Таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 ақпанда № 19973 болып тіркелді.

      "Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2023 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2020 жылғы
30 қаңтардағы № 26
бұйрығымен бекітілген

Таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2023 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Мемлекеттік тілдегі атауы

Латын тіліндегі атауы

1-тарау. Жәндіктер

1.

Қауын шыбыны

Myiopardalis pardalina (Bigot)

2.

Оңтүстік америкалық қызанақ күйесі (ашық және жабық топырақта)

Tuta absoluta (Povolny)

2-тарау. Бактериялар мен фитоплазмалар

3.

Жеміс ағаштарының бактериялық күйігі

Erwinia amylovora (Burrill) Winslow et al.

3-тарау. Өсімдіктер (мемлекеттік босалқы жерлерде)

4.

Арамшөптердің карантиндік түрлері:
жатаған (қызғылт) кекіре;
жусан жапырақты ойраншөп;
көп жылдық ойраншөп;
арам сояулар

 
аcroptilon repens DC;
аmbrosia artemisiifolia L.;
аmbrosia psilostachya DC.;
сuscuta spp.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады