"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 19958 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан білім беру ұйымдарында орналастырылады.";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы Қағидалардың 5 тарауына сәйкес мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарында орналастырылады.";

      5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      41. Орта білім беру ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысы оқушылардың санын және бір оқушыға арналған шығыстардың орташа құнын қамтуы тиіс.

      42. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі бойынша анықталады. Бұл ретте орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16138 болып тіркелді) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      1-параграф. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      43. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырады:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін;

      2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.

      43-1. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті атқарушы орган орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты интернет-ресурстарда орналастырған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті оған қоса берілетін құжаттармен бірге атқарушы органға ұсынады:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей;

      2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.

      Мемлекеттік білім беру ұйымы өтінішпен бірге жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен (бұдан әрі – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығы) (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 6 ақпанда № 10195 тіркелді) бекітілген нысанда берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияның көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.

      43-2. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға өтініштерін және оған қоса берілген құжаттарын, олар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 тамызынан кешіктірмей;

      2) жаңадан құрылған немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – жергілікті атқарушы органдары дербес белгілейтін мерзімде.

      Мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін, оларға қоса берілген құжаттармен бірге қарау кезінде жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік білім беру ұйымының осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілген құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, жергілікті атқарушы орган үш жұмыс күннің ішінде өтініште көрсетілген мемлекеттік білім беру ұйымының электрондық почтасына, электрондық почта болмаған жағдайда өтініште көрсетілген почталық мекенжайына сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Электрондық почтаға хабарлама жіберілген не ол почталық мекенжайға алынған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде мемлекеттік білім беру ұйымы жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қайта ұсынады.

      Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік білім беру ұйымының өтініші оған қоса берілетін құжаттармен бірге қайтадан келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

      43-3. Жергілікті атқарушы орган интернет-ресурстарда мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғаны туралы ақпарат орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей орындардың санын көрсете отырып, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырады және оны интернет-ресурстарда жариялайды.

      Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын орналастырылған мемлекеттік білім беру ұйымдары орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесіне өтініш ұсынбастан енгізіледі.

      Жергілікті атқарушы орган орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілген мемлекеттік білім беру ұйымымен шарт жасасу рәсімін жүзеге асыру жолымен орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.

      2-параграф. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      43-4. Жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды білім беру саласындағы уәкілетті органның операторы (бұдан әрі – оператор) жүзеге асырады.

      43-5. Оператор жыл сайын интернет-ресурста орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты орналастырады:

      1) алдағы оқу жылына – күнтізбелік жылдың 1 маусымына дейін;

      2) орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мақсатында операторға алғаш рет өтініш беруші жекеменшік білім беру ұйымдары үшін күнтізбелік жыл ішінде – оператор дербес белгілейтін мерзімде.

      43-6. Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымы интернет-ресурста оператордың орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпараты орналастырылған күннен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде операторға қоса берілетін құжаттармен бірге осы Қағидаларға 12-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.

      Жекеменшік білім беру ұйымы өтінішпен бірге операторға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген нысанда берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияның көшірмесі;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

      3) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде шотының болуы туралы анықтама.

      4) оператор мен жекеменшік білім беру ұйымы арасында жасалған қолданыстағы алдын ала шарттың көшірмесі – Әдістемеде көзделген жекеменшік білім беру ұйымдарының объектілерінде жаңадан енгізілген оқушы орындары бар жекеменшік орта білім беру ұйымдары үшін.

      43-7. Оператор мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қоса берілген құжаттармен бірге олар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күннің ішінде қарайды.

      Оператор жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштері мен құжаттарын қарай отырып, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Жекеменшік білім беру ұйымының осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарды ұсыну не мемлекеттік сатып алу веб-порталында жекеменшік білім беру ұйымының тіркеуі болмау фактісі анықталған жағдайда, оператор үш жұмыс күні ішінде жекеменшік білім беру ұйымының өтініште көрсетілген электрондық почтасына не электрондық почта болмаған жағдайда, өтініште көрсетілген почталық мекенжайына сәйкессіздіктерді жою қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Электрондық почтаға хабарлама жіберілген не ол почталық мекенжайға алынған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде жекеменшік білім беру ұйымы операторға осы Қағидаларға сәйкес келтірілген өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қайта ұсынады.

      Оператор мемлекеттік білім беру ұйымының өтініші қоса берілген құжаттармен бірге қайта келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде оларды қарауды жүзеге асырады.

      Жекеменшік білім беру ұйымының осы Қағидаларға сәйкес келмейтін өтінішті және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарды ұсыну не мемлекеттік сатып алу веб-порталында жекеменшік білім беру ұйымының тіркеуі болмау фактісі қайта анықталған жағдайда, оператор өтініште көрсетілген жекеменшік білім беру ұйымының почталық мекенжайына немесе электрондық почтасына орта білім беру тапсырысын орналастырудан негізделген және дәлелді бас тартуды жібереді.

      Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркелген жекеменшік білім беру ұйымдары осы Қағидаларға сәйкес келетін өтініш пен құжаттарды ұсынған кезде оператор интернет-ресурста жекеменшік білім беру ұйымдарының өтініштерін қабылдау басталғандығы туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап күнтізбелік 60 күннен кешіктірмей орындардың санын көрсете отырып, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастырады және оны интернет-ресурста жариялайды.

      Оператор немесе жергілікті атқарушы орган бұрын орналастырған орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жекеменшік білім беру ұйымдары операторға осы Қағидалардың 43-6-тармағында көзделген өтінішке қосымша құжаттарды ұсынбастан, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін жекеменшік білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізіледі.

      43-8. Оператор жекеменшік білім беру ұйымымен шарт жасасу рәсімін жүзеге асыру жолымен орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.";

      12-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 12-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (Ж.И. Рахметова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және
ғылым министрінің
2020 жылғы 30 қаңтардағы
№ 46 бұйрығына
1-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

      (білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады)

  Жергілікті атқарушы
  органның атауы

Өтініш

      ____________________________________________________________

      (мемлекеттік білім беру ұйымының атауы (табыс септігінде), БСН)

      орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мемлекеттік

      білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізуді сұраймын.

      Өтініш берілген күнгі жағдай бойынша оқушылардың нақты контингенті:

Сыныптар

Барлығы оқитындар
(адам)

оның ішінде:

білім беру сыныптарында оқитындар

жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар)

арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар

үйде оқитындар

1-4






5-9






10-11






Барлығы:






      Алдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне оқушылардың болжамды контингенті:

Сыныптар

Барлығы оқитындар
(адам)

оның ішінде:

білім беру сыныптарында оқитындар

жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар)

арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар

үйде оқитындар

1-4






5-9






10-11






Барлығы:






      Сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберу үшін __________________

      почталық мекенжайды және _____________ электрондық почтаны растаймын.

      Қосымша __ парақта.

      Басшы

      __________________________ ___________ ________________________________________

      (білім беру ұйымының атауы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Толтырылған күні

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
Білім және
ғылым министрінің
2020 жылғы 30 қаңтардағы
№ 46 бұйрығына
2-қосымша
  Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі
білімі бар кадрлар даярлауға,
сондай-ақ жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарында
дайындық бөлімдеріне, мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
12-1-қосымша
  Нысан

      (білім беру ұйымының бланкісінде толтырылады)

  _________________________
(оператордың атауы)

Өтініш

      _____________________________________________________________

      (жекеменшік білім беру ұйымының атауы, БСН, заңды мекенжайы)

      орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін құжаттарды

      қарауды сұрайды.

      Өтініш берілген күнгі жағдай бойынша _____________________________

      (қала немесе ауыл мектебі)

      оқушыларының нақты контингенті:

Сыныптар

Барлығы оқитындар
(адам)

оның ішінде:

білім беру сыныптарында оқитындар

жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар)

арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар

үйде оқитындар

1-4






5-9






10-11






Барлығы:






      Алдағы оқу жылының 1 қыркүйегіне оқушылардың болжамды контингенті:

Сыныптар

Барлығы оқитындар
(адам)

оның ішінде:

білім беру сыныптарында оқитындар

жалпы білім беретін сыныптарда оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар тұлғалар (балалар)

арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар

үйде оқитындар

1-4






5-9






10-11






Барлығы:






      Осы арқылы білім беру ұйымы объектісінің сипаттамасын хабарлаймын:

      1) орналасқан жері (мекенжайы) – ________;

      2) жобалық қуаты – ________;

      3) пайдалануға енгізу күні – ________.

      Осы арқылы:

      1) жекеменшік білім беру ұйымында оқу үшін ата-аналар төлемінің мөлшері білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқу үшін ата-аналар төлемінің шекті мөлшерінен аспайтынын және айына ___________ теңгені құрайтынын;

      2) "Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға және қайта ресімдеуге арналған өтініштердің нысандарын, лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығына сәйкес нысанда берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензияның барын;

      3) _____________________ почталық мекенжайды және _____________ электрондық почтаны (сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберу үшін);

      4) Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) тіркеуде барын;

      5) мемлекеттік сатып алу веб-порталында тіркеуде барын;

      6) мектеп жанында интернаттың _____________________ растаймын.

      (барын/жоғын)

      2018 жылғы 20 шілдеден кейін пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орындары бар жекеменшік білім беру ұйымы толтырады:

      2018 жылғы 20 шілдеден кейін ___________________________ жолымен

      (құрылыс салу/реконструкция жасау)

      пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орандырының саны ____________________.

      Жекеменшік білім беру ұйымы объектісінің пайдалануға енгізілу күні ___________________.

      2018 жылғы 20 шілдеден кейін пайдалануға берілген жекеменшік білім беру ұйымының объектісінде жаңадан енгізілген оқушы орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бұрын

      ___________________________________.

      (орналастырылды/орналастырылмады)

      Қосымша ___ парақта.

      Басшы

      ____________________________________ ___________ ________________________________

      (жекеменшік білім беру ұйымының атауы)       (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған

      жағдайда))

      Күні

      Мөр орны (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады