Көтермелеудің салалық жүйесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 22/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қаңтарда № 19929 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 7 наурыздағы № 82/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 07.03.2023 № 82/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Геодезия және картография туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 7-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Көтермелеудің салалық жүйесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
А. Жумагалиев

  Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 22 қаңтардағы
№ 22/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Көтермелеудің салалық жүйесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Көтермелеудің салалық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) "Геодезия және картография туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332 Заңының 6-бабы 7-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің (бұдан әрі - Комитет), жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың және геодезия және картография саласындағы басқа ұйымдар мен бірлестіктердің жұмыскерлерін (бұдан әрі – геодезия және картография саласының жұмыскерлері) көтермелеу рәсімдерін нақтылайды.

      2. Көтермелеу геодезиялық және картографиялық қызмет саласындағы жұмыскерлердің еңбегін ынталандырудың нысаны болып табылады.

      3. Геодезия және картография саласының жұмыскерлерін көтермелеу мақсатында көтермелеудің мынадай түрлері белгіленеді:

      1) "Құрметті геодезист" төсбелгісі;

      3) "Құрметті картограф" төсбелгісі;

      4) "Үздік геодезист" құрмет дипломы;

      5) "Үздік картограф" құрмет дипломы.

      Төсбелгілер осы Жүйеге 1-қосымшаға сәйкес сипаттама бойынша дайындалады.

2-тарау. Көтермелеу үшін материалдарды дайындау

      4. Төсбелгілермен және құрмет грамоталарымен марапаттау жөніндегі ұсыныстарды қарау үшін Комитетте мүшелері тақ саннан құралған комиссия құрылады, оны Комитет төрағасының орынбасары басқарады.

      5. "Құрметті геодезист" және "Құрметті картограф" құрмет атақтарымен және "Үздік геодезист" және "Үздік картограф" құрмет дипломдарымен марапаттау туралы ұсыныстарды Комитетке:

      Комитеттің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;

      облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары;

      мемлекеттік кәсіпорындардың басшылары;

      өзге де ұйымдар мен бірлестіктердің басшылары енгізеді.

      6. Марапаттау туралы ұсыныстар Комитетке осы Жүйеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша марапаттау парағын қоса бере отырып, жерге орналастыру, геодезия және картография күні – кәсіптік мерекені мерекелеуге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жіберіледі және комиссия келіп түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      7. Жұмыскердің төсбелгілермен және құрмет дипломдарымен марапатталуға лайықтылығы және лайықсыздығы туралы шешімді Комиссия хаттамамен ресімделетін ашық дауыс беру арқылы, көпшілік дауыспен қабылдайды. Хаттама негізінде Комитет төрағасының марапаттау туралы бұйрығы шығарылады.

      8. Көтермелеудің ресми мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.

3-тарау. Төсбелгілермен марапаттау негіздері

      9. "Құрметті геодезист" төсбелгісімен саланы дамытуға жеке үлесін қосқан және геодезиялық қызмет саласындағы мінсіз еңбегі үшін геодезия саласының жұмыскерлері марапатталады.

      10. "Құрметті картограф" төсбелгісімен саланы дамытуға жеке үлесін қосқан және картографиялық қызмет саласындағы мінсіз еңбегі үшін картография саласының жұмыскерлері марапатталады.

      11. Төсбелгілермен геодезия және картография саласында кемінде он жыл жұмыс өтілі бар жер қатынастары, геодезия және картография саласының жұмыскерлері марапатталады.

      Төсбелгілермен геодезиялық және картографиялық қызметті жетілдіруге белсенді қатысқаны және инновациялық технологияларды енгізгені үшін басқа салаларда жұмыс істейтін тұлғалар да марапатталады.

      12. Төсбелгімен марапатталған тұлғаға осы Жүйеге 3-қосымшада көрсетілген сипаттамаға сәйкес куәлік беріледі.

      13. Төсбелгі кеуденің оң жағына мемлекеттік наградалардан төмен тағылады.

      14. Бiр төсбелгімен қайта марапаттауға жол берілмейді.

4-тарау. Құрмет дипломдарымен марапаттау негіздері

      15. "Үздік геодезист" құрмет дипломымен геодезиялық қызмет саласындағы мінсіз еңбегі, лауазымдық міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін геодезия саласының жұмыскерлері марапатталады.

      16. "Үздік картограф" құрмет дипломымен картографиялық қызмет саласындағы мінсіз еңбегі, лауазымдық міндеттерін дұрыс және адал орындағаны үшін картография саласының жұмыскерлері марапатталады.

      17. Құрмет дипломдарымен осы салада кемінде бес жыл еңбек өтілі бар геодезия және картография саласының жұмыскерлері марапатталады.

      18. Бiр құрмет дипломымен қайта марапаттауға жол берілмейді.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      19. Төсбелгіні және құрмет дипломын тапсыруды салтанатты жағдайда Комитет төрағасы жүргізеді немесе марапатталатын тұлға жұмыс істейтін ұжымда жүргізіледі.

      20. Геодезия және картография саласының жұмыскерлерін көтермелеген жағдайда, кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.

      21. Жұмыскерлер мен еңбек ұжымдарын көтермелеудің барлық түрін есепке алуды Комитеттің кадр қызметі жүзеге асырады.

      ____________________________

  Көтермелеудің салалық
жүйесіне
1-қосымша

Төсбелгілердің сипаттамасы

      "Құрметті геодезист" немесе "Құрметті картограф" төсбелгісі бір-бірімен сары түсті шығыршықпен қосылған қалып пен салпыншақ түрінде жасалған.

      Планкасы көгілдір түсті қатқыл лентасы бар сары түсті металдан (латунь) тік бұрышты пішінде жасалған.

      Салпыншақ сары түсті металдан (латунь) жасалған, диаметрі 3 см дөңгелек, фон күңгірттелген.

      Салпыншақ ортасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының символикасы - күн шапағы орналасады. Фон жылтыр, әріптер мен суреттері шығынқы, күңгірттелген түрде болады.

      Медальдің жиегінде алтын түспен: "Құрметті геодезист" немесе "Құрметті картограф" жазулары орналасады. Фоны күңгірттелген, әріптер мен суреттері шығынқы және жылтырақ.

      ____________________________

  Көтермелеудің салалық
жүйесіне
2-қосымша
  Нысан

      ______________________________________________________

      (берілген жері)

МАРАПАТТАУ ПАРАҒЫ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ______________________________

      2. Лауазымы, жұмысы, қызмет орны _______________________________________

                                          (ұйымның нақты атауын көрсету керек)

      3. Жынысы _____________________________________________________________

      4. Туған жылы мен туған жері _____________________________________________

      5. Білімі ________________________________________________________________

      6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ________________________________________

      7. Үйінің мекенжайы _____________________________________________________

      8. Жалпы жұмыс өтілі ____________________________________________________

      9. Саладағы жұмыс өтілі __________________________________________________

      10. Геодезия және картография саласындағы еңбек өтілі _______________________

      11. Кандидат айрықша сіңірген нақты еңбектері көрсетілген мінездеме

      ______________________________________________________________

      12. Кандидатура талқыланды және ұсынылды

      _______________________________________________________________________

                              (ұйымның атауы,

      _______________________________________________________________________

                  талқыланған күні, хаттаманың номері)

      Марапатталуға ұсынылады _______________________________________________

                                    (көтермелеу түрінің атауы)

      _______________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты, бар болған жағдайда)

      ______________________________________________             ____________________

      Басшы (тегі, аты, әкесінің аты, бар болған жағдайда)                   (қолы)

                                                      жылғы "___"__________

                                                            (толтырылған күні)

      Мөрдің орны (бар болған жағдайда)

  Көтермелеудің салалық
жүйесіне
3-қосымша

      Куәліктің сипаттамасы

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр көк түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан дайындалады.

      Куәліктің сыртқы жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, төмен жағында "Куәлік", "Удостоверение" деген жазу бар.

      Ішкі сол жақ жапсырмада жазба бар: жоғарғы жағында – мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік органның атауы.

      Куәліктің сол жақ бетінің ішкі жағында төсбелгінің суреті бар.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      __________________________________________

      (тегі, фамилия)

      __________________________________________

      (аты, имя)

      __________________________________________

      (әкесінің аты, отчество (при его наличии)

      куәлік № ____ удостоверение

      Осы куәлік _____________ төсбелгімен марапатталғаны туралы берілді

      Настоящее удостоверение выдано о том, что он (она) награжден (а) нагрудным знаком

      Төраға ________________________________________________________

      Председатель             (тегі, аты-жөні, қолы)

                              (фамилия, инициалы, подпись)

      "____" _____________ _____ жыл

      Ескертпе: марапатталушының тегі, аты, бар болған жағдайда әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және міндетті түрде қазақ және орыс тілдерінде транскрипциясы көрсетіледі.

      ____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады