"Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2020 жылғы 6 наурыздағы № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 наурызда № 20113 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 15.06.2022 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12652 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Индустрия және инфрақұрылымдық
      даму министрінің міндетін атқарушы К. Ускенбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 6 наурыздағы
№ 118 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы
№ 1164 бұйрығымен
бекітілген

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 268-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес әзірленді және индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық даму және шикізат экспортын ілгерілету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi және индустриялық-инновациялық қызметтi және шикізат экспортын ілгерілету саласында мемлекеттiк қолдауды iске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – экономиканың басым секторларында индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын немесе отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

      3) оператор - жергілікті қамтуды дамыту саласындағы Ұлттық даму институты;

      4) өтінім беруші – осы Қағидалардың шеңберінде шығындарды өтеуге өтінім берген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;

      5) сәйкестiктi растау - нәтижесi объектiнiң техникалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгiленген талаптарға сәйкестiгiн құжаттамалық куәландыру (сәйкестiк туралы декларация немесе сәйкестiк сертификаты түрiнде) болып табылатын рәсім.

      3. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен бекітілетін төлемдер кестесіне сәйкес осы Қағидалар шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге байланысты мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін көзделген қаражатты Оператордың ағымдағы шотына аударады.

      4. Оператор индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға бөлінген қаражатты басқару үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі және Оператор арасында жасалған шарт негізінде Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашады.

      Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      5. Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген электрондық өтінім (бұдан әрі - өтінім) негізінде Оператордың шешімімен жүзеге асырылады.

      6. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелердің "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарымен белгіленген талаптарына сәйкестігін растау кезінде шеккен шығындар, атап айтқанда:

      1) отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестiгін растауға байланысты бағалауын жүргізу;

      2) шығарылатын өнімнің сертификациялық және зертханалық сынақтарды жүргізу;

      3) инспециялық аудит пен бақылауды жүргізу;

      4) сертификаттарды тіркеу;

      5) сертификаттарды қайта рәсімдеу және ұзарту бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады.

      7. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы, бірақ индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде негізделген және құжаттамалық расталған шығындары өтеледі.

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер өтеуге жатпайды.

      8. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетелдік валютада жұмсалған шығындарды қайта есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемді аудару күні қолданыста болған валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

      9. Қарауға:

      1) тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілері болып табылатын;

      2) өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін соңғы 2 (екі) күнтізбелік жыл ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шығыстарды шеккен;

      3) салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша үш айдан ұзаққа созылған берешегі жоқ ("Салық және бюждетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері жіберіледі.

2-тарау. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарын өтеу тәртібі

      10. Оператор өтінімдерді қабылдауды бастау туралы хабарландыруды уәкілетті органның, оператордың интернет-ресурстарында және/немесе веб-порталда орналастырады (өтінім электрондық нысанда берілген жағдайда).

      11. Өтінім және осы Қағидалардың 12-тармағымен көзделген оған қоса берілетін құжаттар ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілген күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін тек веб-портал арқылы беріледі.

      Өтінім электрондық нысанда ұсынылады және бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты бар болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкердің немесе оның уәкілетті тұлғасының (сенімхат бар болған жағдайда) немесе жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Өтінімге осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерінің топтамасын қоса беріледі және бірінші басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның (бірінші басшының міндеттерін атқару туралы растау құжаты бар болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкердің немесе оның уәкілетті тұлғасының (сенімхат бар болған жағдайда) немесе жеке тұлғаның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Өтінім беруші құжаттардың электрондық көшірмелердің толық топтамасын ұсынбаған жағдайда веб-портал өтінімді тіркеуден бас тартады.

      12. Шығындарды өтеуді алуға үміткер өтінім беруші:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді;

      2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта өткізу фактісін растайтын құжаттардың (шарттар, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер, тауарды жеткізу/қабылдау, өткізу актілерінің көшірмелері) көшірмелері;

      3) ішкі нарыққа өткізілген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстандық шығу тегін растайтын құжаттардың ("CT-KZ" нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың және/немесе индустриялық сертификаттың) көшірмелері;

      4) осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін растау жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттардың, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет актілерінің, шот-фактуралардың, төлем тапсырмаларының көшірмелері;

      5) өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      6) сәйкестікті растау қызметтеріне ақы төлеу үшін сәйкестікті растау және валютаны айырбастау жөніндегі қызметтер берушіге ақы төлеу валютасының аударылғанын, айырбасталғанын растайтын банк куәландырған құжаттардың көшірмелері;

      7) өтінім беруші және екінші дәрежелі банк арасындағы 20__ жылғы "___" _________ №____ банк есебі шартының көшірмесі.

      13. Өтінім беруші ұсынылатын құжаттардың толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

      14. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Құжаттың көшірмесі шет тілінде ұсынылған жағдайда, өтінім беруші оның мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.

      15. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар:

      1) бірінші басшы немесе оның міндетін атқарушы адам (бірінші басшының міндеттерін атқару туралы растау құжаты болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер немесе олардың уәкілетті тұлғасы (сенімхат болған жағдайда) немесе жеке тұлға әрбір парағын куәландырады. Өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды қойылған қолдың факсимильді көшірме құралдарын пайдалана отырып, куәландыруға жол берілмейді;

      2) араб цифрларымен нөмірленеді, нөмірлеу алмаспайтын болып табылады;

      3) әрбір парақ өтінім беруші мөрінің бедерімен куәландырылады (болған жағдайда).

      Осы тармақтың талаптары өтінімді веб-портал арқылы беруге қолданылмайды.

      16. Өтінімдерді қабылдау (тіркеу) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражаттың бітуіне қарай аяқталады.

      17. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат біткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қаралмайды және қайтарылуға жатады. Оператор өтінімді алған күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама жібереді.

      18. Оператор өтінімді және оған қоса берілген құжаттарды тіркеген күнінен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкес келуі мәніне тексеруін жүзеге асырады.

      19. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар толық болмаған немесе өтінім берушінің осы Қағидалардың 9-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Оператор өтінім берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама жібереді.

      20. Өтінім және ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың белгілінген талаптарына сәйкес болған жағдайда Оператор 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтінімді оң қарау туралы шешім қабылдайды және өтінім берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті хабарлама жібереді.

      21. Оператор шешім қабылдаған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде банк шоттарына не Қазақстан Республикасы Ұлттық почта операторында ашылған өтінім берушінің шоттарына шығындардың бір бөлігін өтеу сомасын аударады.

      22. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы Қағидаларда көзделген шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында Оператор шығындардың бір бөлігін өтеуді алғаннан кейін екі жыл ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне өтінім беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы негізде ұсынған ақпарат негізінде оларды іске асыру бойынша мониторинг жүргізеді.

      Мониторинг қорытындылары бойынша Оператор бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдалану туралы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп береді.

  Индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді
ішкі нарықта ілгерілету
бойынша шығындарының бір
бөлігін өтеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өтінімі

      Кімге: ___________________________________________________________

      (Оператордың атауы)

      Кімнен: __________________________________________________________

      (ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің толық атауы)

      Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні ________________________________

      _________________________________________________________________

      (куәліктің немесе анықтаманың №, кім және қашан берді)

      Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды

      тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері

      бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2012

      жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны

      (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды

      тұлғаның қызметi тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

      БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі) ___________________________________

      Персонал саны ______ адам.

      Оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.

      Кадрлардағы жергілікті қамтудың үлесі ____%.

      Қызмет түрі ______________________________________________________

      Тел/факс: ________________________________________________________

      Банктік деректемелер: _____________________________________________

      Алушының банкі: _________________________________________________

      БСК: ____________________________________________________________

      1. Субъекті шеккен шығындар1:

      Шығындар тізбесі:

Шығындар атауы

Экономикалық қызмет түрі

Шығындар жүргізілген шарттың №

Жеткізушіден қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні

ҚҚС-сыз шығындар сомасы

ЭҚЖЖ коды

атауы

төлемнің валютасы

теңгемен

1

2

3

4

5

6

7

1.







2.













Барлығы:







      1 Кестені толтыру кезінде шот-фактураға сәйкес шеккен шығындардың әрбір сомасын көрсету керек.

      Шығындардың бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома _________________

      _____________________________________________________

      теңге. (сомасы санмен және жазумен жазылады)

      2. Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес Құжаттар тізбесі:

      1. _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      2. _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      3. _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      4. _______________________________________________________________

      _________________________________________________________________

      3. Келісемін:

      1) мониторинг шеңберінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның – Оператордың бастапқы статистикалық деректерді ашуына;

      2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алғаннан кейін екі жыл ішінде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес тоқсан сайынғы негізде ақпарат ұсынуға.

  Индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді
ішкі нарықта ілгерілету
бойынша шығындарының бір
бөлігін өтеу қағидаларына
2-қосымша

Хабарлама

      Кімге ____________________________________________________________

      индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы

      Осымен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша

      шығындарының бір бөлігін өтеу туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің

      өтінімін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген

      қаражаттың бітуіне байланысты қабылдау, тіркеу және қарау мүмкін еместігін хабарлаймыз.

  Индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді
ішкі нарықта ілгерілету
бойынша шығындарының бір
бөлігін өтеу қағидаларына
3-қосымша

Хабарлама

      Кімге ____________________________________________________________

      индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы

      Осымен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша

      шығындарының бір бөлігін өтеу туралы индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің

      өтінімінің Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша

      шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының талаптарына сәйкес келмейтіндігі туралы

      хабарлаймыз.

      Себеп сипаттамасы: _______________________________________________

  Индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді
ішкі нарықта ілгерілету
бойынша шығындарының бір
бөлігін өтеу қағидаларына
  4-қосымша

Хабарлама

      Кімге ____________________________________________________________ индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы

      Осымен индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуге индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің өтінімін оң қарастыру туралы хабарлайды.

      Өтелуге тиіс сома __________________________________ теңгені құрайды.

  Индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді
ішкі нарықта ілгерілету
бойынша шығындарының бір
бөлігін өтеу қағидаларына
5-қосымша

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар: отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін

      қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық субъектілер

      Қайда ұсынылады: Операторға

      Ұсыну мерзімі: есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын

  мың теңге

№ п/п

Кәсіпорын атауы

Мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Өндіріс көлемі

Жаңадан ашылған жұмыс орындары

Салықтың түсімдері

Экспорт көлемі

1

2

3

4

5

8

9








  Индустриялық-инновациялық
қызмет субъектілерінің отандық
өңделген тауарларды, жұмыстар
мен көрсетілетін қызметтерді
ішкі нарықта ілгерілету
бойынша шығындарының бір
бөлігін өтеу қағидаларына
6-қосымша

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлғалар: Оператор

      Қайда ұсынылады: уәкілетті орган

      Ұсыну мерзімі: есептік кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын

  мың теңге

№ п/п

Кәсіпорын атауы

Мемлекеттік қолдау шарасының атауы

Өтінім түскен күні

Мемлекеттік қолдау шарасын беру туралы шешім қабылдау күні

Шығын сомасы

Есептік күніне қаржыландырылған сомасы

Ағымдағы күйі

Өтінім берушінің өздік қатысуы

Мемлекеттік қөлдау

1

2

3

4

5

8

9

10

11











Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады