"Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 49 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 наурызда № 20120 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы және әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығының 15-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 қаңтардағы № 49 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18264 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 8 ақпанда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарды ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарда:

      11-тармақтың үшінші бөлігі алынып тасталсын;

      13-тармақтың он екінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады