Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 16 маусымда № 28504 болып тіркелді.

      "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 14) тармақшасына және "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
Е. Дауылбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушының
2022 жылғы 15 маусымдағы
№ 342 Бұйрыққа
1-қосымша

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, әскери және аэроғарыш мақсатындағы отандық тауар (өнім), қос мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) өндірушілерді, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалана алмайды.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) елішілік құндылық – ішкі нарықта өндірілген тауарлардың және жүзеге асырылған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өндірілген тауардың, жүзеге асырылған жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің жалпы көлеміндегі пайыздық мөлшері;

      3) зертханалық сынақтар – зерттелетін сынамаларға (үлгілерге) қатысты зертханаларда (орталықтарда) жүзеге асырылатын сынақтар, өлшемдер, талдаулар, тесттер, сараптамалар жүргізуді қамтитын операциялар кешені;

      4) көлік құралының типін мақұлдау – айналымға енгізілген көлік құралдарының бір типке жатқызылған Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде КО ТР 018/2011 (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

      5) қарсы міндеттемелер – өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде қабылданатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі мен мемлекеттің өзара міндеттемелері;

      6) материалдық тасымалдаушы – қолдан жасаудан қорғау элементтерін (құралдарын) қамтитын немесе қамтымайтын және сәйкестендіру құралдарын салуға, сақтауға және беруге арналған кез келген материалдардан жасалған бақылау (сәйкестендіру) белгісі немесе объект;

      7) оператор – елішілік құндылықты дамыту саласындағы ұлттық даму институты;

      8) өтініш беруші – осы Қағидалар шеңберінде шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім берген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі;

      9) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеу өнеркәсібінің отандық тауарларын, жұмыстары мен көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;

      10) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өнеркәсіп саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыруды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары – "Өнеркәсіптік саясат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын өңдеу өнеркәсібі мен өнеркәсіптік-инновациялық қызметті дамыту мақсатында мемлекетпен қолданылатын ынталандыру шаралары;

      12) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе өзге де автоматты сәйкестендіру құралын (технологиясын) пайдалана отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей қатары;

      13) сәйкестікті растау – техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) нәтижесі болып табылатын рәсім;

      14) сертификаттау сынақтары – өнімнің қасиеттері сипаттамаларының ұлттық және (немесе) халықаралық нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін өнімді бақылау сынақтары;

      15) таңбалау – тауарға шартты белгілерді, әріптерді, сандарды, графикалық белгілерді немесе жазбаларды оны одан әрі сәйкестендіру, белгіленген талаптарды және тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық компонентінде болатын олар туралы дұрыс мәліметтерді (оның ішінде оларға түсірілген сәйкестендіру құралдары және (немесе) сәйкестендіру құралдары бар материалдық тасығыштар туралы мәліметтер) қадағалай отырып, оның қасиеттері мен сипаттамаларын көрсету мақсатында жазу;

      16) шасси типін мақұлдау – айналымға шығарылатын, бір түрге жатқызылған шассидің "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссияның 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен бекітілген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" 018/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат.

      4. Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын уәкілетті орган Операторды тарта отырып жүзеге асырады.

      5. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен бекітілетін төлемдер кестесіне сәйкес осы Қағидалар шеңберінде Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге көзделген қаражатты Оператордың ағымдағы шотына аударады.

      6. Оператор уәкілетті орган мен Оператордың арасында жасалған шарт негізінде отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге бөлінген қаражатты басқару үшін Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейлі банкте ағымдағы шот ашады.

      Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      7. Қаржы жылының соңындағы ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және сәйкесінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету үшін келесі қаржы жылы жұмсалады.

      8. Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай шығын түрлері бойынша:

      1) отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындарға, оның ішінде:

      отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалау жүргізуге;

      сынақ нәтижелерін сараптауды қоса алғанда, шығарылатын өнімге сертификаттық және зертханалық сынақтар жүргізуге;

      инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;

      сертификаттарды тіркеуге;

      сертификаттарды қайта ресімдеуге және ұзартуға;

      2) аяқ киім өнімін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын салуға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар:

      сәйкестендіру құралдарын сатып алуға;

      өнімді шығару кезеңінде сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;

      бағдарламалық қамтуды қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын қолдануға арналған жабдықты немесе инженерлік материалдық тасымалдауышты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға жүргізіледі.

      9. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылатын соманың 50%-ы мөлшерінде негізделген және құжатпен расталған шығындар өтеледі, бірақ:

      1) осы Қағидалардың 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 3 000 (үш мың) айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК);

      Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 3000 (үш мың) АЕК-тен аспайды;

      2) осы Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасына сәйкес келтірілген шығындар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметтің бір субъектісіне өтінім берілген күнге дейін соңғы 24 (жиырма төрт) ай ішінде 10 000 (он мың) АЕК-тен аспайды.

      Бұл ретте өтеу сомасы өнеркәсіптік-инновациялық қызметті бір субъектісіне күнтізбелік жылы теңгемен 10 мың (он мың) АЕК-тен аспайды.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Қарау үшін мынадай:

      1) отандық тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер өндірушілер болып табылатын;

      2) өтінім берген күні салықтар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдар бойынша берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);

      3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тіркеген және/немесе хабарлаған күннен бастап Операторға өтінім келіп түскенге дейін кемінде күнтізбелік 1 (бір) жыл өткен;

      4) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне жатпайтын;

      5) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 мамырдағы № 306 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28264 болып тіркелген) Басым тауарлардың тізбесіне кіретін өнім өндірісін жүзеге асыратын;

      6) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын;

      7) өспелі қорытындымен өтінім берген күннен бастап 3 жылдағы салықтар бойынша аударымдары бар өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдері жіберіледі.

      Осы тармақтың 7) тармақшасының талабы тіркелген күнінен бастап ұлттық институтқа өтінім келіп түскен күнге дейін кемінде күнтізбелік үш жыл өткен өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне таралады.

      Арнайы салық режимі мен салық жеңілдіктері таралатын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген талаптар қолданылмайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Өтініш берушіге өтеуге:

      1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылатын және/немесе қаржыландырылған іс-шаралар бойынша шығындар жатпайды.

      12. Шығындарды өтеу ұлттық валютада өндіріледі.

      Шетел валюталарында жұмсалған шығындарды қайта есептеу көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға өтініш берушінің төлем жүргізген күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

      13. Шығындардың бір бөлігін өтеуді алуға үміткер өтініш беруші Операторға:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінімді;

      2) өтелетін кезеңде жарамды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда жасалғандығын растайтын құжаттардың көшірмелерін. "СТ-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификат, Сертификат /Еуразиялық экономикалық одағының сәйкестік туралы декларация, Индустриялық сертификат тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын құжаттар болып табылады;

      3) шығындары оларды өтеу туралы өтінімге енгізілген шартқа қосымшалармен жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттардың көшірмелерін;

      4) төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделген болса), шот-фактуралардың және орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелерін, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге төлем фактін растайтын банкпен куәландырылған төлем құжаттарын.

      Егер орындаушы Қазақстан Республикасының бейрезиденті болса орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және/немесе шот-фактуралары және/немесе инвойс көшірмелерінің орнына қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады;

      5) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері тартқан шығын қорытындылары бойынша есеп,

      (өтініш берушімен бланкте толтырылады (болған жағдайда)), төмендегі ақпаратты көрсете отырып ұсынылады:

      өтініш берушінің экономиканың басым секторындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы;

      жұмсалған шығындардың қажеттілігі;

      алынған жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерден өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қызметіне жұмсалған шығындарға дейінгі және одан кейінгі экономикалық әсері.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Шығынның түріне байланысты мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:

      1) отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілетін стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау кезінде келтірілген шығындар бойынша: тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің ұйым стандарттарын қоса алғанда, техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға немесе шарттардың талаптарына (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері, сынақ хаттамалары, көлік құралының типін мақұлдаудың, шасси типін мақұлдаудың көшірмелері және басқа құжаттар) сәйкестік рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері;

      2) аяқ киім өнімін таңбалауға үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын түсіруге арналған жабдықты сатып алуға байланысты жеңіл өнеркәсіп субъектілерінің шығындары: сәйкестендіру құралдарын, сондай-ақ өнімді шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын түсіру бойынша баспаханалық қызметтерді сатып алу (алу) бойынша:

      сәйкестендіру құралдарын сатып алуды растайтын шарттың және (немесе) келісімнің көшірмесі;

      сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық тасығыштарды түсіруге арналған жабдықтарды, сондай-ақ инженерлік бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға:

      бағдарламалық жабдықтауды және жеткізу және пайдалануға беру фактісін растайтын құжаттарды қоса алғанда, жабдықты жеткізуге арналған шарттың және (немесе) келісімнің, оның ішінде лицензиялық келісімнің көшірмесі.

      15. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында өтініш беруші ұсынатын құжаттардың толық тізбесі айқындалады. Бұл ретте, қажет болғанда, Оператор қосымша құжаттарды сұратуға және өтініш берушінің өндірістік объектісіне шығу жүргізуге құқылы.

      16. Өтінім және оған қоса берілетін құжаттар мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде ресімделеді. Құжаттар шет тілінде ұсынылған кезінде, өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудармасын қамтамасыз етеді.

      17. Өтінімге қоса берілетін құжаттардың көшірмелері тек сканерленген нұсқада ұсынылады, формат - (Portable Document Format - PDF).

      18. Өтінімде және оған қоса берілген құжаттарда тазартылып өшiрiлген, қосылып жазылған, сызылған сөздер және өзге келiсiлмеген түзетулердің болуына жол берілмейді.

      19. Осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінім мен оған қоса берілетін құжаттар электрондық нысанда беріледі және бірінші басшының немесе оның міндеттерін атқарушының (бірінші басшының міндеттерін орындау туралы растау құжаты болғанда) немесе жеке кәсіпкердің немесе немесе олар уәкілеттік берген тұлғаның (сенімхат болғанда) немесе жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      Шығындарды өтеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес Оператордың ақпараттық жүйесі немесе осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне - (бұдан әрі – Негізгі талаптардың тізбесі) сәйкес "Электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы беріледі.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Алып тасталды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Алып тасталды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      22. Ағымдағы шотта мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ақшалай қаражат жеткіліксіз болғанда, Оператор ағымдағы шотқа қаражат келіп түскенге дейін өтініш берушіге ақшалай қаражат аударуды тоқтатады.

      23. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша шығындарын өтеу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Шығындарды өтеу туралы келісім (бұдан әрі – Шығындарды өтеу туралы келісім) жасалған күннен кейін шығындардың бір бөлігін өтеу сомасын өтініш берушінің банктік шоттарына немесе шығындарды өтеу шарттары мен мөлшеріне сәйкес өтініш берушінің Қазақстан Республикасының Ұлттық операторында ашылған шотына аудару арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылады, бұл ретте өтініш берушіге ақшалай қаражат аударғаны үшін Операторға сыйақы қарастырылмаған.

      24. Өтініш берушімен қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісім Операторға келіп түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісімді жасау күні болып саналады.

      25. Өтініш беруші Шығындарды өтеу туралы келісімге қол қоюдан бас тартқанда, Операторға себептерді көрсете отырып тиісті жазбаша хабарлама жолдайды.

      26. Осы Қағидаларда көзделген өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында Оператор өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісі шығындардың бір бөлігін өтеуді алғаннан кейін 2 (екі) жыл ішінде Шығындарды өтеу туралы келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайынғы негізде өтініш берушімен ұсынылған ақпарат негізінде оларды іске асыруға мониторинг жүргізеді.

      27. Өтініш беруші Қағидалардың шеңберінде мемлекет салған 1 (бір) теңгеден кем дегенде 2 (екі) теңгеге кәсіпорын кірістерінің көлемін ұлғайту бойынша қарсы міндеттемелерді өзіне қабылдайды.

      28. Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде алынған ақшалай қаражатты қайтарғанда, қайтарылатын қаражат сомасы қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейін ескере отырып, ұсынылған мемлекеттік қаржыландыру көлеміне сәйкес.

      29. Мониторинг қорытындысы бойынша Оператор тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы Оператор есебін ұсынады.

2-тарау. "Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету тәртібі

      30. "Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      31. Қызмет көрсету тәсілдерін, мерзімін, нысанды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне немесе www.egov.kz Порталы және www.qazindustry.gov.kz көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне жүгінуі арқылы көрсетіледі.

      33. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

      34. Алып тасталды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінім және Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету үшін мәліметтерді қабылдау туралы мәртебе мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсетумен көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданатын және сонда сақталатын, көрсетілетін қызметті берушінің тарапынан қол қойылған, екі дана Шығындарды өтеу туралы келісімді қоса берумен, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама (бұдан әрі – шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама) немесе Негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту (бұдан әрі – дәлелді бас тарту) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген өтінім мен құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі оларды көрсетілетін қызметті берушінің тіркеу сәтінен бастап 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында, сондай-ақ Негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық емес топтамасын, және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынғаны анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      39. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер анықталғанда, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігіне арналған тыңдау өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы көрсетілетін қызметті алушыға хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      40. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші тарапынан қол қойылған, екі данада Шығындарды өтеу туралы келісімді немесе дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы хабарламаны немесе көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған Негізгі талаптар тізбесінде көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден жазбаша бас тартуды жолдайды.

      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40-1. Уәкілетті орган осы Қағидаларды өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

      Ескерту. 40-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      Ескерту. 3-тарау алып тасталды – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Отандық өңделген тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарыққа
ілгерілетуге бағытталған
өнеркәсіпті мемлекеттік
ынталандыру шараларын
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      нысан

  Оператор
___________________________
(Оператордың атауы)
____________________________
(өтініш берушінің атауы)

Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсетуге арналған өтінім (өтініш беруші бланкіде толтырады (бар болса))

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Өтініш берушінің атауы (толық).

      2. Заңды мекенжайы немесе орналасқан жері (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон) (болған жағдайда).

      3. Бірінші басшының немесе жеке кәсіпкердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы, жұмыс немесе ұялы телефон нөмірі, электрондық адресі).

      4. БСН (бизнес сәйкестендіру нөмірі)/ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі).

      5. Өтініш берушінің нөмірі (болған жағдайда) және мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні.

      6. Қызметкерлер саны ______ адам, соның ішінде, Қазақстан Республикасының азаматтары ______ адам.

      7. Кадрлардағы елішілік құндылық үлесі____%.

      8. Қызметтің негізгі түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып).

      9. Шығарылатын өнімнің атауы.

      10. Өтініш беруші мемлекеттік Бағдарламалар қатысушысы болып табыл(а)ды ма (иә деп жауап берсеңіз, мемлекеттік ынталандыру шарасын алған жылды көрсетіңіз, қандай Бағдарламалар шеңберінде және қандай мемлекеттік ынталандыру шараларын алдыңыз).

      11. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 342 бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары шеңберінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28504 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) қандай шығын түрін пайдалану жоспарланған (қажеттісін белгілеңіз ):

      1) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға байланысты шығындар:

      ☐ сертификаттаудан өтуге байланысты отандық өңделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растауға байланысты бағалау өткізуге;

      ☐ инспекциялық аудит және бақылау жүргізуге;

      ☐ сертификаттарды тіркеуге;

      ☐ сертификаттарды қайта ресімдеуге және ұзартуға;

      2) аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтуды, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын қолдануға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар:

      ☐ сәйкестендіру құралдарын сатып алуға (алуға);

      ☐ өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;

      ☐ инженерлік бағдарламалық қамтуды қоса алғанда, сәйкестендіру құралдарын қолдануға арналған жабдықты немесе материалдық тасымалдауышты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға.

      12. Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісімен жұмсалған шығындар*:

р/с №

Шығындардың атауы

Экономикалық қызмет түрі

Шығындар жүргізілген шарттың нөмірі

Орындалған жұмыстар, қызметтерді/жұмыстарды қабылдап алу актісінің нөмірі мен күні

Шот-фактураның/төлем шотының нөмірі мен күні

Қосылған құн салықсыз шығындар сомасы

экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің коды

атауы

төлем валютасында

теңгемен

1









2









3









      * Кестелерді толтырған кезде жұмсалған шығындардың әр сомасын шот-фактураға сәйкес көрсету.

      Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома:

      ____________________________________________________________________ теңге.

                  (сомасы сандармен және жазумен)

      13. Өтініш берушінің банктік деректемелері:

      Алушының банкі: ________________________________________________

      Шот нөмірі: ____________________________________________________

      БСК (банктік сәйкестендіру коды) _________________________

      КБе (бенефициар коды) ___________________________________________

      14. Шығындарды өтеу ұлттық валютада жүргізіледі. Шетел валюталарында жұмсалған шығындарды қайта есептеу отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бойынша орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер үшін төлем жүргізген күндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады.

      15. Осы өтініммен өтініш беруші ұсынылған ақпараттың, ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен түпнұсқалығын дұрыстығына кепілдік береді.

      Өтініш беруші сұрау салынатын мемлекеттік ынталандыру шарасы шеңберінде шеккен іс-шаралар бойынша шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мемлекеттік ынталандыру шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қаржыландырылмағанын растайды.

      16. Өтініш беруші белгілі бір мемлекеттік кызметті алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) жоқтығын, сондай-ақ оның негізінде өтініш беруші мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің жоқтығын растайды.

      17. Мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға өтінімді толтырған байланыс тұлғасы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы): _________________.

      Осы Өтінімге мынадай құжаттар мен құжаттардың көшірмелерін қоса беремін:

      1) ____________________;

      2) ____________________;

      3) ____________________;

      4) ____________________;

      5) ____________________.

      Өтінімді толтыру күні _______________

      Өтініш берушінің бірінші басшысы (бірінші басшының міндеттерін атқаратын адам (бірінші басшының міндеттерін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде)), жеке кәсіпкер немесе өтініш берушінің өкілі (сенімхат болған кезде)

      _______________ ______________ ____________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      Мөр орны (болған жағдайда).

  Отандық өңделген тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарыққа
ілгерілетуге бағытталған
өнеркәсіпті мемлекеттік
ынталандыру шараларын
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан
  Кімге_______________________
(өнеркәсіптік-инновациялық
қызмет субъектісінің атауы,
индекс, мекенжайы, телефоны)

Хабарлама ___________________________________________________________________ (Оператордың атауы)

      ____________________________________ (өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің атауы) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы ____ № ____ бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) шеңберінде ұсынған Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ____ (өтінім күні) № ___ өтінімін Қағидалардың белгіленген талаптарына сәйкестігін қарап, Өтініш беруші мен көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды орындаушы (жұмыс/ көрсетілетін қызметті берушінің атауы) арасында жасалған Шартқа сәйкес жұмсалған шығындардың бір бөлігін Өтініш берушіге өтеу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдады.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы сәйкес болмағанда:

      Қоса берілген өтінімді тексеру қорытындысы бойынша өтінім Қағидалардың белгіленген талаптарына төмендегі негіздемелер бойынша сәйкес келмейтіндігі анықталды: __________________________________________________________.

      Жоғарыда баяндалғандар негізінде _________________ Шарт шеңберінде жұмсалған шығындарды өтеу Қағидалардың _____ тармағы _____ тармақшасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты мүмкін емес.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы сәйкес болғанда:

      Қоса берілген өтінімді тексеру қорытындысы бойынша өтінімнің Қағидалардың талаптарына сәйкестігі анықталды.

      Қағидалардың _____ тармағына сәйкес өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне өтінім берген күнге дейін _________ айдан ерте емес жұмсалған, негізделген және құжаттармен расталған шығындар жұмсалған шығындар сомасының ____% мөлшерінде өтеледі, сонымен қатар өтеу сомасы күнтізбелік жылда _______________ аспауы қажет.

      Қағидалардың _____ тармағы _____ тармақшасына сәйкес Оператормен өтеуге қабылданатын өтініш берушінің шығындар сомасы Операторға өтінім келіп түскен күнге дейінгі _________ айдан ерте емес қол қойылған көрсетілген қызметтердің (орындалған жұмыстардың) жалпы сомасына төлем құжаттары мен акті (актілер) негізінде анықталады.

      Өтеу сомасы ____________ (сома жазумен) теңге мөлшерінде негізделген шығындардан ________ % сүйене отырып, ____________ (сома жазумен) теңгені құрайды, бұл ретте, өтеу сомасы күнтізбелік жылда төмендегі кестеге сәйкес Өтініш берушімен жүргізілген және өтеуге жататын _________________теңгеден аспауы қажет.

Өтініш беруші шығындарды өтеуге ұмтылған көрсетілген қызметтер/жұмыстар

Шығын сомасы, теңге

Өтеу көлемі

Өтеу сомасы, теңге

1

Шарт /келісім № және күні

_______ теңге

___%
____ теңгеден артық емес

_______ теңге

      Осыған байланысты, белгіленген талаптарға сәйкес ___Оператор_____

      2 (екі) данада, Оператормен қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісімді Өтініш беруші қол қою үшін жолдайды.

      Оператор қызметкерлерінің қолы қойылған Келісім данасын қайтаруды сұраймыз.

      Қосымша: Шығындарды өтеу туралы келісімнің 2 (екі) данасы _____ парақта.

      ____________________                         _________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы)       (қолы)            (Тегі, аты, әкесінің аты

      (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

  Отандық өңделген тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарыққа
ілгерілетуге бағытталған
өнеркәсіпті мемлекеттік
ынталандыру шараларын
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Шығындарды өтеу туралы келісім

_________ қаласы

20 ___жылғы "___" ____________

      Бұдан әрі "Оператор" деп аталатын, ______________ негізінде әрекет ететін ___________________(Оператор атауы) бір тараптан және бұдан әрі "Өтініш беруші" деп аталатын______________ негізінде әрекет ететін _________________________________ (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты) (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар", ал жеке "Тарап" деп аталатындар, Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде төмендегілер туралы Шығындарды өтеу туралы осы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:

1. Келісім мәні

      1. Оператор Қағидалардың шеңберінде өтінімге сәйкес толық (немесе жартылай) көлемде ____________________________________________________ (шығын түрі) сомасы ___________ (сома жазумен) теңге шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шарасын ұсынуға, ал, Өтініші беруші Келісімге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларының қарсы міндеттемелерін орындауға міндеттенеді.

      2. Шығындарды өтеу шеңберінде өтініш беруші шетел валютасындағы шығындарды растайтын құжаттарды ұсынғанда, шығындарды өтеу сомасы көрсетілген қызметтер (орындалған жұмыстар) үшін орындаушыға өтініш берушінің төлем жүргізген күніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдарына сүйене отырып есептеледі.

      3. Ағымдағы шотта мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну үшін қажетті ақшалай қаражат жеткіліксіз болғанда, шығындарды өтеу Оператормен бюджеттік бағдарлама әкімгерінен қаражат келіп түскенге дейін тоқтатылады.

2. Тараптардың міндеттемелері

      4. Оператор:

      1) Келісімнің орындалуына елеулі әсер етуі мүмкін Қағидаларды іске асыруға байланысты барлық өзгерістер туралы Өтініш берушіге хабарлау;

      2) осы Келісімге қол қойған күннен кейін екі жыл ішінде мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға мониторинг жүргізуге міндеттенеді.

      5. Өтініш беруші:

      1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға Оператордың мониторинг жүргізуі мақсатында өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға және Операторға Тараптармен осы Келісімді жасаған күнге дейін 2 (екі) жылғы және жасаған күннен кейін 2 (екі) жылғы деректерді қоса алғанда, Операторға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әрі қарай жіберу үшін бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім ұсынуға; Операторға өтініш берушімен қол қойылған Шығындарды өтеу туралы келісім келіп түскен күн Шығындарды өтеу туралы келісім жасау күні болып саналады. Бастапқы статистикалық деректерді таратуға келісім нысаны осы Келісімге 2-қосымшада келтірілген;

      2) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде мемлекеттік ынталандыру шараларын алу және/немесе іске асыруға мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда, Оператордың жазбаша сұрауын алған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде мониторинг жүргізуге қажетті деректерді ұсынуға;

      3) Келісімге 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шеңберінде қарсы міндеттемелерді орындауға;

      4) Оператордың жазбаша сұрауына сәйкес оны Оператордан алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша қарсы міндеттемелерді орындамағанда, мемлекеттік ынталандыру шарасын іске асыру барысы туралы ақпаратты ұсынуға;

      5) Келісім шарттарын бұзғанда, шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша Оператормен берілген ақшалай қаражатты Оператордан тиісті хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қайтаруды қамтамасыз етуге, бұл ретте, қайтарылатын қаражат сомасы Келісімге қосымшада көзделген қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейін ескере отырып, ұсынылған мемлекеттік қаржыландыру көлеміне сәйкес.

      6) мемлекеттік ынталандыру шарасын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығын, уақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз етуге;

      7) қаржылық, әкімшілік немесе шарттық сипаттағы және/немесе осы Келісім бойынша іс-шаралар орындаған кезде проблемалық мәселелер туындаған кезде проблемалық мәселелер/іс-шаралар туындаған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Операторға жазбаша хабарлауға;

      8) көшпелі мониторинг жүргізу мақсатында Өтініш берушінің аумағына Оператор өкілдерінің (Оператордың хаты негізінде) кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге;

      9) Келісімге байланысты барлық есептерді осы Келісімнің әрекет ету мерзімі аяқталған сәттен бастап кемінде 2 (екі) жыл сақтауға міндеттенеді.

3. Тараптардың құқығы

      6. Оператор:

      1) мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша қарасы міндеттемелерді орындамағанда, сондай-ақ мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның бастапқы статистикалық деректері негізінде мемлекеттік ынталандыру шарасын алу және/немесе мониторинг жүргізу мүмкін болмағанда, іске асыруға мониторинг жүргізу үшін мемлекеттік ынталандыру шарасын іске асыру барысы туралы ақпаратты Өтініш берушіден сұратуға;

      2) осы Келісімнің шарттарын бұзғанда, осы Келісімді біржақты тәртіпте бұзуға және ұсынылған мемлекеттік ынталандыру шарасы бойынша ақшалай қаражатты қайтаруды талап етуге;

      3) көшпелі мониторинг жүргізу мақсатында Өтініш берушінің аумағына Оператор өкілдерінің (Оператордың хаты негізінде) кедергісіз өтуіне;

      7. Өтініш беруші осы Келісімнің шарттарына сәйкес отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға құқылы.

4. Тараптардың жауапкершілігі

      8. Оператор Қағидалар шеңберінде мемлекеттік ынталандыру ұсынуға арналған ақшалай қаражат шегінде мемлекеттік ынталандыру шараларын толық және уақтылы ұсыну үшін жауаптылықта болады.

      9. Өтініш беруші:

      1) мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде ұсынылған ақпараттың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы, уақтылығы және дұрыстығы;

      2) Келісімге 1-қосымшада көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шаралары бойынша қарсы міндеттемелер орындау;

      3) осы Келісімнің шарттарын бұзғанда, шығындарды өтеу түрінде мемлекеттік ынталандыру шеңберінде берілген ақшалай қаражатты қайтарудың уақтылығы үшін жауаптылықта болады.

5. Құпиялылық

      10. Осы Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банктік құпия, сондай-ақ, қаржылық, коммерциялық және осы Келісімді жасау және орындау барысында Тараптармен алынған өзге ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайлардан басқа үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайды.

      Құпия ақпаратқа жүргізілген өтеу сомасына қатысты ақпарат, Өтініш берушінің атауы және мемлекеттік ынталандыру шаралары жатпайды.

      11. Тараптар осы Келісімнің құпиялылығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымдық тұлғалары мен қызметкерлеріне осы Келісімді іске асыру барысында алған мәліметтерді жариялауға немесе үшінші тұлғаларға беруге рұқсат етілмейді.

      12. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің талаптарын бұза отырып, құпия ақпаратты жариялаған немесе таратқанда, кінәлі Тарап осындай ақпаратты ашу нәтижесінде екінші Тарап шеккен ықтимал шығындарды өтеумен, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылықта болады.

6. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

      13. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайларының туындауына байланысты міндеттемелерді орындаудан толық немесе ішінара босатылады. Тараптар осы жағдайлар кезiндегi төтенше және алдын алу мүмкін болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар, төтенше жағдай) еңсерілмейтін күш мән-жайларына жатқызады.

      14. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде, тарап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші тарапқа міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі туралы хабарлауға міндетті. Осы шарттың қадағаланбауы тарапты жауапкершіліктен босататын негіз ретінде еңсерілмейтін күш мән-жайларына сілтеме жасау мүмкіндігінен айырады.

      15. Егер еңсерілмейтін күш мән-жайлары осы Келісімде көзделген мерзімде міндеттемені орындауға тікелей әсер етсе, егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, бұл мерзім тиісінше осындай жайттардың әрекет ету уақытына кейінге қалдырылады.

7. Даулы мәселелерді шешу

      16. Оператор мен Өтініш беруші тікелей келіссөздер процесінде Келісім бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктер мен дауларды шешу үшін барлық күштерін салулары тиіс.

      17. Егер келіссөздер нәтижесінде Оператор мен Өтініш беруші дауды шеше алмағанда, Тараптардың кез келгені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының сотына қарауға жібереді.

8. Қорытынды ережелер

      18. Осы Келісім Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және

      қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жыл ішінде немесе тараптардың міндеттемелерді толық орындауына дейін әрекет етеді (қайсысы бірінші туындауына байланысты).

      19. Алдағы уақытта осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын, осы Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша түрде ресімделген және барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды.

      20. Тараптар деректемелер (заңды мекенжайлары, шот нөмірлері) өзгергенде, бір біріне дереу хабарлайды.

      21. Осы Келісім әр Тарап үшін бір данадан заңды күші бірдей екі данада жасалды.

9. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Оператор:
__________(атауы)___________________________
Мекенжай:
тел/факс:
БСН
ЖСК
БСК
_______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер
ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса))
Мөр орны

Өтініш беруші
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Мекенжай:
тел/факс:
БСН/ЖСН
ЖСК
БСК
_______________________________
(бірінші басшының лауазымы)
_______________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (егер
ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса))
Мөр орны (болған жағдайда)

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      БСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК - жеке сәйкестендіру коды;

      БСК - банктік сәйкестендіру коды.

  Шығындарды өтеу
туралы келісімге
1-қосымша
  Нысан

Шығындарды өтеу туралы келісім бойынша қарсы міндеттемелерді орындауға келісім (Өтініш берушінің бланкінде толтырылады)

      ______( Өтініш берушінің толық атауы) (БСН___________)__ отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік ынталандыру шараларын алу шеңберінде Шығындарды өтеу туралы жасалған келісім негізінде осы қосымшада көрсетілген Келісімге қол қойғаннан кейін екі жыл ішінде міндеттемелерді орындауға келісім береді және міндеттенеді Қағидалардың шеңберінде мемлекет салған 1 (бір) теңгеден кәсіпорын кірістерінің көлемін кемінде 2 (екі) теңгеге ұлғайту.

      Мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру шеңберінде алынған ақшалай қаражатты қайтарғанда, қайтарылатын қаражат сомасы қарсы міндеттемелерді орындаудың қол жеткізілген деңгейін ескере отырып, ұсынылған мемлекеттік қаржыландыру көлеміне сәйкес

      ___________________             ___________________________________________

      (басшының қолы)             (басшының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілген болса))

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Шығындарды өтеу
туралы келісімге
2-қосымша
  Нысан

Бастапқы статистикалық деректер таратуға келісім (Өтініш берушінің бланкінде толтырылады)

      ________ (Өтініш берушінің толық атауы) ____________ өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға (Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) және Операторға ("QazIndustry" Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы) мынадай нысандар бойынша бастапқы статистикалық деректерді ашуға келісім береді:

      1 – ПФ (статистикалық нысан коды 0051102) – Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп;

      1-Т (статистикалық нысан коды 1211101) – Еңбек бойынша есеп;

      2 – МП (статистикалық нысан коды 0031102) – (шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған) – Шағын кәсіпорын қызметі туралы есеп;

      кезең үшін: 20__ жылғы ___ тоқсаннан 20__ жылғы ___ тоқсан аралығын қоса алғанда;

      көрсеткіштер бойынша:

      1-ПФ нысаны:

      "Негізгі және екінші қызмет түрлері бөлінісінде өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер көлемі туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге"

      1-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер көлемі


      "Негізгі және екінші қызмет түрлері бөлінісінде кәсіпорын шығындары туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге" 2-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Материалдық шығындар


6.3

Жалдау ақысы


6.4

Басқа ұйымдармен орындалған өндірістік емес сипаттағы қызметтер


6.5

Басқа шығындар


      "Негізгі және екінші қызмет түрлері бөлінісінде кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерін көрсетіңіз, мың теңге" 3-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтерден түскен табыс


2

Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны


3

Жалпы пайда


      1-Т нысаны: "Қызметкерлер саны және жалақы қоры туралы деректерді көрсетіңіз" 2-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Есепті кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны – барлығы, адам


1.1

оның ішінде, негізгі қызмет персоналы


2

Қызметкерлердің нақты саны (жалақы есептеу үшін қабылданатын), адам


2.1

оның ішінде, негізгі қызмет персоналы


      2-МП нысаны:

      "Қызметкерлер санын көрсетіңіз, адам" 1-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Есепті кезеңдегі қызметкерлердің орташа тізімдік саны


4

Жалпы қызметкерлер саны


5

Қызметкерлердің жалпы саны
(орташа жалақыны есептеу үшін қабылданатын)


      "Өндірілген өнім, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер көлемі, сатылған өнім мен көрсетілген қызметтен түскен табыс туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге" 2-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Барлығы


      "Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетіңіз, мың теңге" 3-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Өнімді сату мен қызмет көрсетуден түскен табыс


2

Сатылған өнім мен көрсетілген қызметтердің өзіндік құны


3

Жалпы пайда


      "Кәсіпорын шығындары туралы ақпаратты көрсетіңіз, мың теңге" 4-тарау бойынша

Жол коды

Көрсеткіштер атауы

Есепті тоқсанға арналған

А

Б

1

1

Материалдық шығындар, барлығы


2

Басқа шығындар


      Өтініш берушінің басшысы

      _____________             _______________________________________

      (қолы)                   (Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын

      куәландыратын құжатта көрсетілген болса))

      Мөр орны

  Отандық өңделген тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарыққа
ілгерілетуге бағытталған
өнеркәсіпті мемлекеттік
ынталандыру шараларын
көрсету қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыру туралы Оператордың есебі 20___ жылғы ________ тоқсанға арналған есеп

      Индекс:

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынатын тұлға: "QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы

      Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Ұсыну мерзімі:

      тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей

      мың теңге

№ р/с

Кәсіпорын атауы

Қағидалар шеңбер
інде шығын түрінің атауы

Өтінім келіп түскен күн

Мемлекеттік ынталандыру шараларын
ұсыну туралы шешім қабыл
дау күні

Шығындар сомасы

Есепті күнге қаржыландырылған сома

Ағым дағы жағдайы

Өтініш берушінің жеке қатысуы

Мемле
кеттік ынталандыру

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Оператор басшысы: _________________ /

      Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)/(қолы)

      Мөр орны (болған жағдайда)

  Отандық өңделген тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарыққа
ілгерілетуге бағытталған
өнеркәсіпті мемлекеттік
ынталандыру шараларын
көрсету қағидаларына
5-қосымша

      нысан

      Кімге_______________________

      (өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің атауы, индекс, мекенжайы,

      телефоны)

Дәлелді бас тарту

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті беруші)

      Сіздің 20__ жылғы (күні) № (кіріс құжатының нөмірі) өтінішіңізді қарап, төмендегіні хабарлайды.

      (Бас тартуды негіздеу)

      _________________________________             ________________________

      (уәкілетті тұлғаның лауазымы)                               (қолы)

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса)

  Отандық өңделген тауарларды,
жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтерді ішкі нарыққа
ілгерілетуге бағытталған
өнеркәсіпті мемлекеттік
ынталандыру шараларын
көрсету қағидаларына
6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 12.03.2024 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Ішкі нарықта отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"QazIndustry" қазақстандық индустрия және экспорт орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Портал

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қоса берумен шығындардың бір бөлігін өтеу мүмкіндігі туралы хабарлама

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінім мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

Шығындардың бір бөлігін өтеуді алуға үміткер өтініш беруші Операторға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) өтелетін кезеңде жарамды тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қазақстанда жасалғандығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
"СТ-KZ" нысанды тауардың шығуы туралы сертификат, Сертификат /Еуразиялық экономикалық одағының сәйкестік туралы декларация, Индустриялық сертификат тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қазақстанда шыққандығын растайтын құжаттар болып табылады;
3) шығындары оларды өтеу туралы өтінімге енгізілген шартқа қосымшалармен жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді орындау туралы шарттардың көшірмелері;
4) төлем шоттарының (егер төлем құжаттарында көзделген болса), шот-фактуралардың және орындалған жұмыстар/көрсетілетін қызметтер актілерінің көшірмелері, сондай-ақ өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге төлем фактін растайтын банкпен куәландырылған төлем құжаттары.
Егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті орындаушы болғанда, орындалған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер актілерінің және/немесе шот-фактуралары және/немесе инвойс көшірмелерінің орнына қызмет көрсету және осындай заңды тұлғаны тіркеу фактісін растайтын құжаттар ұсынылады;
5) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері тартқан шығын қорытындылары бойынша есеп,
(өтініш берушімен бланкте толтырылады (болған жағдайда)), төмендегі ақпаратты көрсете отырып ұсынылады:
өтініш берушінің экономиканың басым секторындағы қызметінің қысқаша сипаттамасы;
жұмсалған шығындардың қажеттілігі;
алынған жұмыстар және/немесе көрсетілетін қызметтерден өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісінің қызметіне жұмсалған шығындарға дейінгі және одан кейінгі экономикалық әсері.
Шығын түріне байланысты төмендегі құжаттар қосымша ұсынылады:
1) отандық өңделген тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етілетін стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған кезде жұмсалған шығындар бойынша:
тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және сапа менеджменті жүйелерінің техникалық регламенттерде және (немесе) ұйым стандарттарын немесе шарт (сертификаттар, рұқсаттар, тіркеу куәліктері, сынақ хаттамалары, көлік құралы типін мақұлдау көшірмелері, шасси типін мақұлдау) талаптарын қоса алғанда, стандарттау бойынша құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестендіру рәсідерінен өткендігін растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) аяқ киім өнімдерін таңбалауға арналған бағдарламалық қамтуды, сәйкестендіру (таңбалау) құралдарын қолдануға арналған жабдықты сатып алуға байланысты шығындар бойынша:
сәйкестендіру құралдарын сатып алу бойынша, сондай-ақ, өнім шығару сатысында сәйкестендіру құралдарын қолдану бойынша типографиялық қызметтер сатып алуға;
сәйкестендіру құралдарын сатып алуды растайтын шарттың және (немесе) келісімнің көшірмесі;
сәйкестендіру құралдарын немесе материалдық тасымалдауышты, сондай-ақ, инженерлік бағдарламалық қамтуды қолдануға арналған жабдықты сатып алу арқылы өндірісті қайта жарақтандыруға:
жеткізу және пайдалануға беру фактісін растайтын бағдарламалық қамту мен құжаттарды қоса алғанда, жабдық жеткізуге шарт және (немесе) келісім, соның ішінде, лицензиялық келісім көшірмесі.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздемелер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;
6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктерін ескерумен өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары интернет-ресурстарда орналастырылған:
1) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі –www.gov.kz/memleket/entities/mps?lang=ru, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті беруші – www.qazindustry.gov.kz;
3) портал - www.egov.kz.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  Бұйрыққа
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12652 болып тіркелген);

      2. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 6 наурыздағы № 118 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20113 болып тіркелген).

      3. "Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 1164 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 09 қыркүйектегі № 485 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24311 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады