"Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 281 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20222 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (М.Қ. Баймұқашев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрі
Е. Тургумбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2020 жылғы 31 наурыздағы
№ 281 бұйрығына
қосымша

"Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға ақысыз негізде көрсетеді.

      3. Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші және "электрондық үкімет" порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және (немесе) заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге не ЭҮП арқылы ұсынады.

      5. Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді, ал ЭҮП арқылы -хабарлама береді.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар пакетін бергеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері өтінішті азаматтардың өтініштері базасына немесе Порталға тіркеуді жүзеге асырады, көрсетілетін қызметті берушінің басшысы өтініштің орындаушысын анықтайды.

      Орындаушы 2 жұмыс күні ішінде құжаттарды осы Қағидаларға сәйкестігіне қарайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтінішті қабылдаудан дәлелдібас тартуды қалыптастырады.

      Құжаттар пакеті толық болған жағдайда, орындаушы көлік құралын және (немесе) олардың тіркемелерін қайта жабдықтауға арналған куәлікті немесе Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәкілетті тұлға қол қойған және мөрмен не уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған дәлелді бас тартуды дайындайды (Портал арқылы жүгінген кезде) және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді немесе оны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.

      7. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органдарға беріледі.

      Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес оны тіркеген күнінен бастап бес жұмыс ішінде қарауға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 26.05.2020 № 427 (01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

  "Автокөлік құралын және
(немесе) оның тіркемелерін
қайта жабдықтауға куәлік беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Автокөлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (кіру арналары)

Көрсетілетін қызметті беруші және www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы – 2 жұмыс күні;
ЭҮП арқылы – 2 жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Қағаз/электронды (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Көлік құралын және (немесе) оның тіркемелерін қайта жабдықтауға куәлік беру немесе дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақтан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30 дейін түскі үзіліспен сағат 09-00-ден бастап сағат18-00-ге дейін;
2) ЭҮП – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін сағат 17.00-ден соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.mvd.kz интернет-ресурсында;
2) www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) жеке басты сәйкестендіру үшін жеке басты куәландыратын құжат;
2) құжаттарды қабылдау туралы қолхат;
3) автомобиль конструкциясына өзгерістер енгізу бөлігінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісу;
4) тиісті сынақтар өткізе отырып, аккредиттелген зертханадан құжаттар;
5) конструкциясына өзгерістер енгізілген көлікқұралының техникалық жағдайын тексеру үшін техникалық байқау орталығынан диагностикалық карта;
ЭҮП:
1) автомобиль конструкциясына өзгерістер енгізу бөлігінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнан "электрондық үкімет" порталы арқылы келісу алған жағдайды қоспағанда, автомобиль конструкциясына өзгерістер енгізу бөлігінде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органнан келісудің электронды көшірмесі;
2) тиісті сынақтар өткізе отырып, аккредиттелген зертханадан алынған құжаттар туралы ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерді қоспағанда, тиісті сынақтар өткізе отырып, аккредиттелген зертханадан алынған құжаттардың электронды көшірмесі;
3) тиісті ақпараттық жүйелерден алынған, міндетті техникалық байқаудан өткені туралы мәліметтерді қоспағанда, конструкциясына енгізілген өзгерістермен көлік құралының техникалық жағдайын тексеру үшін техникалық байқау орталығынан диагностикалық картаның электронды көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті беруші:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған кезде;
2) мүлікке иелік етуге тыйым салулар мен шектеулер болған кезде;
3) көрсетілетін қызметті алушы (оның өкілі) мен көлік құралы іздестіруде болған кезде;
4) адамда айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулылар және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама болса, оларды орындағанға дейін мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Аумақтық әкімшілік полиция бөліністері, бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.mvd.kz интернет-ресурсында; 2) www.gov4с.kz интернет-ресурсындаорналастырылған.

  "Автокөлік құралын және
(немесе) оның тіркемелерін
қайта жабдықтауға куәлік беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Құжаттарды қабылдау туралы № қолхат

      _________________________________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін

      қызметтің атауы көрсетіледі)

      _________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы немесе олардың өкілдері)

      Қабылданған құжаттардың тізбесі:

      1.__________________________________________________________________

      2.__________________________________________________________________

      3.___________________________________________________________________

      4.___________________________________________________________________

      5.___________________________________________________________________

      6.___________________________________________________________________

      7.___________________________________________________________________

      8.___________________________________________________________________

      9.___________________________________________________________________

      Қабылдады:

      __________________________________ /____________/ ___________________

      ІІО лауазымды адамы(қолы) (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      ____ жылғы"__" ________

      Берілген уақыты мен күні: ___ сағ. ___ мин.

  "Автокөлік құралын және
(немесе) оның тіркемелерін
қайта жабдықтауға куәлік беру"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

      ____________________________________________

      (мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2)

      тармақшасына сәйкес __________________________

                              (мекенжайын көрсету)

      ІІО лауазымды адамыСіздің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында көзделген құжаттар

      тізбесін, атап айтқанда:

      жоқ құжаттардың атауы:

      1. ________________________________________;

      2. ________________________________________;

      3. _____________________________ толық ұсынбауыңызға байланысты

      __________________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын

      көрсету)

      мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттар қабылдаудан бас тартады.

      Осы қолхат әр тарап үшін біреуден 2 данада жасалды.

      __________________________________________________________________

      (Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

      Алдым:

      _________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) (қолы)

      20 __ жылғы "___" _________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады