Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 сәуірде № 20352 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
С. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 116 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 18-03/241 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7713 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 510-515 (27588) сандарында жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық нарығының мониторингін жүргізу қағидаcында:

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тіркеуші – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      2) астық нарығына қатысушылар – астықты өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, өңдеуге және өткізуге қатысатын заңды және жеке тұлғалар;

      3) астық нарығының мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – астық нарығына қатысушылар астықты өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өңдеуді және өткізуді қоса алғанда онымен жүзеге асыратын операциялар туралы деректерді жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты іс-шаралар жиынтығы;

      4) бағдарламалық қамтамтылым – тіркеуші әзірлеген және шаблондар түрінде бағдарламалық қамтамтылымда ұсынылған есептіліктің және ақпараттың әр түрлі нысандарын дайындауға арналған "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" (ЕББЖ) бағдарламалық қамтамтылым;

      5) мамандандырылған ұйым – агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарықта жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының немесе агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің шешімі бойынша құрылған немесе өңірлердің экономикасын дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар) ұйым;

      6) электрондық есеп – ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылатын мониторингтің деректерімен бағдарламалық қамтамасыз етудің толтырылған тиісті шаблоны.

      3. Мониторингті астық нарығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырады.";

      9, 10, 11 және 11-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жергілікті атқарушы органдар тізілімге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқарудың енгізілгені туралы ақпарат береді.

      10. Мониторинг деректерін өндеу және талдау кезінде астық қабылдау кәсіпорындары, Мамандандырылған ұйым, ұлттық тасымалдаушы және темір жол көлігіндегі басқа тасымалдаушылар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – субъектілер) тізілімге ұсынатын деректер пайдаланылады.

      11. Осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген ақпарат субъектінің ақпараттық жүйесінің астық қолхаттарының тіркеуші ақпараттық жүйесімен onlіne-режимінде веб-сервистер арқылы интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы тізілімге ұсынылады.

      11-1. Осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпарат тіркеушіге мынадай тәртіппен ұсынылады:

      1) бағдарламалық қамтылымның тиісті шаблоны толтырылады, ол астық қолхаттарының тіркеуші ақпараттық жүйесінің www.qoldau.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жүктеп алу үшін еркін қолжетімді болып орналастырылады;

      2) шаблонды толтыру нәтижесінде электрондық есеп қалыптастырылады, оған субъектінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылуы және бағдарламалық қамтылымдағы электрондық есепті тізілім құрылымына жіберу мен қосуға арналған сервис пайдаланыла отырып, тізілімге жіберілуі қажет.

      Тіркеуші электрондық есеп түскен күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-да көрсетілген субъектінің электрондық мекенжайына электрондық есепті тізілімге қосу немесе оны қабылдамау себептері туралы электрондық хабарлама жібереді. Тіркеушінің электрондық есепті қабылдаудан бас тартуы субъектінің осы Қағидаларда көрсетілген талаптарды орындамауы негіз болып табылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11804 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) астық иесі – астығын астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;

      2) астық партиясы – астық сапасы туралы мәліметтері бар құжаттармен ресімделген, бір жылғы егіннің сапасы бойынша біртекті оқшауланған астық мөлшері;

      3) астықтың сандық-сапалық есебі – астық қабылдау кәсіпорнында астықты қабылдау, тазалау, кептіру, сақтау, орнын ауыстыру және тиеп жөнелту процесінде онымен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тіркеу жүйесі;

      4) есеп актісі – астық иесіне жіберуге жататын астық және (немесе) астық қалдықтарының мөлшерін айқындау үшін астық қабылдау кәсіпорны жасайтын құжат;

      5) есептелген нақты салмағы – ылғалдылығы, арамшөп және дән қоспасы бойынша астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорны арасындағы шартта айқындалған және астықтың сақталуын қамтамасыз ететін нормаларға келтірілген астықтың нақты салмағы;

      6) дербес шот – астық қабылдау кәсіпорны әрбір астық иесі, сыныбы және сорты бойынша жеке жүргізетін астықтың сандық-сапалық есебі кітабының құрамдас бөлігі;

      7) жергілікті атқарушы орган маманы – астық нарығы саласында өз өкілеттігін жүзеге асыратын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органның (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) құрылымдық бөлімшесінің маманы;

      8) материалды жауапты тұлға – сақтауға қабылданған астықтың сандық-сапалық сақталуына жауап беретін астық қабылдау кәсіпорнының лауазымды тұлғасы;

      9) нақты салмағы – таразыда өлшеу жолымен айқындалған астықтың массасы;

      10) тазарту актісі – астықты есепке алу мақсатында астық қабылдау кәсіпорны жасайтын құжат;

      11) түгендеу – астықтың нақты бар болуының және оның сапасының есептік деректерге сәйкестігін тексеруге бағытталған іс-шаралар кешені.".

      65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "65. Егер алушы астық қабылдау кәсіпорнының ӨТЗ астық сапасын талдау кезінде астықты тиеп жөнелту орны бойынша берілген сапасы туралы құжаттың (астық сапасы паспортының немесе астық талдау карточкасының) деректерімен жол берілген ауытқушылықтар нормаларынан артық айырмашылықтарды анықтаса, шағым жасаудың мынадай тәртібі белгіленеді:

      1) жиырма төрт сағат ішінде жіберушінің өкілі жеделхатпен шақыртылады;

      2) жіберуші, алушы өкілдерінің және жергілікті атқарушы орган маманының қатысуымен сынама іріктеу (4 (төрт) килограммнан кем емес) іріктеу актісін ресімдеу арқылы жүргізіледі;

      3) даулы астық партиясы алушы астық қабылдау кәсіпорнының бос сақтау қоймасына түсіріледі және басқа астық партияларымен араластырылмайды. Алушының өкілдері мен жергілікті атқарушы орган маманың қолдары қойылған астықты түсіру актісі мен қойманы қарап-тексеру актісі жасалады. Қойманы жергілікті атқарушы органының маманы мөрлеп бекітеді.

      Егер даулы астық партиясынан сынама іріктеу мүмкін болмаса, сондай-ақ осы тармақтың жоғарыда көрсетілген тармақшаларындағы талаптардың кем дегенде біреуі сақталмаған жағдайда, сапасы туралы құжатқа (астық сапасы паспортына немесе астық талдау карточкасына) алушының білдірген шағымы кері қайтарылады.

      Іріктелген сынамадан әрқайсысы екі килограммнан кем емес 2 (екі) сынама бөліп алынады. Бір сынама іріктеу актісімен, алушы астық қабылдау кәсіпорнының ӨТЗ астық талдау карточкасымен және астықты тиеп жөнелту орны бойынша берілген сапасы туралы құжатпен (астық сапасы паспортымен немесе астық талдау карточкасымен) бірге сапаны тәуелсіз бағалау үшін аккредиттелген зертханаға ұсынылады, екінші сынама келіспеушілікті толық қарап болғанға дейін жергілікті атқарушы орган маманында сақталады. Аккредиттелген зертханадағы сынақтар жергілікті атқарушы орган маманының тікелей қатысуымен жүргізіледі. Сапаны тәуелсіз бағалау жөніндегі қызметтердің төлемін алушы жүргізеді. Астықты тиеп жөнелту орны бойынша берілген сапасы туралы құжатты (астық сапасы паспорты немесе астық талдау карточкасы) мойындамаған жағдайда жөнелтуші астық сапасын сараптауды жүргізу шығыстарын өтейді.

      Мәлімделген сапа көрсеткіштеріне сәйкес жүргізілген сынақтар нәтижелері бойынша акредиттелген зертхана сынақтар хаттамасын береді, оның негізінде жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі астықты тиеп жөнелту орны бойынша берілген сапа туралы құжатты (астық сапасы паспортын немесе астық талдау карточкасын) мойындауы (мойындамауы) туралы шешім қабылдайды.

      Егер алынған нәтижелер мен наразылық білдірген сапасы туралы құжаттың (астық сапасы паспортының немесе астық талдау карточкасының) сапа көрсеткіштері арасындағы сападағы айырмашылықтар стандартта жол берілген нормалардан аспаса, осы құжаттың дұрыстығы аккредиттелген зертхананың сынақтар хаттамасымен және құжаттың артқы бетіндегі жергілікті атқарушы орган маманының жазбасымен расталады. Жазба жергілікті атқарушы орган маманының мөрімен расталады. Астықты тиеп жөнелту орны бойынша берілген сапа туралы құжатты (астық сапасы паспортын немесе астық талдау карточкасын) және сынақтар хаттамасын аккредиттелген зертхана астық алушыға береді.

      Егер алынған нәтижелер мен наразылық білдірген сапа туралы құжаттың (астық сапасы паспортының немесе астық талдау карточкасының) сапа көрсеткіштері арасындағы сападағы айырмашылықтар стандартта жол берілген нормалардан асатын болса, онда жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде сапаны тәуелсіз бағалауды жүргізген аккредиттелген зертхана жаңа астық сапасы паспортын ресімдеуді және астық алушыға беруді жүргізеді.

      Жергілікті атқарушы орган мойындалмаған паспортты берген аккредиттелген зертхананың басшысына паспортта көрсетілген деректерге нақты сапа көрсеткіштерінің сәйкес еместігі туралы хабарлайды.

      Алушы астық қабылдау кәсіпорны осы Қағидаларға 21-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық сапасындағы айырмашылық бойынша наразылық актісін төрт данада жасайды, оны осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықтың мөлшері мен сапасындағы айырмашылықтар бойынша ұсынылған наразылық актілерін тіркеу журналында тіркейді және күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде жөнелтушіге наразылық актісімен қоса шағымды және жаңадан берілген астық сапасы паспортының көшірмесін жолдайды.

      Наразылық актісінің екінші данасы даулы астық партиясын тиеп жөнелткен астық қабылдау кәсіпорнына жіберіледі, ол алынған наразылық актілерін осы Қағидаларға 23-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астықтың мөлшері мен сапасындағы айырмашылықтар бойынша ұсынылған наразылық актілерін тіркеу журналында тіркейді және шағым түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны қарайды.

      Наразылық актісінің үшінші данасы астық алушыға, төртінші данасы астықты тиеп жөнелткен астық қабылдау кәсіпорнының сандық-сапалық есеп кітабындағы сапа бойынша өзгерістерді тексеру үшін астықты жөнелту орны бойынша жергілікті атқарушы органына жіберіледі.

      Егер сапа бойынша келіспеушілік жоғарыда көрсетілген тәртіппен шешілмеген жағдайда, дау сот тәртібімен шешіледі.".

      71-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "71. Астық сақтау қоймаларында сақталатын астықтың мөлшерін айқындау үшін жергілікті атқарушы органның басшысының бұйрығымен мынадай құрамда комиссия құрылады: жергілікті атқарушы орган маманы, астық қабылдау кәсіпорнының басшысы (басшының орынбасары), материалдық жауапты адам және ӨТЗ маманы (бұдан әрі – Комиссия).";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Сандық-сапалық есеп нысандарын, журналдарын және кітаптарын толтыру кезінде өшіруге жол берілмейді. Дұрыс жазылмаған жазуларды түзету шарикті немесе қаламұшты қаламмен жүргізіліп, түзету жасаған тұлғаның қолы қойылып, жасалған түзету туралы қосымша түсінік жасалады.

      Барлық сандық-сапалық есеп журналдары мен кітаптары нөмірленуі, тігілуі және жергілікті атқарушы органның басшысының қолымен және мөрімен бекітілуі тиіс.".

      3. "Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 маусымдағы № 4-1/564 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11835 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 тамызда"Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) астық қабылдау кәсіпорны – астық сақтау жүзеге асырылатын меншік құқығында астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) бар заңды тұлға;

      2) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару (бұдан әрі – уақытша басқару) – астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында оларға қатысты әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізу;

      3) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры – астық қабылдау кәсіпорындарының өздері берген (шығарған) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;

      4) астық қолхаты – шығару кезінде айқындалған көлемде және сапада астық қабылдау кәсіпорнынан астық алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын, құжатсыз борыштық эмиссиялық емес бағалы қағаз түріндегі қоймалық куәлік;

      5) астық қолхатын ұстаушы – астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркелген, астық қолхаты бойынша құқықтарға ие тұлға;

      6) уақытша басқару жөніндегі комиссия – уәкілетті органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының, астық қабылдау кәсіпорнының, сол астық қабылдау кәсіпорны берген (шығарған) астық қолхаттарын ұстаушылардың, астық қабылдау кәсіпорны қатысуға шарт жасаған астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) өкілдерін қамтитын алқалы орган;

      7) уәкілетті орган – құзыреті шегінде астық нарығына қатысушылардың қызметін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уақытша басқаруды жүргізу кезінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерден аспайтын мүмкіндігінше қысқа мерзімде қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жергілікті атқарушы орган уақытша басқаруды енгізу үшін негіз болып табылатын фактілер анықталған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      1) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы сотқа арыз береді және берілген арыз туралы ақпаратты астық қолхаттарының тіркеуші ақпараттық жүйенің www.qoldau.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) жариялайды;

      2) астық қабылдау кәсіпорнына, астық қабылдау кәсіпорны қатысу шартын жасасқан астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына (қорларына) және сол астық қабылдау кәсіпорны берген (шығарған) астық қолхаттарын ұстаушылардың бәріне 3 (үш) жұмыс күні ішінде уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына кандидатуралар беру туралы ұсыныс жолдайды.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жеке және заңды тұлғалар кандидатура ұсынбаған не олар ұсынудан бас тартқан жағдайда жергілікті атқарушы органы уақытша басқару жөніндегі комиссияны дербес қалыптастырады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жергілікті атқарушы орган соттың уақытша басқаруды енгізу туралы шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Порталда, сондай-ақ астық қабылдау кәсіпорнының қаражаты есебінен республикалық, облыстық маңызы бар кемінде екі газетте мемлекеттік және орыс тілінде:

      1) уақытша басқаруды енгізу туралы;

      2) астық қолхаттарын ұстаушылардың жиналысында астық қолхаттарын ұстаушылардың қатысу құқығы туралы хабарламаны жариялайды.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Егер астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілетін қалпына келтіруге әкелмеген жағдайда, уақытша әкімшілік:

      1) астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныс енгізеді;

      2) уақытша басқару мерзімі аяқталғанға дейін астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлеп тарату туралы сотқа талап қою арызын береді.

      Астық қабылдау кәсіпорнын мәжбүрлеп тарату туралы талап арызды қарау кезеңінде уақытша басқару тоқтатылған жағдайда талап қоюшының барлық құқықтары мен міндеттері уақытша әкімшілік функцияларын жүзеге асыратын адамдарға өтеді.".

      4. "Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-1/699 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12016 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) тіркеуші ақпараттық жүйенің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – интернет желісінде www.qoldau.kz мекенжайы бойынша орналастырылған, осы тізілім деректеріне қолжеткізудің бірыңғай нүктесін беретін интернет-ресурс;

      2) астық иесі – астық қабылдау кәсіпорнына астықты сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;

      3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – уақыттың нақты сәтіне астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары және оларды ұстаушылар туралы мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ олардың өтінішіне немесе олар бойынша құқықты іске асыруға тіркелген шектеулердің сипаттамасы және тіркеуші ақпараттық жүйеде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      4) тіркеуші ақпараттық жүйе – астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар жөніндегі ақпаратты сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған тізілімді жүргізудің автоматтандырылған жүйесі;

      5) астық қолхаты – шығару кезінде айқындалған көлемде және сапада астық қабылдау кәсіпорнынан астық алуға оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын, құжатсыз борыштық эмиссиялық емес бағалы қағаз түріндегі қоймалық куәлік;

      6) тіркеуші – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын, бағалы қағаздар нарығында жұмыс тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      7) астық қолхатын ұстаушы – тізілімде тіркелген, астық қолхаты бойынша құқыққа ие адам;

      8) бұйрық – астық қолхатын ұстаушының меншігіндегі астыққа қатысты нақты іс-қимылды жүзеге асырылуын көрсете отырып тізілімде астық қабылдау кәсіпорынымен немесе астық қолхатын ұстаушымен қалыптастырылатын, ұлттық куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңба қойылатын электрондық құжат;

      9) дербес шот – мәмлені тіркеу және астық қолхаты бойынша құқықты есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімде көрсетілген жазбалар жиынтығы;

      10) дербес шоттан көшірме – уақыттың нақты сәтіне астық қолхаты бойынша тіркелген адамның құқығын растайтын және ақпараттық жүйеде тіркеушімен қалыптастырылатын құнды қағаз болып табылмайтын электрондық құжат;

      11) кепіл ұстаушы – астық қолхаты бойынша астық кепілі туралы шартпен (бұдан әрі – кепіл шарты) көзделген міндеттемеде астықты кепілге ұстаушы болып табылатын адам;

      12) клиент – тіркеушінің көрсетілетін қызметін пайдаланатын немесе пайдалануға ниеті бар адам;

      13) уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде астық нарығына қатысушылардың қызметтерін үйлестіруді және реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      14) Q-chaіn үлестірілген дерекқоры (бұдан әрі – q-chaіn) – астық қолхаттарымен операциялар туралы ақпаратты қамтитын, тіркеушінің ішкі қағидалары бойынша blockchaіn технологиясы негізінде жасалған, деректер блоктарының үзілмейтін бірізді тізбегі;

      15) транзакция – алдыңғы және кейінгі жазбалар (бар болса) туралы ақпаратты қамтитын блокта қалыптастырылған, q-chaіn желісіндегі астық қолхаттарымен операциялар туралы логикалық тұрғыдан біріктірілген бірізді жазбалардың жиынтығы;

      16) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – ЭЦҚ құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Ғаламдық операцияларға:

      1) астық қоймасын тіркеу (тізілімде операциялар жүргізуге уәкілетті астық қабылдау кәсіпорнының бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) тіркеушіге ұсынған астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеу актісіне сәйкес астық қоймасының техникалық сыйымдылығы және астық қолхаттарының барынша шығарылатын көлемі туралы мәліметтерін көрсете отырып);

      2) астық қоймасының деректерін өзгерту (оның ішінде астық қоймасының техникалық сыйымдылығын және астық қолхаттарының барынша шығарылатын көлемін өзгерте отырып);

      3) астық қоймасын оқшаулау (оқшаулаудан шығару) (астық қабылдау кәсіпорыны лицензиясының қолданысын тоқтата тұру (қалпына келтіруге); жергілікті атқарушы органның сотқа астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды енгізу туралы өтініш беруіне; астық қабылдау кәсіпорнын жою туралы шешім қабылдауға байланысты, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорнын банкрот деп тануға байланысты);

      4) астық қолхаттарының күшін жою (астық қабылдау кәсіпорны лицензиясының қолданысын тоқтатуға, астық қабылдау кәсіпорнын жоюға байланысты) жатады.

      Ғаламдық операцияларды тіркеуші тізілімде мәліметтердің, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарынан және астық қабылдау кәсіпорындарынан, сондай-ақ осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес тізілімге берілетін деректердің негізінде тіркейді.

      Астық қабылдау кәсіпорны 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркеушіге ғаламдық операцияны жүргізу үшін астық қабылдау кәсіпорнының атынан тізілімде операцияларды жүргізуге уәкілетті бірінші басшыны және/немесе бас бухгалтерді тағайындау (сайлау) немесе жұмыстан шығару (өкілеттіктерін тоқтату) туралы бұйрықты ұсынады.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Астық қолхаты сапасы бойынша біркелкі астықтың әрбір партиясына шығарылады. Тапсырылған барлық астық көлеміне шығарылатын астық қолхаттарының саны астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықта айқындалады.

      Астық қолхатын шығару жеке кабинетте мынадай тәртіпте жүргізіледі:

      1) астық иесінен астық қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мерекелер туралы заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, 3(үш) жұмыс күннен кешіктірмей астық қабылдау кәсіпорны астық қолхатын шығаруға арналған бұйрықты осы Қағидалардың 16-тармағы 2) - 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер мен астық иесінен астық қабылданған күнді енгізе отырып тіркейді. Бұйрық сақталғаннан кейін оның мәртебесі ақпараттық жүйеде "Келісілмеген" деп өзгертіледі;

      2) "Келісілмеген" деген мәртебемен сақталған бұйрықты астық қабылдау кәсіпорны астық иесіне келісімге жібереді және бұйрықтың мәртебесі ақпараттық жүйеде "Келісілуде" деп өзгертіледі;

      3) "Келісілуде" деген мәртебедегі бұйрық жеке кабинетте астық иесіне:

      не бұйрықты келісу үшін (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Келісілген" деп өзгертіледі);

      не астық қабылдау кәсіпорны бұйрыққа енгізген мәліметтер бойынша ескертулер енгізу үшін (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қайтадан пысықтауға жіберілді" деп өзгертіледі) қолжетімді болады;

      4) "Қайтадан пысықтауға жіберілді" деген мәртебедегі бұйрық бойынша астық қабылдау кәсіпорны:

      не астық иесінің ескертулері бойынша бұйрықтың деректерін өзгертеді (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Келісілуде" деп өзгертіледі);

      не өзінің дәлелдерін көрсете отырып, астық иесінің ескертулері бойынша бұйрықтың деректерін өзгертпейді (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Келісілуде" деп өзгертіледі);

      не иесінен астық қабылдаған күннен бастап, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Мерекелер туралы заңның 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмей астықты иесіне қайтаруды қамтамасыз ете отырып, бұйрықты жояды (ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Жойылды" деп өзгертіледі);

      5) "Келісілген" деген мәртебедегі бұйрық бойынша астық қабылдау кәсіпорны бұйрыққа енгізілген мәліметтермен келісетінін растайды және ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылуда" деп өзгертіледі;

      6) "Қол қойылуда" деген мәртебедегі бұйрық бойынша клиенттердің ЭЦҚ-сы пайдаланыла отырып, бұйрыққа қол қою жүзеге асырылады;

      7) астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорнының (бірінші басшысы және бас бухгалтері) ЭЦҚ-сымен бұйрыққа қол қойылғаннан кейін ақпараттық жүйеде бұйрықтың мәртебесі "Қол қойылды" деп өзгертіледі, ал тізілімдегі астық қолхаты:

      осы Қағидалардың 16-тармағы 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерді көрсете отырып шығарылады;

      астық қолхатын ұстаушының дербес шотында "Белсенді" деген мәртебемен көрсетіледі.

      Клиенттермен астық қолхаттары бойынша операциялар жүргізу кезінде астық қабылдау кәсіпорны мен астық иесі арасында жасалған астықты сақтау шарты бойынша құқығы мен міндеттері және оған сәйкес шығарылған осы астық қолхаты клиентке бір уақытта астық қолхатында көрсетілген көлемдегі астыққа арналған астық қолхаты бойынша құқықтарды бере отырып, беріледі.

      Астықты астық қабылдау кәсіпорны өңдеген не астықтың сапалық көрсеткіштері орташаланған (астықтың орташа өлшенген сапасы) жағдайда астық иесі мен астық қабылдау кәсіпорнының келісімі бойынша осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес алдыңғы астық қолхаттарын өтей отырып, жаңа астық қолхатын шығаруға жол беріледі.";

      39-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Жеке кабинетке қолжетімділік беру үшін:

      1) ақпараттық жүйеде өздігінен тіркелу және жеке кабинетте тіркеушімен шарт жасау үшін клиенттердің (астық қабылдау кәсіпорындарының, астық қолхаттарын ұстаушылардың, кепіл ұстаушылардың, астық иелерінің және басқа тұлғалар) ЭЦҚ-сы болуы қажет;

      2) уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган жыл сайын тіркеушіге ЭЦҚ-сы бар өз қызметкерлерінің жаңартылған тізімін жібереді.";

      41-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Жергілікті атқарушы органы үшін жеке кабинетте мынадай функциялар:

      1) астық қолхаттарын ұстаушылардың дербес деректерін көрсетпей тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың астық қабылдау кәсіпорындары және астық қоймалары бойынша талдамалы және статистикалық есептіліктерді қалыптастыру;

      2) астық қабылдау кәсіпорынына уақытша басқаруды енгізу туралы сотқа берілген өтініш туралы және астық қабылдау кәсіпорнына уақытша басқаруды мерзімінде енгізу туралы сот шешімін қабылдау туралы ақпаратты енгізу қолжетімді болады.".

  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
қосымша
  Астық нарығының
мониторингін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы ақпарат

      20___ жылғы "____" _____________ жай-күй бойынша

      Индексі: 1 – ЖАО.

      Есептілік кезеңі: қажеттілігіне қарай.

      Ұсынылатын тұлғалар тобы: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі.

      Қайда ұсынылады: астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне.

      Ұсыну мерзімі: астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы соттың шешімін қабылдау күнінен бастап (3) үш жұмыс күні ішінде.


р/с

Астық қабылдау кәсіпорнының атауы

Жалпы сыйымдылығы, мың тонна

Барлық астық, мың тонна

Астық қабылдау кәсіпорнының жүктелуі, %

Сот шешімі туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6













      Басшы __________ ___________________________________________

                  (қолы)       (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Орындаушы ________ ________________________________________

                        (қолы)            (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Телефоны __________________________ 20 __ жылғы "_____" __________

      Ескертпе: Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетілген.

  Астық қабылдау
кәсіпорнын уақытша
басқаруды енгізу туралы
ақпараттың нысанына
қосымша

Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      1. Астық қабылдау кәсіпорнының уақытша басқаруды енгізу туралы толтырылған ақпарат:

      астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне, ұсыну мерзімі – қажеттілігіне қарай, астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы сот шешімін қабылдаған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылады, ұсыну мерзімі – ай сайын, әр айдың 1-іне дейін.

      2. Астық қабылдау кәсіпорындарының жүктелгендігі туралы ақпарат нысанында:

      1) нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;

      2) нысанның 2-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының атауы көрсетіледі;

      3) нысанның 3-бағанында астық қабылдау кәсіпорнының жалпы сыйымдылығы көрсетіледі;

      4) нысанның 4-бағанында көрсетілген кезеңдегі астықтың жалпы саны көрсетіледі;

      5) нысанның 5-бағанында көрсетілген кезеңде астық қабылдау кәсіпорнының жүктелуі пайызбен көрсетіледі;

      6) нысанның 6-бағанында астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу туралы сот шешімінің нөмірі мен күні, соттың атауы және сот шешімінің заңды күшіне ену күні көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады