"Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 479 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 мамырда № 16867 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 176 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 20.02.2020 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 39-3-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8762 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 240 (28179) болып жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалануға мониторинг жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-3-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына талдау жүргізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдігінің аппараты Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14623 болып тіркелген) есепті жылдан кейінгі айдың 5-і күніне дейінгі мерзімде бекітілген Бюджеттік мониторинг жүргізу әдістемесінің 4-тарауына сәйкес бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы жарты жылдықтың және есепті жылдың қорытындылары бойынша есеп жасайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес түскен түсімдерден қалыптастырылады.";

      қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Қ. Баеділов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 20 сауірдегі
№ 479 бұйрығына
қосымша
Жергілікті маңызы бар
мәселелерді шешуге және
жергілікті өзін-өзі
басқарудың кіріс көздеріне
бөлінген бюджет қаражатын
пайдалануға мониторинг
жүргізу әдістемесіне қосымша
нысан

20__ жылғы 1_____________ Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздеріне бөлінген бюджет қаражатын пайдалану нәтижелері туралы есеп

      Мемлекеттік мекеменің атауы _____________________________

      Мерзімділігі: жартыжылдық, жылдық ______________________

      Бірліктің өлшемдер: мың теңге

Атауы

Жолдың коды

Бір жылға бекітілген жоспар

Бір жылға нақтыланған жоспар

Жарты жылға жоспар

Іс жүзінде орындалуы

Нақтыланған жоспарға орындалуы % (баған 6/баған 4) х100

Жарты жылдық жоспарға орындалуы % (баған 6/ баған 5) х100

Нақтыланған жоспарға орындалмау сомасы (баған 6- баған 4)

Жарты жылдық жоспарға орындалмау сомасы (баған 6- баған 5)

Ақша түсімдері мен шығыстары жоспарының орындалмау себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Барлық жылдың басына ақшалар қалдығы

010










Есепті кезеңнің түсімдері, барлығы (021-025 жолдар сомасы)

020










Оның ішінде











аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округі әкімдерінің басқаруында тұрған мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудан (жалға алуда) түскен түсімдер

021










сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру үшін төлем

022










Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 204, 386, 408 және 505-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзғаны үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауыл округінің әкімдері өндіріп алатын айыппұлдар

023










Жеке және заңды тұлғалардың ерікті жарналары

024










өзге

025










Жиыны

030










Шығыстар - барлығы

050










Оның ішінде, шығыстардың бағыттары бойынша:

































Есепті кезеңнің соңында қалған ақша қалдығы - барлығы

100










      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың,

      кенттің, ауыл округінің әкімі ________ ______________________________

      (қолы) (тегі, аты, жөні) (бар болса)

      Қаржы қызметінің басшысы________ _______________________________

      (қолы) (тегі, аты, жөні) (бар болса)

      Күні _____ жылғы "__"____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады