннен тіркелу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен ол туралы мәліметтерді алып тастағаннан кейін мүмкін болады.

  Әлеуметтік қызметтер
порталында өнім берушілерді
тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік
қызметтер порталында тіркеуден
шығару қағидаларына
1-қосымша

Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуге өтініш

      Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуді сұраймын

      ____________________________________________________________________

      (толық немесе қысқартылған (егер бар болса) өнім берушінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      (БСН, ЖСН, мемлекеттік тіркеу нөмірі)

      Қызмет түрі ____________________________________________

      Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі) 3

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондар _____________________________________________________________

      Факс ________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы___________________

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

                        (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы),

                              үй/ғимарат нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Әлеуметтік қызметтер порталын тіркеу және пайдалану үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беретінімді растаймын:

      Басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған___________ __________________________

                                          (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Толтыру күні: __ __________ 20__ жыл

  Әлеуметтік қызметтер
порталында өнім берушілерді
тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік
қызметтер порталында тіркеуден
шығару қағидаларына
2-қосымша

Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығаруға өтініш

      Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығаруды сұраймын

      ____________________________________________________________________

      (толық немесе қысқартылған (егер бар болса) өнім берушінің атауы)

      ____________________________________________________________________

      (БСН, ЖСН, мемлекеттік тіркеу нөмірі)

      Қызмет түрі ____________________________________________

      Заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

      (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)

      Электрондық пошта ________________________________________________________

      Телефондар ______________________________________________________________

      Факс _________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру объектісінің мекенжайы____________________

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________

                  (облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы),

                        үй/ғимарат нөмірі)

      Осымен:

      көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға қызметтер көрсету және (немесе) тауарларды өткізу мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болады;

      барлық қоса берілген құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.

      Әлеуметтік қызметтер порталын тіркеу және пайдалану үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беретінімді растаймын:

      Басшының ЭЦҚ-мен куәландырылған___________ __________________________

                                                (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

      Толтыру күні: __ __________ 20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады