"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № 226 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 наурызда № 20152 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 9984 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларында:

      12-тармақ алып тасталсын;

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Сотталғандардың өтініштері адресатқа мекеме әкімшілігі арқылы жөнелтіледі.

      Сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жолданатын шағынымдарды сотталғандар электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы бере алады.

      Шешілуі не түсіндіруі мекеме әкімшілігінің құзыретіне жататын сотталғандардың өтініштерін мекеме әкімшілігі қарайды.

      Лауазымды адам сотталғаннан өтінішті алғаннан кейін оны жасақ бастығына береді.

      Жасақ бастығы сотталғанға өтініштерді қабылдау, есепке алу және адресатқа жөнелту тәртібін түсіндіріп, сотталғаннан өтінішті (өтінішхатты) алғаннан кейін осы Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сотталғандардың өтініштерін қабылдау журналына сәйкес оған жыртылмалы талон береді және өтінішті мекеменің кеңсесіне (хатшылығына) мақсаты бойынша жолдау үшін осы журналда (бұдан әрі – Журнал) қол қоюмен тапсырады.

      Өтініштер адресатқа келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей мерзімде жолданады, бұл туралы сотталған қол қою арқылы хабарланады.

      Мекеме әкімшілігі қарастыру субьектісі болып табылмайтын сотталғандардың өтініштері мекеме бастығы не оның міндетін атқарушы адам белгілейтін жауапты қызметкер (жұмыскер) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы ілеспе хатты жасамай немесе электрондық құжат түрінде электрондық өтініштерді жіберуге арналған терминал арқылы адресатқа жолдайды.

      Егер сотталған жүгінген орган (ұйым) Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің қатысушысы болып табылмаса, осы өтініш адресатқа пошта байланысы арқылы жолданады.

      Электрондық құжат түріндегі өтініштерді жіберу үшін мекеме әкімшілігі сотталғандардың тікелей тұратын жерлерінде, камералық ұстау жағдайындағы мекемелерді қоспағанда арнайы терминалдар орнатады, онда мұндай терминалдар мекеме әкімшілігі белгілеген орындарда орнатылады.

      Сотталғандар терминалдардың қызметін күнделікті, кестеге және күн тәртiбiне сәйкес кезектілікті ескере отырып (жасақ және камералар бойынша) пайдаланады.

      Басқа мекемеге ауыстыру, кешірім жасау, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы, сондай-ақ үкімді орындауға байланысты басқа да өтініштер ҚАК-тің 162-бабына сәйкес материалдарға қосу және оларды алған күннен бастап он күн ішінде мақсаты бойынша одан әрі жөнелту үшін арнайы есепке алу қызметіне Журналында қол қоюмен беріледі.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Сотталғандарға: сәлемдеме алу құқығымен ұзақтығы екі сағат қысқа мерзімді, ұзақтығы 2 тәулік ұзақ мерзімді мекеме аумағында кездесулер берілді. Кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде сотталғандарға бұдан басқа ұзақтығы 5 тәулікке дейін мекеме аумағынан тыс жерде тұрумен ұзақ мерзімді кездесу беріледі. Сотталғанның немесе кездесуге келген адамның жазбаша өтініші бойынша кездесу бір тәулікке немесе кездесу ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Бұл ретте, кездесу толықтай пайдаланылған болып саналады.

      Сотталғанның асырап алған және кәмелетке толмаған балаларына онымен кездесу алардың заңды өкілдерінің еріп жүруімен беріледі.

      Қысқа мерзімді кездесулер бөлме биіктігі бойынша органикалық шыныдан жасалған (сотталғандар және келушілер үшін) арнайы қалқалармен өзара бөлініп орнатылған үстелдер арқылы арнайы жабдықталған бөлмелерде өткізіледі. Бөлмелерде сөйлесу құрылғысы бар кабиналар орнатылады.

      Тиісті техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда жазаны өтеудің жеңілдетілген және жеңілдікті жағдайларындағы сотталғандарға қысқа мерзімді кездесулер бейнебайланыс арқылы ұсынылады.

      Тиісті үй-жайлар болған жағдайда жазаны өтеудің жеңілдікті жағдайындағы сотталғандарға жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен қысқа мерзімді кездесулер сотталғандар мен келушілер үшін араларын оқшаулатқыш аралық жабынмен бөлмей ұсынылады.";

      100-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

      138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "138. Сотталғанды мекеме бастығының немесе жазаны орындайтын органның қаулысы бойынша 30 тәулiкке дейінгі мерзiмге, шұғыл жағдайларда бастық келгенше кезекшi, бiрақ 24 сағаттан аспайтын мерзiмге қауіпсіз орынға ауыстырады. Қауіпсіз орынға ауыстыру туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорға жолданады.";

      158-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "158. Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде ұсталатын сотталғандарға:

      1) мекемелер аумағын өз бетiмен тастап кетуге;

      2) қызметтік көлікті қоспағанда, көлiк құралдарын басқаруға;

      3) атыс және суық қаруды, жарылыс қаупі бар және жарылғыш заттарды, есiрткi құралдарын немесе психотроптық заттектерді, "қоңырау/жауап/смс" функциялары бар мобильдік байланыс құралдарын қоспағанда, аудио-, фото- және бейнежазба функциялары бар құралдарды сатып алуға, сақтауға, сондай-ақ оны пайдалануға;

      4) әскери үлгiдегi киiмді киюге;

      5) алкогольдi iшiмдiктердiң барлық түрiн өндiруге, сатып алуға және пайдалануға;

      6) дәрігердің рұқсатынсыз құрамында есірткі бар медициналық препараттарды сатып алуға, сақтауға және пайдалануға;

      7) жұмыс уақытында мекеме әкімшілігіне хабарламай жұмыс объектісін тастап кетуге жол берілмейді. Сотталғандар еңбек келісімшарттарында көрсетілген объектілерде жұмысқа ораналастырылады және жұмысын атқарады;

      8) компьютерлік жабдықтарды, мобильді байланыс құралдарын мекеме аумағына әкелуге, сақтауға және пайдалануға жол берілмейді.

      Қолда бар "қоңырау/жауап/смс" функциялары бар мобильдік байланыс құралдары мекеме аумағына кірген кезде бақылау-өткізу пунктінде орналасқан арнайы жабдықталған құлыптанатын ұяшықтарда сақтауға тапсырылады.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Жеңілдетілген жағдайларда қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға жеке басын зерделегеннен кейін, жеңілдетілген жағдайға ауыстыру сәтінен бастап кемінде 3 ай өткеннен кейін мекеме орналасқан елдi мекеннiң шегiнде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өзінің жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен бірге тұруға рұқсат берiледі.

      Қауіпсіздігі барынша төмен мекемелер аумағынан тыс жерде отбасымен тұруға рұқсат беру, ұзарту не бас тарту мекеме комиссиясы шешімінің негізінде осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мекеме аумағында немесе одан тыс жерде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұру (тұруды ұзарту) құқығына рұқсат беру туралы мекеме бастығының не оны алмастыратын адамның қаулысымен - бас тарту (күшін жою) осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Мекемеден тыс жерде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұру құқығына рұқсат беру (ұзарту) немесе бас тарту (күшін жою) туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей прокурорға жолданады.";

      Көрсетілген Қағидаларға 18-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Көрсетілген Қағидаларға 19-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 226 бұйрығы
1-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің ішкі тәртіптеме
қағидаларына
18-қосымша
  Нысан

Мекеме аумағында немесе одан тыс жерде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұру (тұруды ұзарту) құқығына рұқсат беру туралы қаулы

      Сотталған ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      еңбек етуге адал қарайды және жазаны өтеу режимінің барлық талаптарын сақтайды

      және отбасы бар.

      ҚАК-нің 143-бабын басшылыққа ала отырып,

      қаулы етемін:

      Сотталған _________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      еңбек етуге адал қарағаны және үлгiлi мiнез-құлқы үшiн мына мекенжай бойынша

      отбасымен бiрге тұру (тұруын ұзарту) құқығына рұқсат етiлсiн:

      _________________________________________________________________________

                        (тұратын мекенжайы көрсетiлсiн)

      __________________________________________________________________________

      Мекеме бастығы __________________________________________________________

                              (атағы, аты-жөнi, қолы)

      20 ___ жылғы "___" _____________

      Қаулы маған хабарланды, мекемеден тыс жерде тұру тәртiбi түсiндiрiлдi.

      Мекемеге тiркелу үшiн айына 4 рет келуге мiндеттенемiн.

      20___жылғы "___" ____________

      _____________________________

      (сотталғанның аты-жөнi, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 18 наурыздағы
№ 226 бұйрығы
2-қосымша
  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінің ішкі тәртіптеме
қағидаларына
19-қосымша
  Нысан

Мекемеден тыс жерде жалға алынған немесе меншікті тұрғын алаңында өз отбасымен тұру құқығынан бас тарту (күшін жою) туралы қаулы

      Сотталған _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      20___жылғы "___" ___________ _____________________________________________

      (мінез-құлық қағидасын бұзуға жол берiлген

      __________________________________________________________________________

      мән-жайлар және сипаты не мекемеден тыс жерде тұру

      __________________________________________________________________________

                  құқығынан айыруға негiз болған себептер баяндалады)

      ҚАК-нің 131-бабын басшылыққа ала отырып,

      қаулы етемін:

      Сотталған ________________________________________________________________

                        (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

      20___ жылғы "__" __________ бастап мекемеден тыс жерде тұру құқығынан

      бас тартылсын (күші жойылсын).

      Мекеме бастығы __________________________________________________________

                              (атағы, аты-жөнi, қолы)

      20___ жылғы "__" _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады