Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 5 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 11 ақпанда № 20024 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 ақпандағы № 175 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16445 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамының кедендік декларацияларды толтыру қағидаларында:

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Декларант тауарларға арналған декларацияға енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеру аяқталғаннан кейін, ескерту болмаған жағдайда тауарларға арналған декларацияның 54-бағанына қолын қойып оны куәландырады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Декларант транзиттік декларацияға енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеру аяқталғаннан кейін, ескерту болмаған жағдайда транзиттік декларацияның 50-бағанына қолын қойып оны куәландырады.

      Транзиттік декларацияны куәландыру электрондық цифрлық қолтаңба арқылы декларантқа жол беріледі. Бұл жағдайда транзиттік декларацияның қағаз данасы басып шығарылмайды.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Декларант КҚКД енгізілген мәліметтерді тексереді және тексеруді аяқтағаннан кейін ескертулер болмаса КҚКД 13-бағанында өзінің қолын және мөрін қойып куәландырады (жеке кәсіпкерлік субъектісіне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда).";

      2) "Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 215 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16473 болып тіркелген, 2018 жылғы 12 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жарияланған) бұйрығында:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау қағидаларында:

      5, 6, 7, 8, және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органдары көліктік (тасымал) және коммерциялық құжаттың екі данада расталған көшірмесін қабылдайды, ал межелі пункті мемлекеттік кірістер органдары транзиттік декларацияны қабылдайды.

      Тауарлар теміржол көлігімен жеткізілген жағдайда, өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органдары бір үлгідегі теміржол жүкқұжатын, сонымен бірге теміржол жүкқұжатының екі данада расталған көшірмесі мен коммерциялық құжатты қабылдайды, ал межелі пункті мемлекеттік кірістер органдары транзиттік декларацияны қабылдайды.

      Экспресс-жүктер әуе көлігімен келген жағдайда, экспресс-тасымалдаушы өткізу пунктте орналасқан мемлекеттік кірістер органдарына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімінің 3 данасын табыс етеді, онда бір әуежүкқұжаты бойынша келіп түскен барлық экспресс-жүктер туралы ақпарат көрсетілген.

      6. Тауарлардың уақытша сақтау орындарына орналастырылғанын растау үшін мемлекеттік кірістер органына ұсынылатын құжаттар мыналарды:

      кедендік транзит кедендік рәсімдерінің аяқталғаны туралы белгілерді;

      уақытша сақтау орынның атауын және уақытша сақтау орынның есептік нөмірін қамтиды.

      Уақытша сақтау орнына орналастырылған тауардың есептік нөмірі мына сызба бойынша қалыптастырылады:

      112233/444444,

      мұнда:

      11 және 22 – тиісінше тіркеу күні мен айы;

      33 – ағымдағы жылдың соңғы екі цифры;

      444444 – уақытша сақтау орнына орналастырылған тауарларды есепке алу кітабы бойынша реттік нөмірі.

      7. Кодекстің 165-бабына сәйкес орындарда тауарларды уақытша сақтаған жағдайларда ұсынылған құжаттарда сақтау орнының мекенжайы мен уақытша сақтауға орналастырылған күні көрсетіледі.

      Тауарлар мен көлік құралдары Кодекстің 170-бабына сәйкес уақытша сақтау орындарына орналастырылған кезде қосымша:

      тауарға қатысты өкілеттіктерге ие адамның ерікті нысандағы жазбаша өтініші;

      кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжат;

      тауарларды және көлік құралдарын Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген уақытша сақтау орындарына орналастырған кезде, өзге де уақытша сақтау орны орналасқан аумақ алушыға меншік құқығында тиесілі екендігін немесе жалға алу құқығында оны пайдаланатындығын растайтын құжаттың көшірмесі;

      тауарларды және көлік құралдарын Кодекстің 170-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген уақытша сақтау орындарына орналастырған кезде, өзге де уақытша сақтау орны орналасқан теміржол учаскесі тауарға қатысты өкілеттіктерге ие адамның меншігі болып табылатындығын не көрсетілген адам жалға алу құқығында пайдаланатындығын растайтын құжаттың көшірмесі ұсынылады.

      8. Ұсынылған құжаттар мен олардың көшірмелерінің бірінші беттерінің бос орындарына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік кірістер органы жауапты лауазымды адамының қолымен және жеке нөмірлі мөрінің бедерімен куәландырылатын тіркеу нөмірі, уақытша сақтау орны, тіркеу күні мен уақыты, уақытша сақтау мерзімінің аяқталу күні туралы мәліметтерді қамтитын тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы құжаттардың тіркелуін растайтын мөртаңба (бұдан әрі – мөртаңба) қою тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау болып табылады.

      Теміржол жүкқұжатын барлық беттерінің, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың және олардың көшірмелерінің бірінші беттерінің бос орындарына мөртаңба қою теміржол көлігімен келіп жеткен тауарларды және көлік құралдарын уақытша сақтауға орналастыруды растау болып табылады.

      Тауардың уақытша сақтау орнына нақты орналастырылғанын тексеру, тәуекелдік басқару жүйесінің ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Өткізу пунктінде орналасқан мемлекеттік кірістер органында тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттардың тіркелгенін растау туралы белгілері бар көлік (тасымал) және коммерциялық құжаттар көшірмелерінің бір данасы тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де адамдарға немесе олардың өкілдеріне, ал мемлекеттік кірістер органының тіркеу туралы белгісі бар көшірменің екінші данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, ал межелі мемлекеттік кірістер органында мұндай растау мемлекеттік кірістер органының тасымалдаушыға немесе тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де адамдарға немесе олардың өкілдеріне берілетін тіркеу туралы белгілері бар транзиттік декларация болып табылады.

      Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттардың тіркелуін растау туралы белгісі бар Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімінің даналары, мынадай түрде бөлінеді:

      бір данасы уақытша сақтау қоймасының иесіне;

      бір данасы экспресс-тасымалдаушыға;

      бір данасы тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органына.";

      қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Тауарларды уақытша сақтау
орындарына орналастыруды
растау қағидаларына
1-қосымша
  нысан";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтау орындарына орналастыруды растау, мемлекеттік кірістер органдарының тауарларды уақытша сақтауға орналастыру үшін ұсынылған құжаттарды тіркеуге және олардың тіркелгені туралы растаманы беруге байланысты кедендік операцияларды жасау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша тіркелетін экспресс-жүктерге қатысты Уақытша сақтауда тұрған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу журналын толтыру, мынадай ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады:

      4-бағанада экспресс-тасымалдаушының атауы көрсетіледі;

      6-бағанада экспресс-жүк атауы көрсетіледі;

      7-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша орындардың жалпы саны көрсетіледі;

      8-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша экспресс-жүктердің жалпы брутто салмағы (килограмм) көрсетіледі;

      13, 14, 15, 16, 17, 18 және 19-бағаналар толтырылмайды;

      20-бағанада Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі бойынша соңғы экспресс-жүк шығарылған күні көрсетіледі;

      қалған бағаналар бағананың атауына сәйкес ақпаратпен толтырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі
А. Смаилов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 5 ақпандағы
№ 110 бұйрығына
қосымша
  Тауарларды уақытша сақтау
орындарына орналастыруды
растау қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Экспресс-жүктерді есепке алу тізілімі

      Қойманың тіркеу нөмірі ___________________________________________________

      Экспресс-тасымалдаушының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________

Кіріс

Орналас тыру күні

Жалпы жүкқұжатының нөмірі

Жеке жүкқұжатының нөмірі

Жеке жүкқұжат бойынша жөнелтуші

Жеке жүкқұжат бойынша алушы

Жеке жүкқұжат бойынша тауардың атауы

1

2

3

4

5

6

7

      Кестенің жалғасы

Кіріс

Шығыс

Ескертпе

Орындар дың саны

Брутто салмағы (килограммен)

Кедендік декларацияның нөмірі

Қоймадан берілген күні

8

9

10

11

12


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады