Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды үшінші елдерге шығаруға тыйым салу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 наурызда № 20157 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 111 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.04.2020 № 111 бұйрығымен.

      "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағынан осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тауарларды үшінші елдерге шығаруға тыйым салынсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тауарлардың экспортына арналған рұқсатнамалардың, тауарларға арналған ветеринариялық және фитосанитариялық сертификаттардың қолданылуын және оларды беруді тоқтата тұрсын.

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті бағытқа жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сауда және интеграция министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 22 наурызы
№ 103 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге шығаруға тыйым салынатын тауарлардың тізбесі

Тауар атауы*

ЕАЭО СЭҚ ТН коды**

Қарақұмық

1008 1000 09

Бидай немесе қара бидай ұны

1101 00

Ақ қант

1701 99

Картоп

0701

Сәбіз, шалқан, қызылша

0706

Басты пияз

0703 10

Ақ қауданды қырыққабат

0704 90 1000

Күнбағыс тұқымы, уатылған және уатылмаған

1206

Күнбағыс майы

1512 11 910

      Ескертпе:

      * Кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану мақсаттары үшін тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атауы пайдалануға қолайлы болу үшін келтірілген.

      **ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады