"Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының атауын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласына ауыстыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 23 наурыздағы № 6 Жарлығының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15902 болып тіркелген, 2017 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығында:
11-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Өңірлік басқармаларының АӘІЖ бөлімдері, сондай-ақ "Нұр-Сұлтан", "Алматы" және "Қорғас" шекаралық бақылау жасақтары ай сайын есеп беру кезеңінен кейін, айдың 5-ші күнінен кешіктірмей БШ АӘІЖ басқармасына ұсынады:";
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Өңірлік басқармалардың АӘІЖ бөлімдері, сондай-ақ, "Нұр-Сұлтан", "Алматы" және "Қорғас" шекаралық бақылау жасақтары өндірістеріндегі барлық қылмыстық істер бойынша уақытылы есеп жүргізіп, бақылау жасау үшін:".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықты бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директорына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Масимов |