"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 46-25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.05.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығына 1-қосымша |
|
Нысан/Форма |
Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттама / Протокол об административных правонарушениях в области ветеринарии № ___________
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.05.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Осы Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама (бұдан әрі –
хаттама) "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (бұдан
әрі – Кодекс) 703, 802, 803 және 804-баптарына сәйкес толтырылды/Настоящий протокол об
административном правонарушении в области ветеринарии (далее – протокол) составлен в
соответствии со статьями 703, 802, 803 и 804 Кодекса Республики Казахстан об
административных правонарушениях (далее − Кодекс).
1. Хаттама толтырылған күн/Дата составления протокола "__" _______ _______ жыл/года
2. Хаттама толтырылған орын/Место составления протокола
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(область, район, город, поселок, село)
3. Хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/Должность,
фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, составившего протокол
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
4. Өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер/Сведения о лице, в отношении
которого возбуждено дело:
жеке тұлғалар үшiн/для физических лиц:
тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болса)/фамилия, имя, отчество (при его наличии)
___________________________________________________________
туған жылы, айы, күні/дата рождения ______________________________
тұрғылықты жерi/место жительство _______________________________
жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері/наименование и реквизиты
документа, удостоверяющего личность
____________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный идентификационный номер
______________________________________________________________
жұмыс орны/место работы _______________________________________
телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бұлар болса)/абонентский номер телефона, факса, сотовой связи и (или)
электронный адрес (если они имеются)
___________________________________________________________________
заңды тұлғалар үшін/для юридических лиц:
атауы/наименование ____________________________________________
орналасқан жері/место нахождения ________________________________
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi/номер и
дата государственной регистрации (перерегистрации) юридического лица
__________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмiрi/бизнес-идентификационный номер _______
___________________________________________________________________
банк деректемелері/банковские реквизиты __________________________
___________________________________________________________________
телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық
мекенжайы (егер бұлар болса)/абонентский номер телефона, факса, сотовой связи и (или)
электронный адрес (если они имеются)
___________________________________________________________;
5. Субъект: жеке тұлға (01), жеке кәсіпкер (02), заңды тұлға (03), шетелдік заңды тұлға (04),
шетелдік қатысуы бар заңды тұлға (05), лауазымды адам (25), лауазымды адамға
теңестірілген адам (26), заңды тұлға филиалы (27), заңды тұлға өкілдігі (28)/Субъект:
физическое лицо (01), индивидуальный предприниматель (02), юридическое лицо (03),
иностранное юридическое лицо (04), юридическое лицо с иностранным участием (05),
должностное лицо (25), лицо, приравненное к должностному (26), филиал юридического
лица (27), представительство юридического лица (28)
___________________________________________________________________
6. Коммерциялық ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны: мемлекеттіқ кәсіпорын
(01), шаруашылық серіктестік (02), акционерлік қоғам (03), өндірістік кооперативі (04),
өзгелер (05); кәсіпкерлік субъектілерінің санаты: шағын кәсіпкерлік субъектісі (12), орта
кәсіпкерлік субъектісі (13), ірі кәсіпкерлік субъектісі (14); коммерциялық емес ұйымның
ұйымдық-құқықтық нысаны: мекеме (08), мемлекеттік мекеме (10)/Организационно-
правовая форма коммерческой организации: государственное предприятие (01),
хозяйственное товарищество (02), акционерное общество (03), производственный кооператив
(04), иные (05); категория субъектов предпринимательства: субъект малого
предпринимательства (12), субъект среднего предпринимательства (13), субъект крупного
предпринимательства (14); организационно-правовая форма некоммерческой организации:
учреждение (08), государственное учреждение (10)
______________________________________________________________
7. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi/ Место, время
совершения и существо административного правонарушения
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
8. Метрологиялық тексерудің атауы, нөмірі, күні, егер ол әкімшілік құқық бұзушылықты
анықтау және тіркеу кезінде пайдаланылса, техникалық құралдың көрсеткіштері/Название,
номер, дата метрологической поверки, показания технического средства, если оно
использовалось при выяснении и фиксации административного правонарушения
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
9. Істi шешу үшiн қажеттi мәлiметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің
қаралатын уақыты мен орны, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн
растайтын құжаттар, (іске қатысты және (немесе) заттай дәлелдемелер болып табылатын
файлдық құжаттар мен медиа-файлдар) қоса беріледі/Сведения, необходимые для
разрешения дела, в том числе время и место рассмотрения дела об административном
правонарушении, а также прилагаются документы, подтверждающие факт совершения
административного правонарушения (файловые документы и медиа-файлы, относящиеся к
делу и (или) являющиеся вещественными доказательствами)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
10. Өзіне қатысты іс қозғалған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің
түсініктемесі/Объяснение физического лица либо представителя юридического лица, в
отношении которого возбуждено дело ___________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
11. Құқық бұзушылық біліктілігі Кодекстің ____бабы _____бөлігі _____тармағы/
Квалификация правонарушения статья _________ часть _________пункт __________ Кодекса
12. Кодекстің 738-бабына сәйкес іс жүргізу тілі анықталды/Согласно статье 738 Кодекса
языком производства по делу определен
_________________________________________________________________
13. Қорғаушының болуы: талап етілмейді (1), тартылды (2)/Наличие защитника: не требуется
(1), привлечен (2) _____________________________
14. Аудармашының болуы: талап етілмейді (1), тартылды (2)/Наличие переводчика: не
требуется (1), привлечен (2) _____________________________
15. Куәлар, жәбірленушілер, куәгерлер (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке
сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны) (бар болса)/Свидетели,
потерпевшие, понятые (фамилия, имя, отчество (при его наличии), индивидуальный
идентификационный номер, адрес места жительства, телефон) (если они имеются)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
16. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам әкімшілік бұзушылық туралы
хаттаманы қол қойып алудан бас тартқан жағдайда жазылатын жазба/Запись в случае отказа
в принятии под расписку протокола об административном правонарушении лицом, в
отношении которого возбуждено дело об административном правонарушении
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(хаттаманы толтырған адамның қолы/подпись лица, составившего протокол)
17. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе тиісті түрде келмеуі туралы
белгі/Отметка об отсутствии или неявке лица, в отношении которого возбуждено дело
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(хаттаманы толтырған адамның қолы/подпись лица, составившего протокола)
18. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам болмаған жағдайда толтырылған
хаттаманың почта арқылы жолданғаны туралы ақпарат/Информация о направлении
протокола по почте в случае его составления в отсутствие лица, в отношении которого
возбуждено дело об административных правонарушениях
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(хаттаманы толтырған адамның қолы/подпись лица, составившего протокол)
19. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде
оны қайтармау фактісі жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады/Запись в копии
протокола о факте невозвращения протокола в течение трех суток с момента получения
лицом, в отношении которого возбуждено дело
__________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(хаттаманы толтырған адамның қолы, жазбасы/запись, подпись лица, составившего протокол)
20. Кодекстің 744, 747, 810, 811-баптарына сәйкес хаттаманы толтыру кезінде әкімшілік
жауапкершілікке тартылушы адамға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да
қатысушыларына, құқықтары және міндеттері түсіндірілді/При составлении протокола лицу,
в отношении которого возбуждено дело, а также другим участникам производства по делу
разъяснены их права и обязанности согласно статьям 744, 747, 810, 811 Кодекса
___________________________________________________________
Құқықтармен және міндеттермен таныстым:/С правами и обязанностями ознакомлен (а):
/__________________________________/_____________________/_______________________/
(адамның (жеке тұлғаның заңды өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица (законного представителя
физического лица или представителя юридического лица)
/__________________________________/_____________________/_______________________/
(адамның (жеке тұлғаның заңды өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса) /(фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица (законного представителя
физического лица или представителя юридического лица)
/__________________________________/_____________________/_______________________/
(адамның (жеке тұлғаның заңды өкілінің немесе заңды тұлға өкілінің) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)/фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица (законного представителя
физического лица или представителя юридического лица) Хаттаманы толтырған
адам/Лицо, составившее протокол___________
_________________________________________________________________
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адам (адамның өкілі)/
Лицо (представитель лица), в отношении которого ведется производство по делу об
административном правонарушении: хаттама мазмұнымен/с содержанием протокола:
________________________________________________________________________________
(танысты/танысудан бас тартты/ ознакомился/отказался ознакомиться)
Жәбірленушілер (бар болса)/Потерпевшие (если они имеются)
___________________________________________________________________
Куәлер (бар болса)/Свидетели (если они имеются)________________________
___________________________________________________________________
Куәгерлер (бар болса)/Понятые (если они имеются)_______________________
___________________________________________________________________
Қолхат/Расписка
Хаттаманың көшірмесін алдым/Копию протокола получил (а): ________ жылғы "_____"
_____________ /__________________________________________
(оған қатысты ic қозғалған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің қолы)
"_____" ___________ ________ года _______________________________________________
(подпись физического лица или представителя юридического лица, в отношении которого
возбуждено дело) ________ жылғы "_____" _____________/____________________________
(жәбірленуші жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің қолы)
"_____" ___________ ________ года________________________________________________
(подпись потерпевшего физического лица или представителя юридического лица)
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 19 бұйрығына 2-қосымша |
Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 46-25) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру және шығару тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.05.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2-тарау. Ветеринария саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды толтыру және шығару тәртібі
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ветеринария саласындағы уәкілетті органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары толтырады:
соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (Кодекстің 416-бабы (ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылықтар бойынша));
ветеринария саласындағы уәкілетті органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша (Кодекстің 406-бабы).
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды мыналар толтырады:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары.
3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада:
хаттама жасалған күні мен орны;
хаттаманы жасаған адамның лауазымы, аты-жөні және тегі;
өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн – аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі, туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық мекенжайы (бар болса);
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi;
осы Кодекстiң 2-бөлімінің Ерекше бөлiгiнiң осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетін бабы; егер куәлар және жәбiрленушiлер болса, олардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайлары;
өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның көрсеткіштері;
iстi шешу үшiн қажеттi мәлiметтер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралатын уақыты мен орны, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар (іске қатысты және (немесе) заттай дәлелдемелер болып табылатын файлдық құжаттар мен медиа-файлдар) қоса беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.05.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған кезде іс жүргізу тілі анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа да қатысушыларына олардың осы Кодекстің 462, 654, 738, 744, 754, 755, 810, 811-баптарында көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, бұл жөнінде хаттамада белгі жасалады.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және Кодекстің 807-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол қояды.
6. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиiстi түрде хабарланған адам болмаған немесе келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны толтырған адам қол қояды.
7. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, хаттамаға оны жасаған адам тиiстi жазба жүргізеді.
8. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк беріледі. Аталған тұлғалар хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. Осы адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда хаттамаға тиiстi жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды.
9. Оған қатысты іс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың көшірмесі, осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жасалғаннан кейін дереу қолхатпен табыс етіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық нысанда толтырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның "электрондық үкіметтің" веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарланады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан адамның (адамның өкілінің) өтініші бойынша хаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште тапсыру не ол көрсеткен почталық немесе электрондық мекенжайға жіберу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 85 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген) Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының 10-тармағында көзделген өзге де тәсілмен дереу ұсынылады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.05.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.10. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаны хабардар ете отырып, ол жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба жасалады.
11. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісі анықталғаннан кейін дереу жасалады
12. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 13-тарауына сәйкес жүргізілетін тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама тиісті тексеру аяқталғаннан кейін дереу жасалады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.05.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.13. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өздерiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлға өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлетін жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген мән-жайлар анықталған күннен бастап үш тәулік ішінде жасалады.
14. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама, ал Кодекстің 803-бабының тоғызыншы бөлігінде көзделген жағдайда хаттаманың көшірмесі, жасалған кезден бастап үш тәулiк iшiнде сотқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттiк берiлген органға (лауазымды адамға) қарау үшін жiберiледi.
15. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар берілген хаттамаларды есепке алуды жүргізеді, "Ветеринариялық есеп пен есептілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 16-07/114 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9342 болып тіркелген) 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды және жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін, сондай-ақ ветеринария саласындағы анықталған заңнаманы бұзушылықтарды тексеру туралы есебін жасайды (бұдан әрі – есеп) және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11265 болып тіркелген) Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларының 24-тармағының 4) тармақшасына және 25-тармағына сәйкес есеп береді.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қағаз нысанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған кезде оны жасағаннан кейін бір тәулік ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың түпнұсқасын және құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, іс жүргізуді жүзеге асыру шеңберінде жинақталған, істе бар құжаттардың (PDF, JPEG, PNG, SVG, Tiff түрінде) Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі – ӘІБТ) енгізілуін қамтамасыз етеді.
Іске қатысты және (немесе) заттай дәлелдемелер болып табылатын файлдық құжаттар мен медиа-файлдар ӘІБТ-ге салынады, ал мүмкін болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада көрсетіле отырып, іс материалдарына қосылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.05.2022 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.16. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған органға және (немесе) сотқа шағым жасауы мүмкін.
17. Осы Қағидаларымен реттелмеген бөлігінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасаған кезде Кодекстің нормаларын басшылыққа алуы қажет.