Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19957 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2024 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 77-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.03.2022 № 78 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2024 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а. Е. Нысанбаев

  Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 27 бұйрығымен
бекітілген

Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.06.2024 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-тармағының 77-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) акваөсіру – балық ресурстарының және басқа да су жануарларының жасанды өсімін молайту және өсіру;

      2) балық аулау – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау;

      3) балық өсіру – акваөсірудің кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіру жөніндегі бағыты;

      4) балық шаруашылығы – балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаумен, өсімін молайтумен, акваөсірумен, балық өсірумен, балық аулаумен, сондай-ақ қайта өңдеумен және өткізумен байланысты шаруашылық қызмет түрі;

      5) балық шаруашылығы субъектісі – қызметінің негізгі бағыты балық шаруашылығын жүргізу болып табылатын жеке және заңды тұлға;

      6) биологиялық негiздеме – жануарлар дүниесiн пайдалануға, жануарлар дүниесі объектілерінің жол берілетін аулау мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жануарлар дүниесінің объектiлерi мен олардың мекендеу ортасына ықпал етуге қабілетті қызметке арналған ғылыми негiзделген қорытынды;

      7) көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – КТБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында ихтиофаунаны толық немесе ішінара ауыстыру арқылы жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;

      8) тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – ТҚБӨШ) – табиғи және жасанды су айдындарында орналасқан және жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда ұстауға мүмкіндік беретін арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) балықтар мен басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі.

2-тарау. Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру тәртібі

      3. Балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізу үшін:

      1) КТБӨШ үшін – балықтың басымдылығы аз түрлері бар және табиғи балық өнімділігі төмен, шағын көлдер мен су қоймалары, теңіздердің, өзендер мен су қоймаларының бөлінген шығанақтары, жергілікті маңызы бар басқа да оқшауланған су айдындары (немесе) учаскелері;

      2) ТҚБӨШ үшін – балық өсіруге мүмкіндік беретін торлар орнатылатын жерде тереңдігі бар және жеңіл жанатын түптік шөгінділерсіз балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері қолданылады.

      4. Балық шаруашылығы субъектісі балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның биологиялық негіздемесі болған кезде және "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының (бұдан әрі – дамыту жоспары) үлгілік нысанына сәйкес (бұдан әрі – Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанына) өткен жылдардағы іс-шаралар орындалған кезде балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстырады.

      5. Балық шаруашылығы субъектісі балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің учаскесін осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, ТҚБӨШ жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскеге ауыстырады.

      6. Балық шаруашылығы субъектісі балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық өсіруді су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру кезінде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру туралы өтініш;

      2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның биологиялық негіздемесінің көшірмесі;

      3) балық шаруашылығы субъектісінің басшысы бекіткен дамыту жоспары.

      7. Аумақтық бөлімше кеңсесінің қызметкері құжаттарды келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын аумақтық бөлімшенің басшысына жібереді.

      Жауапты орындаушы құжаттарды тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды және тексереді. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, қайтару себептерін көрсете отырып, балық шаруашылығы субъектісін жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Қайтару себептері жойылғаннан кейін балық шаруашылығы субъектісі құжаттарды аумақтық бөлімшеге қайта енгізеді.

      Балық шаруашылығы субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына береді.

      8. Комиссияны аумақтық бөлімшелер құрады. Комиссия құрамына аумақтық бөлімшелердің (басшының орынбасарынан төмен емес, комиссияның төрағасы), облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінің (балық шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін облыстың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төмен емес), балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың, балықшылардың қоғамдық бірлестіктері мен балық шаруашылығы субъектілерінің аккредиттелген республикалық қауымдастықтарының және су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар (басшының орынбасарынан төмен емес) өкілдері кіреді.

      Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, кемінде бес адам.

      Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, онда оң деп есептеледі.

      Комиссия хатшысы аумақтық бөлімше қызметкерлерінің арасынан айқындалады және оның мүшесі болып табылмайды. Комиссия хатшысы Комиссия мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, Комиссия отырысын ұйымдастырады.

      9. Комиссия бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөніндегі комиссияның хаттамасын (бұдан әрі – хаттама) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық бөлімшеге балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешім қабылдау үшін жібереді.

      Комиссия балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелерге мынадай негіздер бойынша ауыстырудан бас тартады:

      1) биологиялық негіздеменің Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9307 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар дүниесін пайдалануға биологиялық негіздемені дайындау қағидаларына сәйкес келмеуі;

      2) дамыту жоспарының Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанына сәйкес келмеуі және онда балық өсіруді ұлғайту бойынша оң өзгерістерді сипаттамайтын көрсеткіштерді белгілеу;

      3) дамыту жоспарына сәйкес өткен жылдардағы іс-шаралардың орындалмауы;

      4) балық шаруашылығы субъектісі ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.

      10. Аумақтық бөлімше хаттаманы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру туралы шешім/ балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің учаскесін ТҚБӨШ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскені ауыстыру туралы, не балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру туралы шешім балық шаруашылығы субъектісі осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген шарттарды сақтаған кезде және Комиссияның оң шешімі негізінде қабылданады.

      Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде балық шаруашылығы субъектісіне жазбаша нысанда себептері негізделген уәжді бас тарту жіберіледі.

      11. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның биологиялық негіздемесі балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің учаскесін ТҚБӨШ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскеcіне ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ТҚБӨШ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің учаскесі паспорттау және балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспортына өзгерістер енгізу үшін жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      Жергілікті атқарушы орган бес жұмыс күні ішінде ТҚБӨШ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне паспорттауды жүргізеді және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымның биологиялық негіздемесі негізінде балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің паспортына өзгерістер енгізеді.

      Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің паспортына өзгерістер енгізілген кезде оның шекарасы мен алаңы ТҚБӨШ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің шекарасы мен алаңына мөлшерлес азаяды.

      12. Аумақтық бөлімшенің оң шешімі негізінде бес жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше мен балық шаруашылығы субъектісі арасында "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18158 болып тіркелген) 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша балық шаруашылығын (көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын немесе шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу кезінде) жүргізуге қырық тоғыз жыл мерзімге шарт жасалады (бұдан әрі – шарт).

      Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің учаскесі ТҚБӨШ жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне ауыстырған кезде бес жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін паспорттау негізінде балық шаруашылығы су айдынының (немесе) учаскесінің паспортына енгізілген өзгерістерге сәйкес шартқа қосымша келісім жасалады.

      Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскенің учаскесін ауыстыру кезіндегі Даму жоспары шеңберіндегі міндеттемелер өзгеріссіз қалады.

      13. Балық шаруашылығы субъектісінің балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскені пайдалануға шарт негіз болып табылады.

      14. КТБӨШ және ТҚБӨШ-те өсірілген балықтар және басқа да су жануарлары балық шаруашылығы субъектісінің меншігі болып табылады.

      15. Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру мәселелері жөніндегі аумақтық бөлімшенің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

  Балық аулауды жүргізу үшін
бекітіп берілген балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін балық
өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге
арналған балық шаруашылығы
су айдындарына және (немесе)
учаскелеріне ауыстыру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру туралы өтініш

      Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін/олардың учаскесі балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне

      "___" ____________

      20__ жылғы № ___ шешімге және балық шаруашылығын жүргізуге арналған

      20___ жылғы № _____ шартқа сәйкес

      __________________________________________________________________

      (су айдынның немесе учаскенің атауы) ауыстыруды сұраймын.

      1. Балық шаруашылығы субъектісі туралы мәлімет:

      __________________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы, аты, әкесінің аты (бар болса) тегі)

      ____________________________________________________________

      2. Ауыстыруға жоспарланған балық шаруашылығынның (акваөсірудің)

      (көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығы, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы)

      түрі______________________________________________________________________

      3. Балық шаруашылығын (акваөсіруді) жүргізуге арналғанбалық шаруашылығы су

      айдынын немесе учаскесін пайдаланудың мәлімделген мерзімі

      __________________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын

      мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға,

      жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___"______________.

      Балық шаруашылығы субъектісі_________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса) тегі немесе заңды тұлғаның атауы)

      Қолы _________________

  Балық аулауды жүргізу үшін
бекітіп берілген балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін балық
өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге
арналған балық шаруашылығы
су айдындарына және (немесе)
учаскелеріне ауыстыру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөніндегі комиссияның хаттамасы

      ____________________________________ 20__ жылғы "___" _________

      (елді мекен)

      1. Комиссияның құрамы:

      _________________________________________ ‒ комиссия төрағасы;

      _________________________________________ ‒ комиссия хатшысы;

      комиссия мүшелері:

      _______________________________________________________

      ________________________________________________________

      ________________________________________________________

      _______________________________________________________құрылған

      (су айдынын немесе учаскені бекітіп беру жөнінде комиссия құру туралы актіні

      көрсету, құжаттың күні мен нөмірі)

      2. Комиссия балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру бойынша ұсынылған құжаттарды қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1) балық шаруашылығын жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін не олардың учаскелерін балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) балық шаруашылығын (акваөсіруді) жүргізуге арналған учаскелерге ауыстырудан бас тартылсын (бас тарту себептерін көрсете отырып, балық шаруашылығы субъектілерінің тізімі қоса беріледі);

      2) балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін не олардың учаскелерін, балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстырылсын (балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің не олардың учаскелерінің тізімі қоса беріледі).

      3. Хаттаманың бір данасы шешім қабылдау үшін балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне жіберілсін.

      Қолдар:

      Комиссия төрағасы:___________________________________________

      Комиссия мүшелері:

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      ____________________________________________________________

      Хатшы: _____________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады