Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін мұнай өнімдеріне қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің мөлшерін өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 64-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 3 сәуірде № 20301 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 146 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының тыныс-тіршілігін іркіліссіз қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды әкелу мен әкету қағидаларының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін мұнай өнімдеріне қатысты кедендік баждар мөлшерлемелері мөлшерінің өзгерістері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрықта көзделген Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін мұнай өнімдеріне қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда мен интеграция вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, ресми жариялануға жатады және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 3 сәуірдегі
№ 64-НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін мұнай өнімдеріне қатысты кедендік баждар мөлшерлемелерінің мөлшерін өзгерту туралы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы1

Кедендік әкету бажының мөлшері, АҚШ долл. 1 тонна үшін

1

2

3

2710 12
2710 12 110 1, 2710 12 150 1, 2710 12 900 2 қоспағанда

Жеңіл дистилляттар және өнімдер

0

2710 19 110 0, 2710 19 150 0, 2710 19 210 0, 2710 19 250 0, 2710 19 290 0

Орташа дистилляттар

0

2710 19 42, 2710 19 460 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

0

2710 20 110 0, 2710 20 150 0,
2710 20 900 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге мақсаттар үшін

0

2710 19 310 0, 2710 19 350 0,
2710 19 480 0, 2710 20 190 0

Ауыр дистилляттар: газойлдар

0

2710 19 510 1, 2710 19 510 9 – 2710 19 550 9

Ауыр дистилляттар: сұйық отындар

0

2710 19 620 1, 2710 19 640 1, 2710 19 660 1, 2710 19 680 1, 2710 20 310 1, 2710 20 350 1, 2710 20 370 1, 2710 20 390 1

Мазуттар

0

2710 19 620 9, 2710 19 640 9, 2710 19 660 9, 2710 19 680 9, 2710 20 310 9, 2710 20 350 9, 2710 20 370 9, 2710 20 390 9

Ауыр дистилляттар: газойлдар: өзге де мақсаттар үшiн

0

2710 19 710 0, 2710 19 750 0, 2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0

Жағар майлар: өзгелері

0

2710 91 000 0, 2710 99 000 0

Өңделген мұнай өнімдері

0

2712 90 990 0

Өзгелері

0

2713 20 000 0

Мұнай битумы

0

2713 90 100 0, 2713 90 900 0

Битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

0

2715 00 000 0

Битум қоспалары

0

      Ескертпе:

      1 Әкету кедендiк бажы мөлшерлемелерін қолдану мақсаты үшiн тауарлар Еуразиялық экономикалық одағының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Тауарлардың атаулары қолдануға ыңғайлы болу үшiн келтiрiлген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады