Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 41 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 наурызда № 20227 болып тіркелді

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жоюға арналған құжаттардың тізбесін және оларға қойылатын талаптарды, Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17884 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының күшін жою қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі − Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі (бұдан әрі − Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (бұдан әрі – облигациялар) (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны ұсыну және қарау, облигациялар шығарылымының күшін жою талаптары мен тәртібін айқындайды.";

      1-тарау мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңда және Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңда көрсетілген мәндерде қолданылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңды тұлға-эмитент (бұдан әрі – эмитент) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық түрде еркін нысанда жасалған өтініш береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ өзге де мәліметтер мен мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) стандартында келтірілген.

      Эмитент өтінішті портал арқылы "жеке кабинетте" жіберген кезде нәтижені алу күні мен уақытын көрсетумен сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе автоматтық түрде көрінеді.";

      2-тарау мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2, 3-3, 3-4, 3-5 және 3-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Эмитентті заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      3-2. Уәкілетті органның хат-хабарды қабылдау және тіркеуге уәкілетті қызметкері эмитенттің өтініші түскен күні оны қабылдау және тіркеуді және орындау үшін мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты уәкілетті органның бөлімшесіне (бұдан әрі - жауапты бөлімше) жіберуді жүзеге асырады. Эмитент жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын және құжаттардың қолданылу мерзімін:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішті тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішті тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      эмитент облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішті тіркеу күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішті тіркеу күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде өтінішті тіркеу күнінен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тексеруді жүзеге асырады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі аяқталғаны анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері осы тармақта белгіленген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және эмитентке жолдайды.

      Уәкілетті органның уәкілетті түлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған өтінішті бұдан әрі қараудан дәлелді бас тарту эмитентке электрондық құжат нысанында портал арқылы жолданады.

      3-3. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі аяқталмағаны анықталған жағдайда жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, хат жобасын (куәлік) не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту дайындайды, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне:

      мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 12 (он екі) жұмыс күні ішінде;

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      эмитент облигациялық бағдарлама шеңберінде бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялардың бірінші шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде;

      уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

      айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу кезінде 1 (бір) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының қолын қойдырады.

      Жауапты бөлімшенің қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойылғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында эмитентке "жеке кабинетке" жолдайды.

      3-4. Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты режимде жаңартылып тұрады.

      3-5. Уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым уәкілетті органның басшысына, мемлекеттік көрсетілетін қызметті бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа уәкілетті жолданады.

      3-6. Уәкілетті органның басшысына жолданатын шағымда эмитенттің атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Уәкілетті орган басшысының шағымды қабылдауының растауы шағымды қабылдаған адамның тегін, аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен алу орнын көрсетумен оны уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

      Портал арқылы өтініш білдірген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша алуға болады.

      Шағымды портал арқылы эмитентке "жеке кабинеттен" жолдаған кезде өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті орган өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып тұрады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларының (облигациялық бағдарламасының) шығарылымын мемлекеттік тіркеу олардың қызметін реттейтін жарғының және (немесе) құжаттардың талаптарын ескере отырып жүзеге асырылады.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      19-тармақ алып тасталсын;

      21-тармақ алып тасталсын;

      Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:

      осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 1-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны қарау үшін құжаттарға қойылатын талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектіне (облигациялық бағдарламаның проспектіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу өтінішіне, сондай-ақ облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаға эмитенттің атқарушы органының басшысы (атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға) не қол қоюға уәкілетті адам (растайтын құжаттың көшірмесін ұсына отырып) қол қояды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Хаттама немесе одан үзінді-көшірме нысанында жасалған, облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу үшін көшірмесі қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын облигациялар ұстаушылардың (жалғыз облигация ұстаушының) жалпы жиналысының облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімінде мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) эмитенттің атауы;

      2) проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні, осы шығарылымның облигацияларына берілген халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ІSІN коды);

      3) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және орны;

      4) ұстаушылары облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысатын облигациялардың саны;

      5) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;

      6) осы шығарылым облигацияларының 10 (оннан) астам пайызына ие облигациялар ұстаушылардың саны;

      7) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі;

      8) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беру тәртібі;

      9) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (олар бар болса);

      10) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша дауыс беру нәтижелері;

      11) облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қабылданған шешім.";

      Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне) өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды, мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жасау және ресімдеу қағидаларында:

      1-қосымшаның 37-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Эмитент жарғылық капиталының он және одан көп пайызына иелік ететін ұйымдар туралы мәліметтер (осы қосымшаның 36-тармағында көрсетілген заңды тұлғаларды қоспағанда), әрбір сондай ұйымды көрсете отырып:

      толық және қысқартылған атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі (бар болса), орналасқан жері;

      эмитенттің жарғылық капиталындағы үлесі, ал сондай ұйым акционерлік қоғам болған жағдайда - сондай акционерлік қоғамның эмитентке тиесілі дауыс беруші акцияларының үлесі.".

      2.Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Халықаралық қатынастар және сыртқы коммуникациялар басқармасы осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      2020 жылғы ____ __________

  Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 41 қаулысына
1-қосымша
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
1-қосымша

"Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elіcense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Мыналарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарлама – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
облигациялық бағдарлама және көрсетілетін қызметті алушы бірмезгілде ұсынған облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың бірінші шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде;
қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге ұсынылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
12 (он екі) айдан аспайтын айналыс мерзімімен облигациялар шығарылымы – құжаттар мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеген жағдайда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялар шығарылымы проспектісі мәліметтерінің электрондық нысаны;
облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік және облигациялық бағдарлама шығарылымы проспектісі мәліметтерінің электрондық нысаны;
облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымы проспектісі мәліметтерінің электрондық нысаны;
12 (он екі) айдан аспайтын айналыс мерзімімен облигациялар шығарылымы мемлекеттік тіркелген жағдайда не осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы бас тарту туралы дәлелді жауап болған жағдайда Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1)портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін жіберу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2)уәкілетті орган – Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі

1) ақпараттық жүйелерде қамтылған, көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мәліметтерді пайдалануға келісім бар еркін нысанда жасалған электрондық өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялар шығарылымы, орналастыру, айналысы мен өтеу, облигацияларды орналастыру салдарынан көрсетілетін қызметті алушы алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялар шығарылымының көлемі, саны және түрі, облигациялардың номиналдық құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер қамтылған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы туралы шешімінің электрондық көшірмесі не көрсетілетін қызметті алушы органының облигациялық бағдарлама шығарылымының көлемі туралы мәліметтер қамтылған облигациялық бағдарлама шығарылымы туралы шешімінің көшірмесі;
3) мемлекеттік емес облигациялар шығарылымы проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының жарғысының электрондық көшірмесі (бар болса);
5) банктің кепілдігімен қамтамасыз етілген инфрақұрылымдық, сондай-ақ мемлекеттік емес облигациялар шығарылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етудің бар екендігін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
6) эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялар айналысы көзделген жағдайда, қор биржасының көрсетілетін қызметті алушының және олар шығаратын мемлекеттік емес облигациялардың көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік емес облигацияларын қор биржасының тізіміне енгізуге және онда болуына қатысты талаптарына сәйкес келу туралы қорытындысының электрондық көшірмесі, сондай-ақ қор биржасы листинг комиссиясының көрсетілетін қызметті алушының бағалы қағаздар шығарылымы проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулер енгізу бойынша ұсынымдардың электрондық көшірмесі;
7) облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (егер облигациялар ұстаушылардың өкілімен шарт жасау міндеті "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) талаптарында көзделген және оны жасауға көрсетілетін қызметті алушы бастама жасаған жағдайда);
8) облигацияларды ұйымдастырылған нарықта орналастыруды жоспарлайтын көрсетілетін қызметті алушылар үшін эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және онда болу мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін ұйыммен жасалған шарттың электрондық көшірмесі (егер мұндай ұйыммен шарт жасау міндеті Бағалы қағаздар рыногы туралы заң талаптарында көзделген жағдайда);
9) көрсетілетін қызметті алушының кірісін жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдық құқықтық нысанда құрылған көрсетілетін қызметті алушылар үшін олардың қатысушылары арасында бөлу тәртібінің электрондық көшірмесі;
10) көрсетілетін қызметті алушының соңғы екі қаржы жылындағы аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептіліктің электрондық көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің электрондық көшірмелері (қайта құрылған көрсетілетін қызметті алушыларды қоспағанда);
11) құжаттарды мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге беру алдындағы соңғы тоқсан соңындағы не беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі келесі айдың 25-іне дейін құжаттарды мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге берген жағдайда соңғы тоқсан алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетілетін қызметті алушының қаржылық есептілігінің электрондық көшірмесі. Аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда, ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусым аралығы кезеңінде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге аяқталған соңғы жылдың алдындағы екі жыл үшін қаржылық есептіліктің электрондық көшірмесін және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебінің электрондық көшірмесін береді. Көрсетілетін қызметті алушы аяқталған қаржылық жыл үшін аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынады.
Егер осы тармақтың 4), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынылған күнге дейін орналастырылған болса, бұл құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы ұсынбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа, Қазақстан Республикасының бейрезидент көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу үшін қосымша мына құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушыны Қазақстан Республикасының бейрезиденті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жеріндегі мемлекет заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін куәландыратын құжаттың дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып электрондық көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушының құрылтай құжаттарының дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып электрондық көшірмелері;
3) шет мемлекеттің қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органының Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күнге дейінгі үш айдағы кезеңде пруденциялық нормативтерді және бейрезиденттің уәкілетті органы белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) сақтауы туралы хаттың электрондық көшірмесі (Қазақстан Республикасының бейрезиденті көрсетілетін қызметті алушы қаржы ұйымы болып табылса).
Көрсетілетін қызметті алушы соттың қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан бөлек сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының электрондық көшірмесін береді.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсыну талаптары мен тәртібін бұзуы және құжаттарды қарау барысында олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталуы.
Көрсетілген негіздемеден бөлек көрсетілетін қызметті беруші мына жағдайларда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға облигациялық бағдарлама шегіндегі мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден бас тартуға құқылы:
1) көрсетілетін қызметті алушының бастамасы бойынша ерікті делистингті қоспағанда, осы облигациялық бағдарлама шегінде жүзеге асырылған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының делистингі жүргізілсе;
2) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нәтижесінде айналыста тұрған мемлекеттік емес облигациялар шығарылымының жалпы сомасы осындай облигациялық бағдарламаның тіркелген көлемінен асқан жағдайда;
3) облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсыну күніне көрсетілетін қызметті алушы ол шығарған, қор биржасы тізімінде тұрған борыштық бағалы қағаздары жоқ және Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмейді.
Осы тармақтың екінші бөлігі қаржы ұйымына немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда ол қайта құрылымдауды жүргізген кезде бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымға қолданылмайды.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мен мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтан қолжеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығынан алу мүмкіндігіне ие.
Порталда іркілістер не техникалық қателер анықталған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777 немесе 1414.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 41 қаулысына
2-қосымша
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигациялар шығарылымы
проспектісіне (облигациялық
бағдарлама проспектісіне)
өзгерістерді және (немесе)
толықтыруларды тіркеу,
мемлекеттік емес
облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
хабарламаны ұсыну және қарау,
мемлекеттік емес облигациялар
шығарылымының күшін жою
қағидаларына
1-1-қосымша

Халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесі

      1.Азия даму банкі.

      2.Азия инфрақұрылымдық инвестициялар Банкі.

      3.Америкааралық даму банкі.

      4.Африка даму банкі.

      5.Еуразия Даму банкі

      6.Еуропа қайта құру және даму банкі.

      7.Еуропалық инвестициялық банк.

      8.Еуропалық Кеңестің Даму Банкі.

      9.Жеке секторды дамыту жөніндегі ислам корпорациясы.

      10. Ислам даму банкі.

      11. Көптарапты инвестицияларға кепілдік беру агенттігі.

      12. Скандинавия инвестициялық банкі.

      13.Халықаралық валюта қоры.

      14. Халықаралық даму қауымдастығы.

      15.. Халықаралық есеп айырысу банкі.

      16. Халықаралық инвестициялық дауларды реттеу орталығы.

      17. Халықаралық қайта құру және даму банкі.

      18. Халықаралық қаржы корпорациясы.

  Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Басқармасының
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 41 қаулысына
3-қосымша

Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің тізбесі

      1."Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысының 1-тармағының 13) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысының 1-тармағының 9) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15685 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 24 ақпандағы № 37 қаулысының 1-тармағының тоқсан екінші абзацы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15210 болып тіркелген, 2017 жылғы 22 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 7 ақпандағы № 26 қаулысының 1-тармағының бір жүз сексен үшінші абзацы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18340 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 65 қаулысының 1-тармағының сексен бесінші абзацы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18589 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 160 қаулысының 1-тармағының жиырмасыншы абзацынан қырық бесінші абзацы аралығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19393 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 206 қаулысының 1-тармағының үшінші абзацы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19660 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады