БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16519 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықта бекітілген, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолданудың ерекшеліктері:
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтарымен толықтырылсын:
"5. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан кету орнына Қазақстан Республикасы аумағындаға келу орнына әуе көлігімен тасымалданатын тауарларды кедендік транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес декларациялау кезінде транзиттік декларацияның "Тауар коды" 33 және "Валюта және құны" 42 бағандар декларанттын қаламы бойынша толтырылады.
Транзиттік декларацияны толтыру көрсетілген тәртібі кедендік транзитінің кедендік рәсіміне сәйкес декларацияланатын тауарларға қатысты мынадай жағдайларды сақтау кезінде:
1) тасымалдаушымен немесе өзге мүдделі тұлғамен алдын ала ақпарат ұсынылғанда;
2) тасымалданатын тауарлар:
"Тарифтік емес реттеу шаралар туралы" 2015 жылғы 21 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық комиссиясының коллегия шешімінде (бұдан әрі – ЕЭК Коллегиясының № 30 шешімі) бекітілген Еуразиялық экономикалық одағының (бұдан әрі –ЕАЭО) кеден аумағынан әкетуіне (немесе) және ЕАЭО-ның кеден аумағына әкелуіне тиым салу бекітілгеніне қатысты тауарлардың тізіміне енгізілмегенде;
ЕЭК Коллегиясының № 30 шешімімен бекітілген ЕАЭОның кеден аумағынан әкетуіне (немесе) және ЕАЭО-ның кеден аумағына әкелу рұқсат тәртібі бекітілгеніне қатысты тауарлардың тізімінен тауарларға жатпайтын болса және оның мынадай бөліктерінде көрсетілген жағдайда:
2.3 (Қауіпті қалдықтар);
2.9 (Бағалы тастар);
2.12 (Есіркі құралдары, психотроптық заттар және олардың прекурсорлар);
2.13 (Есірткі құралдардың және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын үлы заттар);
2.22 (Қызметтік және азаматтық қарулар, оның негізгі (құрамдық) бөлшектері және олардың оқтары);
3) кедендік транзитінің кедендік рәсімінің декларанты болып тасымалдаушы болса;
4) ЕАЭО-ның аумағынан кеткен болса жол беріледі.
6. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан бір қатар (екі және одан көп) межелі пункттарға жеткізуге жататын шет тауарларды халықаралық тасымалдау шеңберінде әуе көлігімен тасымалдау кезінде, осындай тауарларды келу орнынан межелі пунктіге дейін, тауарларды түсіруін (жүктеуін) жүзеге асыруына қарамастан тасымалдауы кедендік транзитінің кедендік рәсіміне орналастырусыз жүзеге асырылады. Осы пункттің бірінші бөлігіне сәйкес келу орнында түсіруіне (жүктеуін) жататын тауарлар деп, тауарға ілеспе құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келу орны межелі пункті соңғы болып табылатын шетелдік тауарларды түсіну қажет. Бұл ретте әуе көлігінде тасымалданатын және келу орнымен сәйкес келмейтін межелі пункттіге жеткізуге жататын өзге шетелдік тауарлар, егер ол тәукелдерді басқару жүйесінде көзделмеген болса келу орнында түсіруге жатпайды.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) және тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |