Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 12 наурыздағы хаттамасының 4-тармағы 1) тармақшасын және "Қазақстан Республикасында пандемия кезеңінде коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 20-ПГВр қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. "Орта білім беру ұйымдарында 2019-2020 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 337 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19120 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
" 3) оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсан – 2020 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 21 күн (2020 жылғы 16 наурыз – 5 сәуірді қоса алғанда);
1-сыныптарда: 7 күн мерзімде (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді."
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |