"Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 72-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 сәуірде № 20363 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9665 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      сауда және интеграция министрі Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 72-НҚ бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 257 бұйрығымен
бекітілген

Тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың тізбесі

      1. Өтініш берушінің мәртебесiн растайтын құжаттар:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі - жеке тұлғалар үшін;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (куәліктің) көшірмесі – заңды тұлғалар үшін;

      3) жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – жеке кәсіпкерлер үшін;

      4) шаруа (фермер) қожалығын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі немесе жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – шаруа немесе фермер қожалықтары үшін.

      2. Сыртқы сауда келісімшартының (шарттың), шот-фактураның немесе шот-проформаның немесе тауардың қаржылық және (немесе) сандық параметрлерін көрсететін өзге құжаттың көшірмесі (жүк сол бір жүк жөнелтушіден екінші сол бір жүк алушыға баратын ұзақ мерзімді сыртқы сауда шарттарын/мәмілелерін жүзеге асыру кезінде, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген (әкелу) елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және/немесе шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, шот-фактура немесе шот-проформа талап етілмейді).

      Тауарды көрмеге (жәрмеңкеге) шығарған жағдайда, сондай-ақ, егер тауар Қазақстан Республикасының аумағынан әкеткеннен кейін сатылған жағдайда, егер бұл бір жақты тәртіппен белгіленген (әкелу) елі (одағы) қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және/немесе шығарған елді айқындау қағидаларының (шығарған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына қайшы келмесе, осы бұйрықтың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

      3. Егер тауар толығымен Қазақстан Республикасында шығарылған жағдайда, тауардың толығымен Қазақстан Республикасында шығарылғаны туралы растайтын құжаттардың көшiрмесi:

      1) егер өтініш беруші осы тармақтың 2), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19) және 20) тармақшаларында көрсетілген тауарды өндіруші болып табылмаса, онда өтініш берушіге тауарға меншік құқығының өндірушіден өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (тауар өндірушіден өтініш берушіге меншік құқығының өтуін растайтын шарт және (немесе) шот-фактура және (немесе) жүкқұжат және (немесе) өзге құжат) ұсынылады;

      2) Қазақстан Республикасының жер қойнауынан, не аумақтық теңізде (Қазақстан Республикасының өзге су қоймасында) немесе түбінде өндірілген пайдалы қазбаларға, минералдық өнімдерге, жер ресурстарына арналған лицензия және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты тіркеу туралы акті және (немесе) сенімгерлік басқару шарты ұсынылады (көрсетілген құжаттарды жылына 1 рет ұсынады);

      3) өсімдік тектес ауыл шаруашылығы тауарларына, оның ішінде көкөністер мен жемістерге өсімдік тектес ауыл шаруашылығы тауарларына, оның ішінде көкөністер мен жемістерге жүкқұжаттың немесе астық қолхатының көшірмесі немесе астық қолхаты бойынша үзінді немесе тауарға меншік құқығының өтініш берушіге өтуін растайтын өзге де құжат, сондай-ақ өтініш берушіден өнімді жинау орны туралы анықтама ұсынылады;

      4) жабайы өсетін өсімдіктерге және осындай өсімдіктерді және олардың бөліктерін кесу, жинау немесе дайындау заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

      5) тірі жануарлардың барлық түрлеріне (ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, хайуанаттар бағы, теңіз, кәсіпшілік мамық, цирктік, зертханалық және басқалар); тірі құстардың барлық түрлері (үй, жабайы, сәндік); тірі аралар, тарқатуға жарамды жібек құртының пілләлары; тірі сәндік жәндіктер, қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және рептилиялар; тірі балық (оның ішінде сәндік), тірі бақалар, шаяндар, теңіз омыртқасыздары және басқа гидробионттар, ұстау мен өсіруге арналған шарап ұлулары; ұрықтандырылған уылдырық, эмбриондар, зиготалар, жануарлар ұрығы; инкубациялық жұмыртқа; балықтарға арналған тірі азыққа (оның ішінде, гамарус, артемия салина) ауланған жері туралы анықтаманың немесе өндіріс объектісіне (жануарлар мен құстарды өсіру) есептік нөмір беру туралы растаудың немесе экспортқа рұқсаттың немесе ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі ұсынылады;

      6) ауыл шаруашылығы малдарынан алынған бүтіндей, жартылай, төрттен бір бөліктегі, бөліктегі етке, ауыл шаруашылығы құстарының етіне, сондай-ақ ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының сойылған субөнімдеріне, қыртыс, қақталмаған және ерітілген майларға өндіріс объектісіне (сою цехына) есептік нөмір берілгені туралы растаудың, тірі жануарлар мен құстарға (союға (союға) ұшыраған ветеринариялық анықтаманың және (немесе) өндіріс объектісіне (жануарлар мен құстарды өсіру) есептік нөмір берілгені туралы растаудың және (немесе) ауыл шаруашылығы малдарынан алынған, экпортқа рұқсаттың (болған жағдайда) және (немесе) ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі ұсынылады;

      7) жас, тоңазытылған, мұздатылған балыққа, теңіз жануарларының, су организмдерінің, оның ішінде ұлулардың, шаян тәрізділердің, басқа да су омыртқасыздарының етіне балық аулаудың шығу тегі туралы анықтаманың немесе экспортқа рұқсаттың немесе ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмелері ұсынылады. Егер Тізбенің осы тармақшасында көрсетілген тауарды аулау/қайта өңдеу жүргізілетін кемені Қазақстан Республикасының резиденті жалға алса (жал ға алса), онда осындай фактіні растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылады;

      8) жабайы жануарлар мен құстардан алынған бүтіндей, жартылай, төрттен бір бөліктегі, бөліктегі етке, сондай-ақ жабайы жануарлар мен құстардың сойылған субөнімдеріне, қақталмаған және ерітілген майларға ветеринариялық сертификаттың көшірмесі немесе экспортқа рұқсаттың көшірмесі ұсынылады;

      9) ара балына; тауарлық құс жұмыртқасына; тері және мамық жүнді шикізатқа, эндокринді шикізатқа; ішек шикізатына; тағамдық емес субөнімдерне; өңделмеген мүйіз тұяқты шикізатқа, оның ішінде сүйектерге; шашқа (қыл, жүн, мамық, қауырсын, қыл-қыбыр, түлеген терілер), тері шикізатының шеліне және кесінділеріне, өт, балауыз, ара желімі, мерва, аналық сүт, ара уы, жылан уы, аңшылық олжа, қиға (құстың қиы) ветеринариялық сертификаттың/анықтаманың көшірмесі немесе экспортқа рұқсаттың көшірмесі ұсынылады;

      10) бұрын пайдалануда болған және Қазақстан Республикасының аумағында жиналған түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына лицензияның (рұқсаттың) немесе түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметтің басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі және түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтары пайда болғаны және орны туралы анықтама ұсынылады;

      11) қайта өңдеу жөніндегі өндірістік немесе өзге де операциялар нәтижесінде алынған қалдықтарға (қайталама шикізатқа), оның ішінде түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарына қалдықтарды/сынықтарды есептен шығару (пайда болу) актісінің (анықтамасының) көшірмесі және (немесе) негізгі құралдарды істен шығаруға (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі және (немесе) негізгі құралдарды бөлшектеу және демонтаждау кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі ұсынылады (осы құжаттарды түсті және қара металдардың қалдықтары мен сынықтарын өңдеуге байланысты қызмет түрін жүзеге асырмайтын өтініш беруші ғана береді);

      12) суға су объектілерін пайдаланудың заңдылығын растайтын құжаттардың көшірмелері немесе сумен жабдықтау және (немесе) суды тартуға шарттың көшірмесі ұсынылады;

      13) осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға өндіруге арналған лицензияның және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың және (немесе) сенімгерлік басқару шартының көшірмесі (жылына 1 рет беріледі), технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      14) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға жүкқұжаттың немесе астық қолхатының көшірмелері немесе астық қолхаты бойынша үзінді немесе өтініш берушіге тауарға меншік құқығының өтуін растайтын өзге де құжат, өнімді жинау орны туралы анықтама, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      15) осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға осындай өсімдіктерді және олардың бөліктерін кесу, жинау немесе дайындау заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      16) осы тармақтың 5), 6), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға ветеринариялық анықтаманың көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі, тауар өндірушіге өндіріс объектісіне есептік нөмір берілгені туралы растау ұсынылады;

      17) осы тармақтың 7) тармақшасында көрсетілген шикізаттар мен материалдардан ғана өндірілген тауарларға ветеринариялық анықтаманың немесе аулаудың шығу тегі туралы анықтаманың көшірмелері, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі және өндіріс объектісіне тауарды өндірушіге есептік нөмір беру туралы растау беріледі;

      18) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарынан ғана өндірілген тауарларға қалдықтарды/сынықтарды есептен шығару (пайда болу) актісінің (анықтамасының) көшірмесі және (немесе) негізгі құралдардың істен шығуына (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі және (немесе) негізгі құралдарды бөлшектеу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      19) түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарынан басқа қалдықтардан (қайталама шикізаттан) ғана өндірілген тауарларға қалдықтардың пайда болуы туралы анықтаманың көшірмесі және (немесе) негізгі құралдардың істен шығуына (есептен шығаруға) арналған актінің көшірмесі және (немесе) негізгі құралдарды бөлшектеу және бөлшектеу кезінде алынған қорларды кіріске алу туралы актінің көшірмесі, технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      20) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шикізат пен материалдардан ғана өндірілген тауарларға; 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      21) тек қана атмосфералық ауадан өндірілген тауарларға технологиялық процестің қысқаша сипаттамасының көшірмесі ұсынылады;

      22) электр, жылу және өзге де энергия түрлеріне өтініш берушіге тауарға меншік құқығының ауысқанын растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың көшірмесі ұсынылады.

      4. Егер тауар Қазақстан Республикасында тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын ескере отырып өндірілген жағдайда, тауарды жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын айқындау үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) егер өтініш беруші мәлімделген тауарды өндіруші болып табылмаса, онда тауарға меншік құқығының өндірушіден өтініш берушіге өтуін растайтын құжаттардың көшірмелері (шарт және (немесе) шот-фактура және (немесе) жүкқұжат және (немесе) тауар өндірушіден өтініш берушіге меншік құқығының өтуін растайтын өзге де құжат) ұсынылады);

      2) тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен материалдарға меншік құқығының өтуін растайтын шарттың және (немесе) шот-фактураның және (немесе) өзге де құжаттың көшірмесі;

      3) тауарды өндірудің технологиялық процесін қысқаша сипаттаудың көшірмесі;

      4) шетелде шығарылған шикiзат пен құрауыштар құнын анықтай отырып, франко-зауыт бағасы бойынша тауар құнының шығын калькуляциясы.

      5. Қазақстан Республикасынан тауарды кері экспорттау кезінде:

      1) тауарды сатып алуға арналған құжаттардың көшірмелері (шарт және (немесе) шот-фактура немесе тауардың өтініш берушіге меншік құқығының өтуін растайтын өзге құжат);

      2) Қазақстан Республикасының аумағына тауарды әкелу фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (тауарларға арналған декларация (егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген болса, онда тауарларға арналған декларация ұсынылмайды), тауарды тасымалдау туралы құжаттар (егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан автомобиль көлігімен тасымалданатын болса, онда қосымша мемлекеттік бақылаудан өту талоны ұсынылады);

      3) тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері (тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесі немесе қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың және (немесе) әкету елі (одағы) біржақты тәртіппен белгілеген шығарылған елді айқындау ережесінің (шығарылған елді айқындау өлшемшарттарының) талаптарына сәйкес берілген тауардың шығу тегі туралы декларацияның көшірмесі).

      6. Егер тауардың шығу тегі туралы сертификат Қазақстан Республикасының аумағынан тауарды әкету кезінде берілмесе, онда өтініш беруші қосымша тауарды әкету фактісін растайтын құжаттарды ұсынады:

      1) тауарға кедендік декларацияның көшірмесі;

      2) егер тауар Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің елдеріне экспортталса, онда көлік құжаттарының көшірмелері ұсынылады.

      7. Тауарды қосымша сәйкестендіруді жүргізу немесе жеткілікті қайта өңдеу өлшемшарттарын айқындау қажет болған жағдайда, өтініш беруші:

      1) Егер қолданыстағы (ратификацияланған) халықаралық келісімдердің/шарттардың талаптарында көзделсе, шикізаттың, материалдардың, тауардың шығу тегін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) оларға сәйкес тауар өндірілген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      3) егер тауарларды зертханалық зерттеулер мен зерттеулерсіз сәйкестендіру мүмкін болмаса, аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтары) берген шикізат, материалдар және (немесе) тауарлар бойынша сынақ хаттамаларының көшірмелері.


      Ескертпе:

      Шарттың қолданылу мерзімі бір күнтізбелік жылдан және одан көп созылатын ұзақ мерзімді шарттар (келісімшарттар, келісімдер) және Өтініш берушінің мәртебесін, сондай-ақ тауардың сериялық өндірісін, тауарды дайындау құқығын растайтын құжаттар оларға қандай да бір өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне қарай кейіннен жаңартылып, бір рет ұсынылады.

      Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады