"Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-22/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20294 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 № ҚР ДСМ-264/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 155-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер жинағында №3 болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Профилактикалық медициналық қарап-тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

30-70 жастағы артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өтетін әйелдер мен ерлер

Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға

  ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді өткізу қағидалары мен кезеңділігінде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі, педиатриялық және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.

      Дәрігерге дейінгі кезеңді медициналық пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, аудандық, қалалық емхананың, білім беру ұйымының (болған жағдайлықда), мектепке дейінгі ұйымдардың орта медицина персоналы жүргізеді және мыналарды қамтиды:

      1) бойы мен дене салмағын анықтау;

      2) ерте шақтағы балалардың (3 жасқа дейінгі) басы және кеудесінің көлемін өлшеу;

      3) жеке және психоәлеуметтік дамуды бағалау;

      4) артериялық қысымды өлшеу (7 және одан үлкен жастағы балалардың);

      5) плантография жүргізу және оны бағалау (5 және одан үлкен жастағы балалардың);

      6) көру өткірлігін анықтау;

      7) есту жітілігін анықтау. Тыныш үй-жайда орта медицина қызметкері мен баланың арасы кемінде 5 метр болатындай қашықтықта 3 және одан үлкен жастағы балалардың екі құлағына кезек-кезек сыбырлап сөйлеу арқылы зерттеу;

      8) жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан патологияларды болдырмау мақсатында 14 және 17 жастағы балаларда электрокардиографиялық зерттеу жүргізу (12 бұрылу).

      Педиатриялық сатыны педиатр, терапевт дәрігер (15-17 жас аралығындағы балаларға) немесе ЖПД жүргізеді және дәрігерге дейінгі зерттеп-қараудың деректерін есепке ала отырып, баланың денсаулық жағдайын, психофизикалық, жыныстық дамуын бағалауды, қатал қарау белгілерін анықтауды қамтиды. Осы саты барысында мыналар жүргізіледі:

      1) тері жабындарын және бастың шашты бөлігін қарап-тексеру;

      2) көзге көрінетін сілемейлі қабықтарды қарап-тексеру: көз, ауыз қуысы, мұрын конъюнктивиттерін қарап-тексеру. Тістің, тістүйіс жағдайына, қатты таңдай жағдайының биіктігіне, таңдай бадамшаларының көлемі мен түрлеріне, дыбыс функциясына (дауыстың дыбысталуын) көңіл аудару;

      3) қалқанша бездерінің аумағын саусақпен қарап-тексеру.

      4) перифериялық: жақасты, шап, қолтықасты лимфа түйіндерді саусақпен қарап-тексеру;

      5) қанайналым ағзаларын зерттеу (жүректі қарап-тексеру, аускультация), пульстің жиілігін, толуын, ырғағын анықтау. Аускультация кезінде дыбыстың дауыстылығы мен жиілігі анықталады. Жүрек шуылы анықталған жағдайда әртүрлі қалыпта (тұру, жату) зерттеулер және мөлшерленген дене жүктемесімен функциялық сынамалар жүргізіледі;

      6) тыныс алу ағзаларын зерттеу (өкпе аускультациясы);

      7) асқорыту ағзаларын зерттеу (ішперде қуысы ағзаларын, оң қабырға асты аумағын, бауырды, эпигастралдық аумақты, көкбауырды, оң және сол мықын аумағын, қасаға үстілік аумақты саусақпен қарап-тексеру). Сілемейдің жағдайына, тілдің, иектің, үстіңгі таңдайдың, тістердің өңезденуіне көңіл аударылады. Созылмалы уыттану симптомдары анықталады (тері жабындарының бозғылттануы, орбиталдық көлеңкелер);

      8) үш-төрт айлық аралығындағы балаларға көрсетілімдер бойынша сан-жамбас буындарының дисплазиясын және жамбастың туа болған шығуын ерте анықтау мақсатында сан-жамбас буындарын ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі;

      9) жыныс ағзаларын қарап-тексеру. 10 жастан асқан қыздарды қарап-тексеру кезінде гинекологиялық анамнезге, шағымдарына, етеккір функциясының бұзылуына аса көңіл аударылады;

      10) туғаннан 17 жасты қоса алғанда даму тобы нұсқасын анықтай отырып, нервтік-психикалық дамуы (бұдан әрі – НПД): 1 - НПД қалыпты деңгейі; 2 - НПД-ғы сәл ауытқулар; 3 - НПР айлықтартай ауытқулар.

      3 жасқа дейінгі балалардың НПД бағалау "Скрининг ұйымдастыру ережесін бекіту туралу" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

      4-6 жаста ойлау және сөйлеу, қимылдық даму, назар мен ес, әлеуметтік байланыстар бағаланады;

      7-8 жаста: психоқимылдық сала мен мінез-құлық, интеллектуалдық даму, эмоциялық-вегетативтік сала;

      9-10 жаста абстрактілік-логикалық операциялардың қалыптасуын, логикалық ойлаулары қосымша бағалады;

      11-17 жаста мыналар: эмоциялық-вегетативтік сала, соматикалық-вегетативтік құбылыстар, вегетативтік-диэнцефалиялық құбылыстар анықталады;

      11) пубертограммалар әдісімен жыныстық дамуын бағалау, қорытынды (норма, озу, қалып қою) беріледі;

      12) осы жасқа тән емес жарақаттар мен оның салдарын анықтау арқылы озбырлық белгілерін, ұру белгілерін (таяқпен немесе шыбықпен ұрғаннан кейінгі сызық қанталаулар, белбеумен, жіппен, ұрғаннан кейін ілгек түріндегі қанталаулар, жіппен немесе белбеумен байлау, тарту іздері, темекімен күйдіру іздері, көз торшасына қан құйылу, субдуралдық қан ұюлар).

      Патологиялық өзгерістер анықталған кезде бейінді маманға қосымша қарап-тексеруге жібереді.

      Мамандандырылған кезең бейінді мамандықтағы дәрігерлермен жүргізіледі және МАЖ-да нәтижелерді толтыра отырып қарап-тексеруді қамтиды:

      1) хирург-ортопед немесе травматолог ерте шақтағы балаларда кіндік, шап сақиналарының кеңеюіне, ішінің ақ сызығының бұлтиған жарығына, крипторхизмге, тік ішектің түсуіне, аяқ-қолының, кеудесінің қисаюына назар аударады. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың омыртқаларының қисаюын, отырысының, ірі және ұсақ буындары функцияларының бұзылуын анықтайды. Табан күмбезінің жағдайын қарап-тексеруді, плантограмманы бағалауды, жүрісін бағалауды жүргізеді. Ұлдардың аталық бездерінің төмен түсуін анықтайды;

      2) уролог немесе хирург несепжыныс жүйесінің патологиясының жоқ екендігін анықтайды;

      3) отоларинголог мұрынның алдыңғы риноскопиясын жүргізеді және тыныс алу функциясын тексереді, артқы риноскопиясын, фарингоскопиясын, мойын (жақасты, алдыңғы және артқы мойын, құлақарты) түйіндерін саусақпен қарап-тексеруді, отоскопияны, естуді зерттеуді жүргізеді;

      4) невролог жалпы қарап-тексеру жүргізеді (дермографиялық сипаттарының, буын суреттерінің және басқалардың болуын анықтау), бассүйек-ми нервтерінің, қимыл-қозғалыс функцияларының жағдайын; сіңірлік, периосттық, тері рефлекстерін зерттеу; вегетативтік реттеуді бағалау. 14 және 17 жастағы балалар орталық нерв жүйесі тарапынан патологияларды болдырмау үшін қосымша электроэнцефалографиялық зерттеуден өтеді;

      5) стоматолог тістүйіс, пародонт жағдайын, гигиена, РМА (қызылиектің қабыну үрдісін бағалауға папиллярлық маргинальды альвеолярлық индекс), КПУ (бір баладағы кариозды пломбаланған және жұлынған тістердің саны) индекстерін, тісжегінің белсенділік дәрежесін, диспансерлеу, оңалту және профилактика жоспарын бағалай отырып, баланы кешенді қарап-тексеруді жүргізеді;

      6) офтальмолог көру өткірлігін анықтайды, көру органына сырттай қарап-тексеру жүргізеді; бүйірінен жарық түсіре отырып және өткізу жарығында тексеру, офтальмоскопия жүргізу. 14 және 17 жастағы балалар қосымша көз қысымын өлшеуден, офтальмоскопиядан қосымша өтеді;

      7) эндокринолог гинекомастияның, жыныстық дамудың кідіруі мен уақытынан бұрын дамуының, бойының кідіруінің, семіруінің, қалқанша безі ұлғаюының, қант диабетінің, крипторхизманың жоқ екендігін анықтау үшін қарап-тексеру жүргізеді.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруы мен қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық қарап-тексеру екі сатыдан тұрады:

      1) бірінші сатыны МСАК ұйымының орта медицина персоналы немесе МСАК ұйымының жауапты адамы жүргізеді, барлық нысаналы топтарға арналған және мыналарды қамтиды:

      антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белдің көлемі), Кетле индексін есептеу;

      сауалнама жүргізу;

      орындыққа отырғызып, интервалы 1-2 минутта артериялық қысымды (бұдан әрі – АҚ) екі мәрте өлшеу. АҚ өлшемес бұрын науқас 3-5 минут отыра тұруы керек;

      жалпы холестерин мен қан глюкозасының экспресс-диагностикасын жүргізу (осындай жабдық болмаған кезде, пациенттің биоматериалы (қаны) зертханаға жіберіледі);

      МАЖ деректерді енгізу.

      2) екінші сатыда МСАК дәрігері немесе МСАК ұйымының жауапты адамы жүрек-қантамыр қаупін анықтау және бұдан әрі тексеріліп жатқан адамды одан әрі емдеп-қарау туралы шешім қабылдау үшін SCORE шкаласын қолданады;

      жүрек-қанайналым қаупі төмен адамдарға (SCORE шкаласы бойынша 1% дейін) 2 жылдан кейін бұдан әрі скринингтік қарап-тексеруді жүргізу ұсынылады, төмен жүрек-қантамыр қаупін сақтау мақсатында салауатты өмір салты бойынша ұсынымдар беріледі;

      орташа жүрек-қантамыр қаупі бар адамдарды (SCORE шкаласы бойынша > 1% до < 5%) жүрек-қантамыр ауруларын төмендету немесе тұрақтандыру мақсатында аурулардың бейіні бойынша мектепке (бұдан әрі - денсаулық мектебі) жібереді;

      жоғары және өте жоғары жүрек-қантамыр қаупі бар адамдарды (SCORE шкаласы бойынша > 5%) электрокардиографияға жібереді. ЭКГ-да өзгерістер анықталған кезде, холестерин деңгейі 5,0 ммоль/л-ден астам, артериалық қысымы 140/90 с.б.м. жоғары, сондай-ақ жүрек жиырылуының жиілігі нормадан ауытқыған кезде зерттелетін адамды ЖПД немесе учаскелік терапевтінің консультациясына жібереді, ол көрсетілімдер бойынша кардиологтың консультациясына жібереді. Пациентте қан айналым жүйесінің аурулары (бұдан әрі – ҚЖА) айқындалған жағдайлықда ЖПД немесе учаскелік терапевт зерттелетін адамды ДБ-ға алады, ҚЖА болмаған жағдайлықда жүрек-қантамыр ауруларын төмендету мақсатында деңсаулық мектебіне жібереді;

      қан глюкозасының жоғары деңгейі анықталған жағдайда (7,0 ммоль/л артық) пациентті тұрғылықты жері бойынша учаскелік терапевт, ЖПД консультациясына жібереді. Қант диабетінің клиникалық белгілері болған кезде, сондай-ақ зерттеушінің дене салмағының индексі ≥ 25 кг/м2 болған кезде бір немесе бірнеше қосымша қауіп факторлары бар ЖПД немесе учаскелік терапевт тексерілетін адамды қандағы гликозилденген гемоглобиннің деңгейін анықтауға жібереді. Айғақтар бойынша эндокринологқа кеңес алуға жібереді.

      МАЖ деректерді енгізу.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Медициналық ұйымының кардиологы, эндокринологы немесе тұрғлықты жері бойынша ЖПД, учаскелік терапевті диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес толық тексеріп-қарауды жүргізеді, көрсетілімдер бойынша мамандандырылған медициналық ұйымдарға жібереді. Тексеру нәтижелері МАЖ ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы енгізіледі және беріледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігіне 1-қосымша:

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

Дене салмағы 1500 г. кем, 3 айлық шала туған балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдауы

ТМККК

Консультация: хирург (ортопед)

МӘМС

Жамбас буындарын ультрадыбыстық зерттеу (көрсетілімдер бойынша)

МӘМС

Консультация: оториноларинголог

МӘМС

Консультация: неврапатолог

МӘМС

Консультация: офтальмолог

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 12- жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

Дене салмағы 1500 г. кем, 12 айлық шала туған балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдауы

ТМККК

Консультация: неврапатолог

МӘМС

Консультация: офтальмолог

МӘМС

Консультация: эндокринолог

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

Туған кезде дене салмағы 1500 г-нан асатын, 3 айлық балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдауы

ТМККК

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

Жамбас буындарын ультрадыбыстық зерттеу (көрсетілімдер бойынша)

МӘМС

  ";

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30

Оториноларингологтың консультациясы

2-ден 3 жасқа дейінгі балалар бейінді мамандар

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

  ";

      реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

34

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

3-тен 4 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

ТМККК

Хирургтың (ортопед) консультациясы

МӘМС

Оториноларингологтың консультациясы

МӘМС

Неврапатологтың консультациясы

МӘМС

Офтальмологтың консультациясы

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

35

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

4-тен 5 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

36

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

5-тен 6 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Фельдшердің қабылдау

ТМККК

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 37-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

37

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

6-тен 7 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

ТМККК

Хирургтың (ортопед) консультациясы

МӘМС

Оториноларингологтың консультациясы

МӘМС

Неврапатологтың консультациясы

МӘМС

Офтальмологтың консультациясы

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

7-тен 8 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Фельдшердің қабылдауы

ТМККК

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

8-тен 9 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 40-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

40

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

9-тен 10 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 41-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

41

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

10-тен 11 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Хирургтың (ортопед) консультациясы

МӘМС

Оториноларингологтың консультациясы

МӘМС

Офтальмологтың консультациясы

МӘМС

Эндокринолог консультациясы

МӘМС

ЖПД қабылдауы

ТМККК

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 42-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

42

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

11-тен 12 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

43

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

12-тен 13 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Офтальмологтың консультациясы

МӘМС

Эндокринолог консультациясы

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 44-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

44

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

13-тен 14 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 45-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

45

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

14-тен 15 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдауы

ТМККК

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Консультация: хирург (ортопед)

МӘМС

Консультация: оториноларинголог

МӘМС

Консультация: офтальмолог

МӘМС

Электрокардиографиялық зерттеу жүргізу ( 12 бұрылу)

МӘМС

Консультация: Неврапатолог

МӘМС

Электроэнцефалографиялық зерттеу жүргізу

МӘМС

  ";

      реттік нөмірі 46-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

46

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

1
5-тен 16 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

ТМККК

Хирургтың (ортопед) консультациясы

МӘМС

Оториноларингологтың консультациясы

МӘМС

Неврапатологтың консультациясы

МӘМС

Офтальмологтың консультациясы

МӘМС

Эндокринолог консультациясы

МӘМС

Урологтың консультациясы

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

Терапевтың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 47-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

47

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

16-тен 17 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдау

ТМККК

Офтальмологтың консультациясы

МӘМС

Урологтың консультациясы

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

МӘМС

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

Терапевтың қабылдауы

ТМККК

  ";

      реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

48

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

17-ден 18 жасқа дейінгі балалар

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдауы

ТМККК

Электрокардиографиялық зерттеу жүргізу ( 12 бұрылу)

МӘМС

Консультация: хирург (ортопед)

МӘМС

Консультация: оториноларинголог

МӘМС

Консультация: неврапатолог

МӘМС

Электроэнцефалографиялық зерттеу жүргізу

МӘМС

Консультация: офтальмолог

МӘМС

Консультация: эндокринолог

МӘМС

Консультация: уролог

МӘМС

Стоматолог: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының, жүктілігі бойынша есепке тұрған әйелдердің ауыз қуысын профилактикалық тексеру

Педиатрдың қабылдауы

ТМККК

ЖПД қабылдауы

ТМККК

Терапевттің қабылдауы

ТМККК

  ";

      ескерту алынсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидалары мен кезеңділігіне 2-қосымша:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруларын, қант диабетін, глаукоманы және мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға 2 жылда 1 рет қарап-тексеруге жататын 40-тан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдауы

ТМККК

Көзішілік қысымды байланыссыз тонометрмен немесе Маклаков бойынша өлшеу

ТМККК

Жедел әдіспен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау

ТМККК

Жедел әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау

ТМККК

Терапевттің қабылдауы

ТМККК

Отбасылық дәрігердің қабылдауы (ЖПД)

ТМККК

Электрокардиографиялық зерттеу (12 бөлікте)

ТМККК

Консультация: кардиолог

МӘМС

Консультация: Эндокринолог

МӘМС

Консультация: офтальмолог

МӘМС

  ";

      реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Акушердің консультациясы

Жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін қарап-тексеруге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер 4 жылда бір рет

ТМККК

Орта білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Жоғары білімі бар мейіргердің қабылдауы

ТМККК

Фельдшердің қабылдауы

ТМККК

Онкоцитологияға жағынды алу

МӘМС (қайталанған-ақау)

Жатыр мойнынан жағынды цитологиялық зерттеу ПАП-тест

МӘМС

Жатыр мойнынан жағынды цитологиялық зерттеу Пап-сұйық цитология аппаратындағы тест

МӘМС

Акушер-гинекологтың консультациясы

МӘМС

(бейне) кольпоскопия

МӘМС

жатыр мойнының биопсиясы

МӘМС

Операциялық-биопсиялық материалдың 3 санатты 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу

МӘМС

Акушер-гинекологтың консультациясы

МӘМС

Онколог-гинекологтың консультациясы

МӘМС

  ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

Маммография (4 сурет)

Сүт безі обырын ерте анықтау үшін 2 жылда 1 рет қарап-тексеруге жататын 40-тан 70 жасқа дейінгі әйелдер

МӘМС

Консультация: рентгенолог (2 маммограмма оқу)

МӘМС

Консультация: рентгенолог (2 маммограмма оқу)

МӘМС

Маммография (4 сурет)

МӘМС (қайталанған-ақау)

Консультация: рентгенолог (2 маммограмма оқу)

МӘМС

Консультация: рентгенолог (2 маммограмма оқу)

МӘМС

Консультация: онколог

МӘМС

Консультация: маммолог

МӘМС

Терапевттің қабылдауы

ТМККК

Отбасылық дәрігердің қабылдауы (ЖПД)

ТМККК

Мақсатты маммография (1 проекция)

МӘМС

Сүт бездерін УДЗ

МӘМС

Трепанобиопсия

МӘМС

Стереотаксикалық бақылаудағы пункциялық / аспирациялық биопсия

МӘМС

Операциялық-биопсиялық материалдың 3 санатты 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу

МӘМС

Консультация: маммолог

МӘМС

Консультация: онколог-хирург

МӘМС

  ";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Жедел әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест)

Колоректалды обырды ерте анықтау үшін қарап-тексеруге жататын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, 2 жылда 1 рет

МӘМС

Терапевтың қабылдауы

ТМККК

Отбасылық дәрігердің қабылдауы (ЖПД)

ТМККК

Жаппай видеоколоноскопия скринингтік

МӘМС

Көктамыр ішіне наркоз беру

МӘМС

Эндоскопиялық шертпелі биопсия

МӘМС

Операциялық-биопсиялық материалдың 3 санатты 1 блок-препаратын гистологиялық зерттеу

МӘМС

Хирургтың консультациясы

МӘМС

Проктологтың консультациясы

МӘМС

Гастроэнтерологтың консультациясы

МӘМС

Онколог-хирургтың консультациясы

МӘМС

  ";

      ескерту алынсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу ережесіне 3, 4 және 5-қосымшаларда:

      ескерту алынсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың нысаналы топтарын скринингтік тексеріп-қарауға әдістемелік нұсқаулық пен талдауға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесінде

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге әдістемелік нұсқаулық пен талдауға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі";

      Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге әдістемелік нұсқаулық пен талдауға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі К.Т. Надыровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 2 сәуірі
№ ҚР ДСМ-22/2020 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 685 бұйрығына
қосымша

Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге әдістемелік нұсқаулық пен талдауға жауапты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесі

р/с №

Жауапты ұйымдарының атауы*

Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарауды енгізу бойынша функциялық міндеттер

1.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" (бұдан әрі – ҚДСҰО) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ҚР ДСМ ШЖҚ РМК)

1. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы топтың жұмысын ұйымдастыру.
2. Нормативтік-құқықтық базаны, есеп беру нысандарын әзірлеу және жетілдіру.
3. МСАК дамыту жағдайында скринингтік тексеріп-қарауды жүргізу үлгісін әзірлеу.
4. Халықтың нысаналы топтарының арасында мінез-құлық қауіп факторларын анықтау бойынша профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарауды жүргізуге ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар, үйлестіру, мониторинг жүргізу, бағалау, талдау.
5. Өңірлік салауаты өмір салтын қалыптастыру орталықтарына профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарауды жүргізу бойынша әдістемелік көмек.
6. Есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-күніне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ДСМ) профилактикалық медициналық (скрининггтік) тексеріп-қарауды жүргізу бойынша жиынтық және талдау есептерін тоқсан сайын ұсыну.
7. ҚР ДСМ-не жылдың есептік кезеңінен кейінгі 1 ақпанға жиынтық және профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарауды жүргізу бойынша қорытынды талдамалық есеп ұсыну.

2.

ҚР ДСМ "Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты" Акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ)

1. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы топтың жұмысына қатысу.
2. Халықтың жекелеген нысаналы топтарының арасында қан айналым жүйесінің негізгі ауруларын (артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы) жүйесін, қант диабетін ерте анықтау бойынша профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарауды жүргізудің барлық кезеңдерінде ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар, үйлестіру, мониторинг жүргізу, бағалау, практикалық көмек көрсету.
3. Профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қараудың нәтижелерін талдау, ҚДСҰО-на талдау есептерін – тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ұсыну.
4. Есептік кезеңнен кейінгі 20 қаңтарға ҚДСҰО профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарауды жүргізу бойынша жылдық қорытынды талдамалық есеп ұсыну.

3.

ҚР ДСМ "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ

1. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы топтың жұмысына қатысу.
2. Халықтың жекелеген нысаналы топтарының арасында жатыр мойнының, сүтбезінің, жуан және жіңішке ішектерінің ісікалды және қатерлі ісіктерін ерте анықтау бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар, үйлестіру, мониторинг жүргізу, бағалау, практикалық көмек көрсету.
3. Профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарау нәтижелерін талдау, ҚДСҰО-на талдау есептерін – тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ұсыну.
4. Есептік кезеңнен кейінгі 20 қаңтарға ҚДСҰО профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу бойынша жылдық қорытынды талдамалық есеп ұсыну.

4.

"Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ және "Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы" АҚ

1. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы топтың жұмысына қатысу.
2. Халықтың жекелеген нысаналы топтарының арасында жатыр мойнының ісікалды ерте анықтау бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар, үйлестіру, мониторинг жүргізу, бағалау, практикалық көмек көрсету.
3. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау нәтижелерін талдау, ҚДСҰО-на талдау есептерін – тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ұсыну.
4. Есептік кезеңнен кейінгі 20 қаңтарға ҚДСҰО профилактикалық медициналық тексерулер жүргізу бойынша жылдық қорытынды талдамалық есеп ұсыну.

5.

"Құрмет Белгісі" орденді Қазақ көз аурулары ғылыми - зерттеу институты" АҚ

1. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы топтың жұмысына қатысу.
2. Халықтың жекелеген нысаналы топтарының арасында глаукоманы ерте анықтау бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар, үйлестіру, мониторинг жүргізу, бағалау, практикалық көмек көрсету.
3. Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау нәтижелерін талдау, ҚДСҰО-на талдау есептерін – тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ұсыну.
4. Есептік кезеңнен кейінгі 20 қаңтарға ҚДСҰО профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу бойынша жылдық қорытынды талдамалық есеп ұсыну.

6.

"Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы" АҚ және "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ

1. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы топтың жұмысына қатысу
2. Балаларды профилактикалық медициналық тексеріп-қарау, динамикалық бақылау мен сауықтыру жүргізуге ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар, үйлестіру, мониторинг жүргізу, бағалау, практикалық көмек көрсету.
3. Балаларды профилактикалық медициналық тексеріп-қарау, динамикалық бақылау мен сауықтыру нәтижелерін талдау, ҚДСҰО-на талдау есептерін – тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ұсыну.
4. Есептік кезеңнен кейінгі 20 қаңтарға ҚДСҰО профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу бойынша жылдық қорытынды талдамалық есеп ұсыну.

7.

"С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КЕАҚ № 1 "Ақсай" университеттік клиникасы

1. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы топтың жұмысына қатысу
2. Балалардың саңыраулығын ерте анықтау бойынша профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізуге ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулар, үйлестіру, мониторинг жүргізу, бағалау, практикалық көмек көрсету.
3. Балалардың саңырауын ерте анықтау бойынша профилактикалық медициналық тексеріп-қарау нәтижелерін талдау, ҚДСҰО-на талдау есептерін – тоқсан сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-күніне ұсыну.
4. Есептік кезеңнен кейінгі 20 қаңтарға ҚДСҰО профилактикалық медициналық (скринингтік) тексеріп-қарауды жүргізу бойынша жылдық қорытынды талдамалық есеп ұсыну.

8.

"Республикалық электрондық даму орталығы" ШЖҚ РМК

1. Скринингтік бағдарламаларды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы топтың жұмысына қатысу.
2. Профилактикалық медициналық тексеріп- қарау нәтижелерін ескере отырып, тұрақты негізде медициналық ақпараттық жүйелерді пысықтау бойынша ұсынымдар әзірлеу.
3. Профилактикалық медициналық тексерулердің шығыс нысандарын өңдеу, қалыптастыру.
4. Есептік кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне, жыл бойғы қорытынды есепті - есепті жыл кезеңіндегі 5 қаңтарға ҚР ДСМ және ҚДСҰО-ға профилактикалық медициналық тексеріп-қараудың нәтижелері бойынша шығыс нысандарын ұсыну.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады