Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 наурызда № 20200 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлігінің 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.Р. Заппаровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 26 наурызы
№ 247 бұйрықпен
бекітілген

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабы бірінші бөлігінің 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі (бұдан әрі – ҚАЖ мекемелері) сотталғандармен теологиялық оңалу жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      2. Қағидалар діни экстремизм және терроризм идеологияларын, деструктивті діни ағымдарды ұстанушы сотталғандармен мақсатты, үздіксіз, жүйелі, кешенді теологиялық оңалту жұмыстарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде осы идеялардың таратылуының алдын алуға бағытталған.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) деструктивті діни ағым – адамның қорғалатын құқықтары мен бостандықтарына қатер төндіретін, жеке тұлғаның психикалық және физикалық ден-саулығын, сондай-ақ адамгершілік ұстанымдарды, рухани және мәдени құндылықтар мен дәстүрлерді әлсіретуге және (немесе) бұзуға қабілетті жалған діни көзқарастарды, идеялар мен ілімдерді насихаттайтын діни бағыт,культ;

      2) діни экстремизм – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, адамгершілігіне немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдану;

      3) радикалды көзқарастан арылту – радикалды көзқарастан арылту объетісін, оның ішінде сотталғандар қатарынан радикалды идеологиядан/көзқарастардан шығаруға бағытталған теологиялық, психологиялық және әлеуметтік бейімдеу іс-шараларының кешені;

      4) теолог – арнайы діни білімі бар маман;

      5) теологиялық оңалту жұмысы – радикалды көзқарастан арылтуға, деструктивті діни ағымдардан алшақтатуға бағытталған идеологиялық, алдын алу-профилактикалық және тәрбиелік ықпал ету, сондай-ақ діни экстремизм және терроризм идеологиясына сотталғандардың иммунитетін қалыптастыру шараларының кешені;

      6) теологиялық оңалтудың жеке бағдарламасы – сотталғандарды (бұдан әрі – оңалтылатын адам) радикалды көзқарастан арылтуға бағытталған алдын алу-профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар жиынтығы.

      4. ҚАЖ мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыруға жалпы бақылау Қылмсытық-атқару жүйесі департаментінің бастығына, оның орынбасарларына, сондай-ақ діни қызмет және дiни бiрлестiктермен өзара іс-қимыл саласындағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергiлiктi уәкілетті органдарына (бұдан-әрі ЖАО) жүктеледі.

      5. ҚАЖ мекемелерінде теологиялық оңалту жұмысын ағымдағы бақылау және үйлестіру мекеме бастығына және оның тәрбие жұмысына жетекшілік ететін орынбасарына жүзеге жүктеледі.

      6. Теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі топтардың (бұдан әрі – ТОЖ) және ҚАЖ мекемелерінің өзге де қызметтерінің қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес, сондай-ақ белгіленген құзыреті шегінде ЖАО міндеттерді тікелей іске асыруды жүзеге асырады, оңалтылатын адамға қатысты идеологиялық, алдын-алу – профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік сипаттағы уақтылы, сапалы және тиімді шараларды қабылдайды.

2-тарау. ҚАЖ мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі

      7. ҚАЖ мекемелеріндегі сотталған адамдармен теологиялық оңалту жұмысының негізгі міндеттері:

      1) оңалтылатын адамдарға мақсатты, үздіксіз, жеке идеологиялық, алдын алу-профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік ықпал етуді қамтамасыз ету жолымен радикалды көзқарастан арылту;

      2) жүйелі ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмысты жүргізу арқылы ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандардың діни экстремизм және терроризм идеологияларына, деструктивті діни ағымдарға тартылуына жол бермеу;

      3) сотталғандардың діни сенімдері мен көзқарастарының радикалдануына, олардың діни экстремизм және терроризм идеологиясына, деструктивті діни ағымдарға тартылуына ықпал ететін себептері мен шарттарын анықтау және жою болып табылады.

      8. Оңалтылатын адамдарға террористік немесе экстремистік қылмыстары үшін сотталғандар, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінде анықталған радикалды діни ағымдар идеологиясының ықпалына түскен адамдар жатады.

      Сотталғанның діни экстремизм мен терроризм идеологиясын ұстанауы туралы қорытындыны осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның жеке басын теолог және ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі зерттеу нәтижелері бойынша материалдар негізінде ЖАО шығарады.

      9. Оңалтылатын адамдарға қатысты теологиялық оңалту жұмыстары олардың ҚАЖ мекемесіне келген немесе сотталғандар ортасында жазасын өтегенге дейін анықталған сәттен бастап жүргізіледі.

      10. Жұмыстың мақсаты:

      1) діни экстремизм және терроризм идеологиясын ұстанушылар бойынша – радикалды көзқарастан арылту;

      2) радикалды көзқарастан арылған сотталғандар бойынша – діни көзқарастардың тепе-теңдігі ұстанымын бекіту;

      11. Сот үкімінің не қорытындының негізінде әрбір оңалтылатын адамға жұмыс барысы мен нәтижелері туралы материалдарды жүйелеу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теологиялық оңалту бойынша іс (бұдан әрі - Іс) жүргізіледі.

      12. Теологиялық оңалту жұмысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Теологиялық оңалтудың жеке бағдарламасына (бұдан әрі-Жеке бағдарлама) сәйкес жүргізіледі, оны ТОЖ ұйымдастыру қызметкері ЖАО қызметкерімен бірлесіп әзірлейді, ҚАЖ мекемесінің бастығы мен ЖАО басшысы бекітеді.

      Қажет болған жағдайда Жеке бағдарламаға өзгерістер енгізіледі, ал басқа мекемеге ауыстыру кезінде жаңа Жеке бағдарлама әзірленеді.

      13. Жеке бағдарлама идеологиялық, алдын алу-профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралардан тұрады.

      14. Идеологиялық және алдын алу-профилактикалық іс-шаралар:

      1) теологтардың, ресми дін өкілдерінің, психологтардың, жақын туыстарының, радикалды көзқарастан арылған сотталғандардың, бостандықтағы байланыстардың және оң ықпал ете алатын өзге де адамдардың тікелей әсер етуін;

      2) діни экстремизм және терроризм идеологияларын, деструктивті діни ағымдардың беделін түсіретін материалдарды зерделеуге жағдайлар жасауды қарастырады.

      15. Оңалтылатын адамға теологтар, ресми дін өкілдері, психологтар, радикалды көзқарастан арылған сотталғандар және өзге де адамдар арқылы әсер ету жеке нысанда аптасына кемінде бір рет өткізіледі.

      Әр іс-шарадан кейін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жасалып, іске тіркеледі.

      16. Әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық-мәдени және еңбек қызметіне тарту;

      2) еңбек нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау;

      3) өмірлік ұстанымдарын өзгерту мақсатында психологиялық, психотүзету, психопрофилактикалық іс-шараларды, тренингтерді өткізу;

      4) "Пробация туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы №482 бұйрығымен бекітілген Өздеріне қатысты пробация қолданылатын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32806 болып тіркелген) сәйкес әлеуметтік-құқықтық көмекті іске асыру.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 10.01.2024 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Оңалтылатын адамға ТОЖ ұйымдастыру қызметкері ЖАО қызметкерімен және ҚАЖ мекемесінің психологімен бірлесіп, жеке бағдарламаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстармен теологиялық оңалту жұмысының қабылдаған шаралары мен қол жеткізген нәтижелері туралы (еркін нысанда) тоқсан сайын анықтама жасайды.

      18. Оңалтылатын адамды басқа ҚАЖ мекемесіне жіберген жағдайда, сотталған болған кезеңде жүргізілген теологиялық оңалту жұмысы туралы жинақталған (еркін нысанда) анықтама жасалып, Іс жұмысты одан әрі жүргізу үшін сотталғанның жеке ісіне қоса беріледі.

      19. ҚАЖ мекемесі оңалтылатын адам жаза мерзімін өтегенге дейін отыз күннен кешіктірмей не өзге негіздемелер бойынша босатылған жағдайда екі жұмыс күні ішінде баратын өңірдің ЖАО, ішкі істер органдарына босатылу күні, тұратын жері, діни сенімдерінің бағыттары мен өзге де мәліметтер жазылған хабарламаны (еркін нысанда), сондай-ақ ҚАЖ мекемесінде болған кезеңде онымен жүргізілген іс-шаралар көрсетілген анықтаманы жолдайды.

      20. Оңалтылатын адам ҚАЖ мекемесінен босатылғаннан кейін Іс сотталғанның жеке ісіне тігіледі.

      21. Дінге сенетін сотталғандар арасындағы профилактикалық жұмыстың мақсаты оларды діни экстремизм және терроризм идеологияларынан, деструктивті діни ағымдардан оқшаулау, оларға иммунитет қалыптастыру болып табылады.

      22. Бұл жұмыстар мынадай іс-шаралардан:

      1) теологтардың, діни экстремизм және терроризм идеологияларынан, деструктивті діни ағымдардан бас тартқан сотталғандардың дәрістері және сабақтары, ресми дін өкілдерінің уағыздары;

      2) Қазақстан халқының діни-адамгершілік және мәдени құндылықтарын насихаттайтын көркем және деректі фильмдерді көрсету;

      3) діни экстремизм және терроризм идеологияларының, деструктивті діни ағымдардың беделін түсіретін және қарсы насихаттайтын бейнематериалдарды көрсету;

      4) сотталғандардың қарсы насихаттайтын баспа материалдарын, сондай-ақ Қазақстан халқының тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрлері, дінтану, саясаттану бойынша әдебиеттерді зерделеуі үшін жағдайлар жасау;

      5) діни экстремизм және терроризм идеологияларын, деструктивті діни ағымдарды насихаттаудың мүмкін белгілеріне ҚАЖ мекемелеріне келіп түсетін және бар әдебиеттерді тексеру;

      6) сотталғандарды қоғамдық-мәдени қызметке тарту, оларды жұмысқа орналастыру бойынша шаралар қабылдау;

      7) бастапқы, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алуына мүмкіндік беру;

      8) жеке басын түзетуге және өмірлік ұстанымдарын өзгертуге бағытталған психологиялық тренингтер;

      9) сотталғандардың діни жораларды орындау тәртібін заңнамаға және ішкі тәртіптемеге сәйкес тиісті қамтамасыз ету;

      10) өңірлік жоғары оқу орындары дәріскерлері Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, саясаттану және дінтану бойынша жалпы білім беретін дәрістер өткізу;

      11) дінге сенетін сотталғандардың діни экстремизм және терроризм идеологиясына, сондай-ақ деструктивті діни ағымдарға тартылуына жол бермеуге бағытталған, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралардан тұрады.

      23. ҚАЖ мекемесі ЖАО-мен және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың уәкілетті діни қызметшісімен бірлесіп тоқсан сайын осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмыстарын өткізу кестесін жасайды.

      Мекеме әкімшілігі ҚАЖ мекемелеріне ЖАО өкілдері мен діни қызметшілердің апта сайын келуін қамтамасыз етеді.

      24. Теологиялық ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары арнайы жабдықталған кабинетте аудио-бейне материалдарды көрсету мүмкіндігімен өткізіледі.

      25. Тоқсан сайын ТОЖ ұйымдастыру қызметкері осы Қағидалардың 22-тармағы бойынша жүргізілген жұмыс туралы анықтама (еркін нысанда) жасайды, ол ЖАО-ға мынадай мәліметтерді көрсетумен:

      1) ҚАЖ мекемесіндегі діни жағдайдың талдауы;

      2) есептік кезеңде өткізілген іс-шаралар;

      3) анықталған проблемалар және оларды шешу бойынша қабылданған шаралар;

      4) дінге сенетін сотталғандар арасындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды жолдайды.

3-Тарау. ҚАЖ мекемелерінде теологиялық оңалту жұмыстарын өткізу кезіндегі өзара іс-қимыл тәртібі

      26. Теологиялық оңалту жұмысы ҚАЖ мекемелерінің тиісті бөліністері ЖАО, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен, дін саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылда ұйымдастырылады және өткізіледі.

      27. ҚАЖ мекемелері:

      1) әрбір оңалтылатын адамға Іс бастап, оны жүргізеді;

      2) әрбір оңалтылатын адамға Жеке бағдарлама әзірлейді;

      3) Жеке бағдарламалар шеңберінде идеологиялық, алдын алу-профилактикалық және әлеуметтік-тәрбиелік іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

      4) ЖАО қызметкерімен және ҚАЖ мекемесінің психологімен бірлесіп тоқсан сайын теологиялық оңалту жұмысы өткізілетін әр адамға қатысты қабылданған шаралар және қол жеткізілген нәтижелер туралы анықтама жасайды;

      5) дінге сенетін сотталғандар арасында профилактикалық жұмысты жүргізеді;

      6) осы Қағидаларға 6 және 7-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өткізілетін жеке және топтық ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттайтын жұмыстарды есепке алу журналын жүргізеді.

      28. ЖАО:

      1) ҚАЖ мекемесі әзірлеген Жеке бағдарламаны келіседі;

      2) білікті теологтардың және ресми дін өкілдерінің жұмысын қамтамасыз етеді, Жеке бағдарламалар шеңберінде идеологиялық және алдын алу-профилактикалық іс-шараларға тікелей қатысады;

      3) ҚАЖ мекемесімен бірлесіп Жеке бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

      4) Осы Қағидаларға 22-тармаққа сәйкес ҚАЖ мекемелерімен бірлесіп дінге сенетін сотталғандар арасында радикалды идеологияға иммунитет қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмысты өткізеді;

      5) ҚАЖ мекемелерін Қазақстан Республикасы үшін дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттайтын, сондай-ақ діни экстремизм және терроризм идеологияларын, деструктивті діни ағымдардың беделін түсіретін және қарсы насихаттайтын қажетті аудио-, бейне- және баспа материалдарымен қамтамасыз етеді;

      6) ҚАЖ мекемелерінің кітапхана қорларының әдебиетіне дінтану сараптамасының оң не теріс қорытындысының болуы тұрғысынан мониторинг жүргізеді;;

      7) діни экстремизм және терроризм идеологияларын, деструктивті діни ағымдарды ұстанушыларды анықтау мақсатында дінге сенетін сотталғандардың діни сенімдері мен көзқарастары жағдайына диагностика жасайды;

      8) дінге сенетін сотталғандардың діни сенімдері мен көзқарастарының радикалдануына, оның діни экстремизм және терроризм идеологиясына, деструктивті діни ағымға тартылуына ықпал еткен жағдайлар мен факторларды анықтауда ТОЖ қызметкерлеріне жәрдем көрсетеді;

      9) теологиялық оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін ҚАЖ мекемелеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді.

      10) сотталғандардың отбасы мүшелерімен түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізеді. Осы жұмыс шеңберінде қажет болған жағдайда оларға әлеуметтік-экономикалық сипаттағы қолдау көрсетеді.

      29. Теологиялық оңалту жұмысын өткізу бойынша дін саласындағы жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйымдармен ҚАЖ мекемелерінің өзара іс-қимылы ЖАО келісімі бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдар негізінде жүзеге асырылады.

      30. Теологиялық оңалту жұмысы барысында алынған ақпарат оңалтылатын адамға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру мәселелерін қарастыру кезінде және өзге де процестерде пайдаланылмайды.

  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелеріндегі сотталған
адамдармен теологиялық
оңалту жұмыстарын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 1-қосымша

Сотталғанның діни экстремизм және терроризм идеологиясын ұстануы туралы қорытынды

      1. Сотталғанның Т.А.Ә ______________________________________________________

      2. Туған жері: ______________________________________________________________

      3. Туған күні және жылы _____________________________________________________

      4. ________________________________________________________________________

      (қай сотпен, бабы, жаза мерзімі)

      _________________________________________________________________________

      сотталған

      5. Қылмыстың фабуласы: ____________________________________________________

      (жасалған қылмыстың қысқаша мән-жайы)

      __________________________________________________________________________

      6. Жазасын өтеп жатқан, ҚАЖ мекемесі _______________________________________

      7. Қорытынды нәтижесі: _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      8. Қорытынды нәтижелері бойынша ұсынымдар:

      __________________________________________________________________________

      Жасады: ___________________________________________       ____________________

      (тегі, аты-жөні, болған жағдайда, лауазымы)            (қолы)

      Ескертпе: сотталғанның діни экстремизм мен терроризм идеологиясын ұстануы туралы қорытындыны ЖАО оның жеке басын теолог және ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі зерделеу нәтижелері бойынша материалдар негізінде шығарады

  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелеріндегі сотталған
адамдармен теологиялық
оңалту жұмыстарын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 2-қосымша
  нысан

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ____ облысы/қаласы
бойынша ҚАЖ департаменті ______ мекемесі

Сотталған ____________________ теологиялық оңалту жұмысы бойынша ісі
ТАӘ (болған жағдайда)



  Құрастырған:
  ТОЖ ұйымдастыру инспекторы
  ________________________
  ______ қаласы, 20___ жыл

      ________________________________________________________________________________
      (қай сотпен, бабы, жаза мерзімі)
      _______________________________________________________________________ сотталған
      Қылмыстың фабуласы: ___________________________________________________________
                                    (жасалған қылмыстың қысқаша мән-жайы) ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      Ата-анасы және жақын туыстары туралы мәліметтер:
      (ТАӘ (болған жағдайда) туған жылы, туған жері, тұрғылықты жері, әлеуметтік жағдайы,
кіммен тұрады, қайда оқиды, қайтыс болған жағдайда: мән-жайы, қайтыс болғанға дейінгі
әлеуметтік жағдайы және басқа да мәліметтер)
      Әкесі: ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Анасы: ____________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Жұбайы (зайыбы) ___________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Балалары: __________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Ағалары, апа-сіңлілері:_______________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Жасақ бастығының мінездемесі: ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Психодиагностикалық зерттеулердің қорытындысы: ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Бейімділігі, қызығушылығы: ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Психологиялық жай-күйі: ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      Басқа сотталғандар арасындағы әлеуметтік мәртебесі, араласатын ортасы: ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________
      ___________________________________________________________________________

  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелеріндегі сотталған
адамдармен теологиялық
оңалту жұмыстарын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 3-қосымша
  нысан

БЕКІТЕМІН
Діни қызмет саласындағы жергілікті
уәкілетті органның басшысы_____________
(қолы, тегі, аты-жөні)

БЕКІТЕМІН
мекемесінің бастығы
__________________________
(қолы, тегі, аты-жөні)

Теологиялық оңалту жұмысы бойынша жеке бағдарлама

      Сотталған _________________________________________________

      (ТАӘ болған жағдайда)

      Сотталғанға қатысты мәліметтер:

      Туған жері және туған күні ____________.

      Қамауға дейінгі тұрғылықты жері ________.

      Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы, соттың атауы ______ сотталған.

      Мерзімінің басталуы, мерзімінің аяқталуы __________.

      Қамаққа алған не сотталғандар арасында анықталған кездегі радикалдық діни не деструктивтік сенімдері мен көзқарастарының бағыты (террористік және экстремистік баптар бойынша сотталған жағдайда) ________.

      Мекемеге келген күні ________.

      Жеке және іскерлік сапасы, мінез-құлқындағы ерекшеліктері (психологтың қорытындысы негізінде) ___________.

      Теологпен/ ресми дін басы өкілімен 20_ жылғы "___" __________ жүргізілген зерделеу нәтижесінде сотталған оның ________ идеологиялық ұстанымы анықталды.

      Осыған байланысты ___________ мақсатында ____ жыл ішінде мынадай іс-шаралар өткізілсін:

Идеологиялық және алдын алу-профилактикалық бөлімі

Жұмыстың бағыты

Іс-шараның атауы

Орындау мерзімі

1.

Білікті теологтардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу күнін белгілеу



2.

Діни қызметшінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу күнін белгілеу



3.

Психотүзеу және психопрофилактикалық іс-шараларды өткізу күнін белгілеу



4.

Жақын туыстары арқылы әсер ету



5.

Радикалды көзқарастан арылған сотталғандар арқылы әсер ету



6.

Өзге адамдар арқылы әсер ету



7.

Теологиялық анықтама жасау



8.

Өзге де іс-шаралар



9.

Жазаны өтеуі бойынша хабарлама жолдау



Тоқсан сайынғы талдау нәтижелері бойынша қосымша іс-шаралар





Әлеуметтік-тәрбие жұмысы бөлімі

10.

Әлеуметтік диагностика (білім деңгейін, отбасылық жағдайын, оның ішінде жақын туыстарының әлеуметтік жағдайын, денсаулық жағдайын, психологиялық жағдайын зерделеу)



11.

Орта білімді ұсыну



12.

Кәсіптік білімді ұсыну



13.

Денсаулық жағдайын зерттеу



14.

Медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз ету



15.

Жұмысқа орналастыру бойынша шараларды міндетті қабылдау



16.

Пайдалы әлеуметтік байланыстарын нығайту



17.

Бос уақытын ұйымдастыру



18.

Өзге де қажетті мемлекеттік әлеуметтік қызметтерді ұсыну



19.

Әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сабақтарды өткізу



Тоқсан сайынғы талдау нәтижелері бойынша қосымша іс-шаралар





Босатылуға дейінгі бөлім

20.

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету бағдарламасын әзірлеу



      Құрастырды:

      __________мекемесінің теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы (инспектор), психолог, жедел уәкіл, сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру, медициналық қызмет қызметкері

      _________________________________      ______________
      (атағы, тегі, аты-жөні,)                   (қолы)
      _________________________________      ______________
      (атағы, тегі, аты-жөні,)                   (қолы)
      _________________________________      ______________
      (атағы, тегі, аты-жөні,)                   (қолы)
      _________________________________      ______________
      (атағы, тегі, аты-жөні,)                   (қолы)
      _________________________________      ______________
      (атағы, тегі, аты-жөні,)                   (қолы)
      Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның қызметкері _________________________________      ______________
      (атағы, тегі, аты-жөні,)                   (қолы)
      20____ж. "____"____________

  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелеріндегі сотталған
адамдармен теологиялық
оңалту жұмыстарын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 4-қосымша
  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

      ________________________________________________________________

      (аумақтық органның атауы)

Сотталған _________________________________ теологиялық оңалту жұмысы
бойынша өткізілген іс-шаралар туралы анықтама

1.

Ағымдағы діни сенімдері мен көзқарастарының бағыты

діни экстремизм және терроризм идеологияларына бейілділігі:
белгіленген бағыты
деструктивті діни ағымды ұстанушы:
белгіленген бағыты
(керігін қалдыру)

2.

Іс-шараның өткізілген күні


3.

Ықпал еткен адам

теолог;
ресми дін басы өкілі;
радикалды көзқарастан арылған сотталған;
психолог;
теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының қызметкері;
жақын туысы;
діни байланыс;
достық қарым-қатынас;
оң әсер етуге қабілетті басқа тұлға.
(керегін қалдыру, болған жағдайда ТАӘ көрсету)

4.

Өткізу тәсілі

жеке кездесу;
интернет-сөйлесулер;
аудио, бейне жолдау;
хат
(керегін қалдыру)

5.

Жеткізілген дәлелдер, талқыланған мәселелер

Мағыналы мазмұны

6.

Қолданылған аудио, бейне, баспа, қарсы насихаттау материалдары

Егер де олар қолданылған болса, олардың атауын, мазмұнын көрсету

7.

Сотталғанның реакциясы (әсер еткен адамның байқауы негізінде)

әңгімелесу кезіндегі белсенділігі;
қызығушылығы;
дәлелдемелерді барабар қабылдауы;
оң эмоционалды көңіл-күйі;
селқостығы;
қызығушылық танытпауы;
аргументтерді сыртқы қабылдамауы;
агрессивтілігіfyға;
тітіркенуі;
теріс көңіл-күйі;
одан әрі сөйлесуден бас тартуы;
өзге де __________
(әр бағыт бойынша реакцияларды көрсету)

8.

Іс-шараның тиімділік дәрежесі туралы қорытынды (әсер еткен адамның пікірі негізінде)

жоғары;
орта;
ортадан жоғары;
ортадан төмен;
төмен;
жоқ
(керегін қалдыру)

9.

Одан әрі жоспарланатын іс-шаралар

жазу

      Құрастырған: теологиялық оңалту жұмысын ұйымдастыру тобының аға инспекторы (инспектор), психолог, жедел уәкіл

      __________________________________       ________________

      (атағы, тегі, аты-жөні)                   (қолы)

  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелеріндегі сотталған
адамдармен теологиялық
оңалту жұмыстарын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 5-қосымша
  нысан

БЕКІТЕМІН
Діни қызмет саласындағы
жергілікті уәкілетті органның
басшысы________________
________________________
(қолы, тегі, аты-жөні)


БЕКІТЕМІН
________ мекемесінің бастығы
___________________
(қолы, тегі, аты-жөні)

Сотталғандар арасында теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізу кестесі

Сотталгандар арасында теологиялық оңалту жұмыстарын жүргізетін адамдарға деректер

Өткізу күні

1.



2.



      КЕЛІСІЛДІ

      ________ Облыстардың, республикалық

      маңызы бар қалалардың және астананың

      уәкілетті діни қызметшісі

      _____________________

      (қолы, тегі, аты-жөні)

  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелеріндегі сотталған
адамдармен теологиялық
оңалту жұмыстарын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 6-қосымша
  нысан

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
________________________________________________________________
(аумақтық органның атауы)

Сотталғандармен жүргізілген жеке ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарын есепке алу журналы

Сабақтардың тақырыптары және ақпараттық-түсіндіру, қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізген адамдарға деректер

Сотталғанның ТАӘ (болған жағдайда)

Іс-шараның өткізілген күні

Қатысқаны туралы белгі

Ислам дінінің діни қызметшілерімен

1





Христиан дінінің діни қызметшілерімен

1





Діни қызмет саласындағы жергілікті уәкілетті органның теологтарымен

1





Діни қызмет саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың теологтарымен

1





  Қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелеріндегі сотталған
адамдармен теологиялық
оңалту жұмыстарын
ұйымдастыру жөніндегі
қағидаларға 7-қосымша
  нысан

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ
________________________________________________________________
(аумақтық органның атауы)

Сотталғандармен жүргізілген топтық ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихаттау жұмыстарын есепке алу журналы

Сабақтардың тақырыптары және ақпараттық-түсіндіру, қарсы насихаттау жұмыстарын жүргізген адамдарға деректер

Сотталғанның ТАӘ (болған жағдайда) Жалпы саны

Іс-шараның өткізілген күні

Қатысқаны туралы белгі

Ислам дінінің діни қызметшілерімен

1





Христиан дінінің діни қызметшілерімен

1





Діни қызмет саласындағы жергілікті уәкілетті органның теологтарымен

1





Діни қызмет саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың теологтарымен

1






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады