"Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 44 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 ақпанда № 19992 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 26 мамырдағы № 286 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.05.2022 № 286 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12767 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және оларды берушілердің дерекқорын қалыптастыру және жүргізу кағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Дерекқор мыналарды қамтиды:

      1) отандық өнімберушілер көрсететін жұмыстар және қызметтер;

      2) Қазақстанда шығарылған "CT-KZ" нысанындағы сертификаттар берілген тауарлар;

      3) отандық тауар өндірушілер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өнім берушілердің тізбесі;

      4) құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының отандық тауар өндірушілерінің тізілімі.";

      5) жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізілімі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Дерекқорға (отандық тауар өндірушілердің құрылыс материалдарының, жабдықтарының, бұйымдарының және конструкцияларының тізілімі мен жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізілімін қоспағанда) тіркелу үшін өнім беруші:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнім берушінің сауалнамасын электрондық түрде толтырады;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойныша тауарлар туралы ақпаратты және/немесе осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты электрондық түрде толтырады;

      3) тауарлар үшін:

      егер өнім сәйкестіктің міндетті бағалануына (расталуына) жататын болса, өнімнің сәйкес келуін бағалау (растау) туралы құжатты қоса береді;

      "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10947 болып тіркелген) сәйкес шығарылған немесе жеткілікті қайта өңдеуге ұшыраған тауарларға берілетін "СТ-КZ" нысанды тауардың шығу тегі туралы сертификатты қоса береді;

      4) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін:

      заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті * немесе анықтаманы (заңды тұлғалар үшін);

      ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген заңды тұлғаны (филиалды, өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк заңды тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейiн жарамды болып табылады;

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес егер жұмыстарға (көрсетілетін қызметтерге) рұқсаттама немесе хабарлама тәртібі енгізілген жағдайда рұқсаттаманы немесе хабарламаны қоса береді;

      сапа менеджменті жүйесінің сертификаты болған кезде қоса береді;

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді берушінің ақпаратын қоса береді.";

      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

      "6-2. Жиһаз өнімдерін отандық өндірушілердің тізіліміне тіркелу үшін отандық тауар өндіруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өндірілетін жиһаз өнімі туралы сауалнаманы электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Осы Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларда көзделген мәліметтер өзгерген жағдайда, өнім беруші осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оларды дерекқорға енгізеді.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Исполняющий обязанности Министра К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 44 бұйрығына
қосымша
  Тауарлардың, жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің және
оларды берушілердің
дерекқорын қалыптастыру және
жүргізу қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Жиһаз өнімдерін отандық тауар өндірушінің сауалнамасы

р/с №

Толтыру міндетті бағаналар


1

Жиһаз өнімнің атауы


Стандарттың атауы


СЭҚТН


Индустриялық сертификатының тіркеу нөмірі


Сәйкестік сертификатының / сәйкестік туралы декларацияның тіркеу нөмірі


Сәйкестік сертификатының / сәйкестік туралы декларацияның жарамдылық мерзімі


2

Отандық тауар өндірушінің атауы (ұйымдық-құқықтық нысанның атауы және көрсету)


БСН/ ЖСН


Орналасқан орны (заңды / нақты мекенжайы)


Телефон нөмірі және электрондық пошта мекенжайы


      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі

      СЭҚТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады