"Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/202020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-132/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № 227-НҚ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 80 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 16 қазанда № 21453 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 275-НҚ және Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 7 бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.04.2021 № ҚР ДСМ-29, ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.04.2021 № 275-НҚ және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 13.04.2021 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығы мен қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамасының 4-тармағынның 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Медициналық маскалардың шекті бағасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-29/2020, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 68-НҚ, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 26 және бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20334 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылы 10 сәуірде жарияланған мынадай өзгеріс енгізілсін:

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын::

      "1. Бір реттік пайдаланылатын үш қабатты медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы бір бірлік үшін 60 теңге мөлшерінде бекітілсін.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
__________Р. Даленов

Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министірінің міндетін ақарушы
__________А. Асқарұлы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
__________М.Шоранов



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады