Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 30 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 19995 болып тіркелді

      "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 31-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 31 қаңтардағы
№ 30 бұйрығына
қосымша

Сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

р/с №

Тауарлардың (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің) атауы

Тауарлардың (жұмыстардың/көрсетілетін қызметтердің) құны (бір жыл ішінде бір сұрыпты тәжірибе есебінде), теңге

Селекциялық жетістіктердің ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сынақтан өткізу

1

Азықтық дақылдар

16 770

2

Бақша дақылдары

45 680

3

Дәнді дақылдар

36 592

4

Дәнді-бұршақты дақылдар

36 080

5

Көкөніс дақылдары

49 890

6

Майлы дақылдар

28 140

7

Отамалы дақылдар

28 140

8

Техникалық дақылдар

28 717

Зертханалық сынақтар өткізу (бір үлгіге сұрып сынағын өткізу әдістемесі бойынша кешенді талдау)

9

Азықтық дақылдар

10 338

10

Бақша дақылдары

5 462

11

Дәнді дақылдар

33 376

12

Дәнді-бұршақты дақылдар

15 963

13

Жармалық дақылдар

18 070

14

Жеміс-жидек дақылдары

6 612

15

Картоп

5 685

16

Көкөніс дақылдары

9 267

17

Майлы дақылдар

11 880

18

Отамалы дақылдар

7 961

Өндірістік және технологиялық-экономикалық сынақ өткізу

19

Азықтық дақылдар

296 900

20

Бақша дақылдары

274 800

21

Дәнді дақылдар

217 000

22

Дәнді-бұршақты дақылдар

316 300

23

Жармалық дақылдар

362 100

24

Жеміс-жидек дақылдары

288 545

25

Картоп

347 400

26

Көкөніс дақылдары

368 800

27

Майлы дақылдар

378 900

28

Отамалы дақылдар

274 900

29

Техникалық дақылдар

399 500

Өзге де көрсетілетін қызметтер

30

Авторлық куәлікті және ауыл шаруашылығы дақылдарының оригинаторы куәлігін беру

12 750

31

Авторлық куәліктің және ауыл шаруашылығы дақылдары оригинаторы куәлігінің телнұсқасын беру

12 750

32

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрып сынағын өткізу саласындағы ақпараттық бюллетень

1 500

33

Басқа ұйымдар жүргізген сынақ нәтижелері немесе өтінім беруші ұсынған деректер негізінде селекциялық жетістіктің ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сараптамалық баға беру

60 725

34

Бір сұрыптық тәжірибе есебінен өтінім берушінің учаскелерінде жүргізілген тәжірибелерді бағалау бойынша сарапшылардың жұмысы

68 175

35

Ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттары бойынша сұрыптың ресми сипаттамасын беру

38 000

36

Жерге егiп бағалауды жүргізу

92 120

37

Қоса берілген құжаттармен патентке қабілеттілігіне берілген өтініштің көшірмесіне, ауыл шаруашылығы өсімдігі сұрыпының атауына сараптама беру

38 000

38

Мемлекеттік тізілімге енгізілгеннен кейін сұрыптың атауын өзгерту*

38 000

39

Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық одақтың бастамасы бойынша ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық өлшемшарттары бойынша сұрыптың сипаттамасын беру (УПОВ)

122 472

40

Тұқымдарды ресімдеу, сақтау, сынақтан өткізу орнына жеткізу (тасымалдау)

15 620

      Ескертпе:

      * Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 30 шілдедегі № 434 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізілімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады