Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе және "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 102/қе бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2020 жылғы 14 ақпандағы № 7/қе бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 18 ақпанда № 20045 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 101/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17938 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларында:

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 63-бабының 3-тармағына сәйкес ҰҚО оқу орындары ақылы негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынады, сондай-ақ мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарынан тыс ақылы негізде мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынады:

      1) ғылыми зерттеулер жүргізу;

      2) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу;

      3) оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу.

      3. ҰҚО оқу орындарының жеке және заңды тұлғалармен өзара қарым-қатынасы 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес тиісті шарттар жасау арқылы реттеледі.

      4. ҰҚО оқу орындары өз интернет-ресурстарында және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мынадай ақпаратты орналастырады:

      1) ҰҚО оқу орындарының ақылы негізде өткізетін тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесін;

      2) ұсынылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Мыналардан:

      1) ғылыми зерттеулер жүргізуден түсетін қаражат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларының 25, 53-тармақтарына сәйкес жұмсалады;

      2) қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуден, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуден және (немесе) өткізуден түсетін қаражаттар мынадай бағыттар бойынша:

      шығыс материалдарын, жиһаздар, мүкәммалдар сатып алуға;

      қызмет көрсетуді қоса алғанда, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға;

      әдебиеттер, оқу басылымдарын, көрнекі материалдар сатып алуға;

      оқу-материалдық базаны нығайтуға;

      қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, кәсіби білім беруді ұйымдастыруға, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге тартылатын штаттан тыс мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      оқу, ғылыми және әдістемелік материалдарды шығаруға;

      ҰҚО қызметкерлері, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға;

      тамақтану мен мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастыруды қоса алғанда, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, спорттық жарыстар, оқыту тренингтері, олимпиадалар, мерейтойлық іс-шаралар жүргізуге, ақпараттық материалдар сатып алуға;

      электрондық ақпараттық ресурстарды немесе оларды пайдалану құқығын сатып алуға;

      қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін ұйымдастыруға;

      үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға;

      кәдесый өнімдерін сатып алуға;

      оқу және ғылыми мақсаттарға арналған бейнероликтер, бейнефильмдер, аудиожазбалар дайындауға;

      білім беру қызметін қамтамасыз ететін ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы жөндеуге;

      көлік құралдарын, сондай-ақ оларға қызмет көрсету жөніндегі тауарлар мен қызметтерді сатып алуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген іссапар шығындарын өтеу нормалары шегінде қосымша білім беру бағдарламаларын өткізуге, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеуге және өткізуге байланысты іссапарларға;

      байланыс қызметіне, жарнама және көлік қызметтеріне ақы төлеуге;

      қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және өткізу шеңберінде банктік қызметтерге ақы төлеуге жұмсалады.".

      2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 102/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17937 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2018 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрлық құрамы таныстырылсын.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасы
К. Масимов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2020 жылғы 14 ақпаны
№ 7/қе бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№102 қ/е бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери, арнаулы оқу орындарының ақылы негізде берілетін тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағалар

Р/с №

Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) атауы

Өлшем бірлігі

Бағасы (теңгемен)

1-тарау. Ғылыми зерттеулер жүргізу

1.

Гранттық қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

жұмыс

ҰҒК* шешіміне сәйкес

2.

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар

жұмыс

ҰҒК және ЖҒТК** шешіміне сәйкес

2-тарау. Қосымша білім беру бағдарламаларын өткізу

3.

"Талдамалық ойлау дағдылары" курстарында оқыту, 1 адамға

академиялық сағат

14 565

4.

Полиграфолог-мамандарды бастапқы даярлау курстарында оқыту, 1 адамға

академиялық сағат

14 565

5.

"Профайлинг. Жалғандықты байланыссыз анықтау" курстарында оқыту, 1 адамға

академиялық сағат

14 565

6.

Шет тілін үйрету курстарында оқыту, 1 адамға

академиялық сағат

14 565

7.

"Объектілердің кешенді қауіпсіздігі" курстарында оқыту, 1 адамға

академиялық сағат

14 565

8.

"RedHat Linux" операциялық жүйені сүйемелдеу бойынша курстарында оқыту, 1 адамға

академиялық сағат

18 489

9.

"Киберинциденттерді талдау" курстарында оқыту, 1 адамға

академиялық сағат

18 489

10.

"Ақпаратты криптографиялық қорғау" курстарында оқыту, 1 адамға

академиялық сағат

18 489

3-тарау. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді, баспа және (немесе) полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және (немесе) өткізу

11.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 100 бетке дейін

дана

3 000

12.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 101-ден 120 бетке дейін

дана

4 000

13.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 121-ден 140 бетке дейін

дана

5 000

14.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 141-ден 160 бетке дейін

дана

6 000

15.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 161-ден 180 бетке дейін

дана

7 000

16.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 181-ден 200 бетке дейін

дана

8 000

17.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 201-ден 220 бетке дейін

дана

9 000

18.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 221-ден 240 бетке дейін

дана

10 000

19.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 141-ден 260 бетке дейін

дана

11 000

20.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 261-ден 280 бетке дейін

дана

12 000

21.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 281-ден 300 бетке дейін

дана

13 000

22.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 301-ден 320 бетке дейін

дана

14 000

23.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 321-ден 340 бетке дейін

дана

15 000

24.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 341-ден 360 бетке дейін

дана

16 000

25.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 361-ден 380 бетке дейін

дана

17 000

26.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 381-ден 400 бетке дейін

дана

18 000

27.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 401-ден 420 бетке дейін

дана

19 000

28.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 421-ден 440 бетке дейін

дана

20 000

29.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 441-ден 460 бетке дейін

дана

21 000

30.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 461-ден 480 бетке дейін

дана

22 000

31.

А4 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 481-ден 500 бетке дейін

дана

23 000

32.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 100 бетке дейін

дана

2 000

33.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 101-ден 120 бетке дейін

дана

2 500

34.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 121-ден 140 бетке дейін

дана

3 000

35.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 141-ден 160 бетке дейін

дана

3 500

36.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 161-ден 180 бетке дейін

дана

4 000

37.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 181-ден 200 бетке дейін

дана

4 500

38.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 201-ден 220 бетке дейін

дана

5 000

39.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 221-ден 240 бетке дейін

дана

5 500

40.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 241-ден 260 бетке дейін

дана

6 000

41.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 261-ден 280 бетке дейін

дана

6 500

42.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 281-ден 300 бетке дейін

дана

7 000

43.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 301-ден 320 бетке дейін

дана

7 500

44.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 321-ден 340 бетке дейін

дана

8 000

45.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 341-ден 360 бетке дейін

дана

8 500

46.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 361-ден 380 бетке дейін

дана

9 000

47.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 381-ден 400 бетке дейін

дана

9 500

48.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 401-ден 420 бетке дейін

дана

10 000

49.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 421-ден 440 бетке дейін

дана

10 500

50.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 441-ден 460 бетке дейін

дана

11 000

51.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 461-ден 480 бетке дейін

дана

11 500

52.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 кітап, 481-ден 500 бетке дейін

дана

12 000

53.

А4 форматындағы журнал, 50 бетке дейін

дана

2 000

54.

А4 форматындағы журнал, 51-ден 70 бетке дейін

дана

2 500

55.

А4 форматындағы журнал, 71-ден 100 бетке дейін

дана

3 500

56.

А5 форматындағы журнал, 50 бетке дейін

дана

1 000

57.

А5 форматындағы журнал, 51-ден 70 бетке дейін

дана

1 500

58.

А5 форматындағы журнал, 71-ден 100 бетке дейін

дана

2 500

59.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 оқу-әдістемелік құрал, 50 бетке дейін

дана

1 500

60.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 оқу-әдістемелік құрал, 51-ден 70 бетке дейін

дана

2 500

61.

А5 форматындағы жұмсақ мұқабалы 1 оқу-әдістемелік құрал, 71-ден 100 бетке дейін

дана

3 500

      Ескертпе:

      1. ҰҒК* – Ұлттық ғылыми кеңес, "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 19-бабының 5-тармағына сәйкес ҰҒК гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

      2. ЖҒТК** – Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия, "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 3-тармағына және 27-бабының 1-тармағына сәйкес ЖҒТК бағдарламалық-нысаналы (оның ішінде конкурстан тыс рәсімдерден) қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады