"Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 176 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 ақпанда № 20056 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 11 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 112-бабына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргізу нұсқаулығы:

      мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:

      "6-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуын талдау

      56. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі бюджетін атқаруға талдау жүргізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдігінің аппараты есепті жылдан кейінгі айдың 5-і күніне дейінгі мерзімде бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы жарты жылдықтың және есепті жылдың қорытындылары бойынша есеп жасайды.

      57. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округі әкімдігінің аппараты бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті жергілікті қауымдастық комиссиясының мүшелеріне есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде ұсынады.

      58. Жергілікті қоғамдастықтың комиссия мүшелері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімінің аппараты ұсынған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округі бюджетінің атқарылуын талдау нәтижелерін қарайды және олардың негізінде жартыжылдықтың және есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-сі күніне дейін мониторинг нәтижелері туралы есепті жасайды.

      59. Мониторинг нәтижелері туралы есеп аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы талдамалық ақпаратты (бұдан әрі – Талдамалық ақпарат) қамтиды.

      60. Талдамалық ақпарат мынаны қамтиды:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетіне түсетін түсімдер бойынша талдамалық деректер;

      2) орындалмау себептерін негіздей отырып, бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға арналған жоспарлы және нақты шығыстар;

      3) бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпарат;

      4) жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша қорытындылар.

      61. Жергілікті қоғамдастықтың комиссиясы мүшелері қол қойған мониторинг нәтижелері туралы есеп жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-сы күніне дейін шығарылады.

      62. Мониторинг нәтижелері туралы есепті талқылау қорытындылары бойынша жергілікті қоғамдастық жиналысы тиісті хаттамамен ресімделетін аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің тиімді атқарылуы жөнінде ұсынымдар қабылдайды.

      63. Хаттамаға жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысы қол қояды және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкіміне жіберіледі.

      64. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің тиімді атқарылуы жөніндегі ұсынымдарды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімі қарайды және негізделген қорытындысымен есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-сі күніне дейін жергілікті қоғамдастықтың кезекті жиналысына шығарылады.

      65. Тиісті жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімінің ұсынған қорытындысын және жергілікті қоғамдастықтың жиналысы берген ұсынымдарын қарау бойынша қорытындылар нәтижелері есепке алынады.".

      2. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 405 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8762 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қазанда № 240 (28179) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған);

      2) "Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 479 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16867 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде Эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары -Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады